Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Зат есімнің тәуелденуі
Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Мақсаты:
Білімділігі: Тәуелді жалғау мағынасын байқату, яғни заттың, қандай да бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындай отырып, ойлауын, дербес жұмыс істеуін алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білім
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, деңгейлік тапсырмалары, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: үлестірмелер, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен міндеті.
Мақсатымыз – білім алу.
Міндетіміз – еңбек ету.
Еңбектену арқылы.
«5» - ке қолды жеткізу

ІІІ. Ойын «Кім шапшаң?»
Жұлдызқұрт туралы не білеміз?
Оқушылардың жұлдызқұрт ойларын тыңдау
І топ ІІ топ

Әр жұлдыз құрттың ішінде математикалық есептер жазылады. Оқушылар есепті шығарып сабақтың тақырыбын шығарады.
60: 6*5*7+50: 80*20: 5*5*5 = 500 Зат есімнің
70: 7*2+90+210: 4*7: 10*7+51 = 100 тәуелденуі
Яғни біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

ІҮ. Мақсатын айту
Ү. Жаңа сабақ
1) «Ой қозғау» стратегиясы
І топ
- Түбір дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
ІІ топ
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не?

- Сөздерге жалғанған қосымшалардың қандай мағынаны білдіріп тұрғанын байқа.
2) 38 – жаттығудан байқайық (ауызша)
- Сөздерге жалғанған қосымшаның түрі жалғау.
- Зат есімге жалғанған жалғау заттың біреуге тән екенін білдіріп тұр.
3) Тақтамен жұмыс
39 – жаттығу. Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді айды, көркем жазуды жазамыз. (Тақтамен жұмыс)
Сөздерін үлгіге байланысты тәуелдейді
Ана, қол, қозы, етік
- Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, астын сыз.
- Бұлар жұрнақ па, жалғау ма?
- Бұл қосымшалар қандай мағынаны білдіріп тұр?
(оқушыларды тыңдау, ереже шығарады, оқулықтағы ережені оқиды.)
Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулары деп атайды. Мысалы: Әке - м, әже - ң, ата - сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады: көрші – м, көрші – ң, көрші – ңіз, көрші – сі т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама