Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Ол ақын болар ма еді? Коммунар Табей
Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді? Коммунар Табей
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Тәуелсіздік жолында мерт болған желтоқсанға қатысушы Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстыру, түсініп оқып, жүйелеп айтуға үйрету;
Дамытушылық: есте сақтау, жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап айта білуге дағдыландыру;
Тәрбиелігі: елін, Отанын сүюге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, бейнефильм

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сабаққа дайындық.
ә) «Алақан» жаттығуы. Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Кубизм» стратегиясы
Рейхстаг деген не?
Рақымжан командирінен қандай тапсырма алды?
Ту тігу үшін командир Рақымжанды неге таңдады деп ойлайсың?
Командирдің тапсырмасы қалай орындалды?
Қашан ту тігілді? 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945
Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі саған қалай әсер етті?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
- Балалар, қазіргі жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыста болатын мерекелерді атаңдаршы?
- 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл.
- Осы 16 желтоқсан күні жылда «Тәуелсіздік», «Желтоқсан ызғары» деген ұғымдарды естиміз.
- Қане, сол туралы бейнебаян көрейік.
- Ал енді білетінімізді есте түсірейікші, сендер айтып тұрыңдар тақтаға топтастырамыз.
- Дұрыс, балалар, сендер Желтоқсан оқиғасы туралы ұмытпапсыңдар. Біз бұдан былай жоғарғы сыныптарда осы Желтоқсан оқиғасы туралы толық білетін боламыз. Ал, бүгінгі жаңа сабағымызда Коммунар Табейдің «Ол ақын болар ма еді?» шығармасынан сол Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы толығырақ танысамыз.

ІҮ. Жаңа сабақ:
Коммунар Табей 1956 жылы 5 мамырда Семей облысы Аягөз ауданы, Шолпан Кеңшарында дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірген. Шығармашылық жолын «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» газеттерінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды. «Мұзда жанған алау», «Қайсар рухты қазақ», «Қазақтың желтоқсаны» атты кітаптар жазды.
1) Мәтінді дауыс.
2) Суреттермен жұмыс.
3) Оқулықпен жұмыс (2 - 3 балаға оқыту)
4) Дәптермен жұмыс
5) Сөздік жұмыс.
Пешене – жазмыш, тағдыр
Мәтінде кім туралы әңгімелейді?
Ел басынан қандай кезең өтті?
Бұл қашан болған?
І жұп
Мәнерлеп оқыту
Неге автор Қайратты тірі қалса ақын болар ма еді деп ойлайды?
Оның шығарған өлеңін, айтқан өсиетін тауып оқы.
ІІ жұп
Мазмұнын айтқызу
ІІІ жұп
Салыстыру

Ү. Жаңа сабақты пысықтау:
Қайраттың әке - шешесінің есімдерін ата.(әкесі – Ноғайбай, шешесі – Дәметкен)
ҮІ. Үйге тапсырма:
мазмұнын айту,
«Ер есімі – ел есінде» деген тақырыпқа әңгіме жазып кел.
ҮІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама