Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Түлкі мен Тиін" Ә. Асылбеков
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мысал туралы түсінік беру. Мысалдағы негізгі оқиға, идеяны ұғындыру. Сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету.
2. Сөздік қорын байыту, оқу машықтарын дамыта түсу, ой - өрісін кеңейту, мысалдардан қорытынды жасай білуге жетелеу.
3. Жамандық пен жақсылықты ажырата білуге, қулық пен арамдықтан бойларын аулақ ұстауға, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: түлкі мен тиін суреті, слайд Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы
Ι. Ұйымдастыру
ΙΙ Үй тапсырмасын тексеру.
Сүт қалай ұйықтайды? Ертегісі
а) Ертегіні оқу
ә) Сұрақ - жауап - Ертегі не туралы? - Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады? - Сүттің аянышты халін кім байқады? - Сары су деген не? - Көп ұйқының зияны туралы өзіңнің ойың? - Өлең неліктен ертегіге жатады?
б) мақал - мәтелдер ( жалқаулық, еріншектік туралы)
в) Тыйым сөздер Кісіге қарап есінеме, Есіней қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқала.
г) Сүттен жасалатын тағамдарды атау.

ΙΙΙ Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту. - Ертегіден жалқау болмауға, көп ұйықтағанның зиян екенін білдік. - Ауыз әдебиетінің тағы бір түрімен танысамыз. Ол - мысал. - Суретке қарайық. - Суреттен нені көріп тұрмыз? - Түлкі мен тиін туралы не білесің?
2."Күн шұғыласы" ойыны
Айлакер, еңбекқор

- Бүгін Ә. Асылбековтың "Түлкі мен Тиін"атты мысалымен танысамыз.
- Ә. Асылбеков (1. 5 1938 ж. т., Жамбыл обл. Талас ауданына қарасты Үшарал а.)- ақын. Абай атындағы Алматы мемлекеттік педогогикалық университетінің тарих - филология факультетін бітірген. Мектепте мұғалім, облыстық газетте, республикалық қазақ радиосында әдеби қызметкер, ҚР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, "Жазушы" және "Жалын" баспаларында редактор жұмысын атқарады. Сондай - ақ Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, Республикалық "Әділет", "Мәдениет","Заң" газеттерінде қызмет атқарған. Қазір "Көзқарас" және "Заңгер" журналында жауапты қызметкер. 1955 ж. республикалық газет - журналда "Бейбітшілік бақшасы", "Жауды аяған жаралы" атты өлеңдері жарияланды. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 ж. жарық көрді. 4. Өлеңді мәнерлеп оқу. - Өлеңде кездескен қиын сөздердің мағынасын түсіндіру.

5. Сөздік жұмыс.
Қиыр - алыс Маң - өте жақын жер Жайрады - сұлап жатты, өліп жатты.
6. Оқулықпен жұмыс. - Өлеңді мәнерлеп оқу. - Тізбектей оқу. - рөлге бөліп оқу.

7. Венн диаграммасы
8. "Түлкі мен тиін" көрінісін көрсету.

ΙV. Қорыту.
- Бұл мәтінді өлеңнің қай түріне жатқызар едің? - Бір айласы тиіннің Болып шықты пайдалы деген жолдарын қалай түсінесің?
V. Үйге тапсырма. "Түлкі мен тиін" мысалын мәнерлеп оқу.
VΙ. Бағалау. Сабаққа үлгілі қатысып, жаппай әрекеттенгендері үшін балаларды бағалап, ауызша мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама