Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану (слайд)
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектердің қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана білу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың міндеті:
а) Ондық бөлшектер тарауын пысықтау, шыңдау, қорытындылау
ә) Логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен, жұптасып жұмыстана білу дағдысын, топтасып есептер шығару, шығармашылық қабілетін, тез, дәл, ауызша есептеу дағдыларын дамыту.
в) Шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, ойын, тест, деңгейлік, жеке оқушымен жұмыс
Сабақ өткізу формалары: жеке, жұптық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Кесте, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары, суреттер, бағалау парағы.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аударып, сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен таныстыру
1 слайд. Жұмбақ жасыру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табамыз.
Жұмбақ: Бүтін менен бөлшекті,
Үтірменен айырған.
Әп - әдемі жазылар,
Айтыңдаршы,
қандай сан?
(Ондық бөлшек)

2 слайд. Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда ондық бөлшектерге амалдар қолдану тарауын қайталап, пысықтаймыз.
Балалар сендердің мақсаттарың ондық бөлшектер бойынша алған білімдеріңді бүгінгі сабақта пайдалану. Алған білімдерің «Бағалау парағы» бойынша бағаланады.
3 слайд. Бүгінгі сабағымызда адамның бойындағы болуға тиісті жақсы қасиеттер «Адамгершілік әлеміне» саяхат жасамақшымыз.
4 слайд.«Табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде.»
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев

Сонымен бірге мұнда біз әр аялдамада келе жатқан «Наурыз» мерекесінің кейіпкерлерінің тапсырмасын орындап, ондық бөлшектерге амалдар қолдану туралы алған білімімізді саралап, қорытындылаймыз.

Қайталау - оқу анасы.
1 - аялдама: “Сәлемдесу”
Сәлемдесу - достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді дана қазақ. Ендеше, әлемді түзегіңіз келсе, асыл сөздің атасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын!
1. Тапсырма
а). Бір үлестің немесе бірнеше үлестердің қосындысы бөлшектер деп аталады.
ә). Жай бөлшектер және ондық бөлшектер.
б). Жай бөлшектер “бөлшек сызығы” арқылы, ал ондық бөлшектер “үтір” арқылы жазылады.
в). “Бөлшек” деген сөзді ең алғаш математикаға 13 ғ. италияндық Леонардо Пизанский енгізді. Ондық бөлшекті ең алғаш пайдаланған ортаазиялық ғалым ретінде Әл - Каши тарихқа енді.
2. Тапсырма:
Мына бөлшектерді оқы:
----------------
3. Тапсырма:

Мына сандарды салыстыр:
3, 8 □ 3, 08
6, 2797 □ 6, 29
5, 404 □ 5, 40400
2 - аялдама: ”Имандылық”

Имандылық – иманды бала дөрекілікке бармайды, ата - анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық
бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
Амалды орында:
а) 17, 5 + 0, 063=
ә) 27 – 1, 6 =
б) 1, 10/7 х 4, 6=
в) 77, 66: 0, 11=
Амалды орында:(дұрыс жауап)
а) 17, 5 +0, 063=17, 563
ә) 27 – 1, 6 =25, 4
б) 1, 10/7 х 4, 6= 7, 82
в) 77, 66: 0, 11= 706
Бұл туралы не білеміз?
34, 12 х 10 =
174, 7 х 0, 1 =
241, 7: 100 =
5, 21: 0, 01=
3 - аялдама: ”Сабырлылық”
Сабырлылық – сабырлылық адамның өз мінез - құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Жұптық жұмыс 2 нұсқада
Амалды орындаңдар: 1 нұсқа
1) 5, 8 + 22, 1=
2) 6, 25 - 5, 6 =
3) 1, 1 х 0, 4 =
4) 9, 18: 3 =
5) 28 × 10=28 (логикалық тапсырма «қатесін тап»)
Амалды орындаңдар: 2 нұсқа
1) 24, 12 + 21, 13=
2) 3, 25 - 2, 5 =
3) 0, 5 х 2, 4 =
4) 14, 8: 4 =
5) 34+26=6 (логикалық тапсырма «қатесін тап»)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама