Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оңтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі.
География, экология пәнінің мұғалімі Сабиров Ербол Амангелдіұлы


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оңтүстік Американың географиялық орнына, зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, оның жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
Тәрбиелік. Оқушыларды географиялық ашылуларға қызығушылық туғызу, әлемді танып білуге баулу, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық. Оқыту барысында әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығуын арттыру, картамен жұмыс жасауды жетілдіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, « Кім көп біледі?» ойыны, баяндау, сәйкестендіру тесті, Венн диаграммасы, картамен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, экология, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: дүниежүзінің және Оңтүстік Американың физикалық карталары, оқулық, интерактивті тақта, атлас, кескін карта, үлестірмелі қағаздар, суреттер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеп, бағалау парағын беру.
Үй тапсырмасы: Әр топ ішінде жеке оқушыларға үлестірмелі қағаздар тарату.
I. « Қызығушылықты ояту» кезеңі. Мұғалім оқушыларға Солтүстік Америка аясында сұрақтар береді.
Топ жетекшілеріне бағалау парағы беріледі. Олар жұлдызша салып, белгілеп отырады. Әрбір сұрақ бір жұлдызшамен бағаланады. « Кім көп біледі?» ойыны.
Сұрақтар:
1. Солтүстік Америка материгі қандай ежелгі материктің қалдығы?
2. Солтүстік Американың жерінің ауданы? 3. Материктің оңтүстігіндегі шеткі нүктесі?
4. Материк жағалауына алғаш келген саяхатшы кім?
5. Материктің ең биік тау шыңы?
6. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американы бөліп тұрған канал?
7.,, Миссисипи,, өзенінің атауы үндістер тілінде не дегенді білдіреді?
8. Артикалық шөл зонасында тіршілік ететін Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енгізілген жануар?
9. Материктің орталық бөліктерінде болатын құйын тәрізді дауыл?
10. Солтүстік Американың Ұлы көлдерін атаңдар?

II. « Ғажайып Оңтүстік Америка» кезеңі.
Таныстыру.

Мен өзім болдым біраз жұмбақ мекен
Жағама алғаш жүзіп Колумб келген,
Үндістанды таптым деп қателесіп,
Халқымды үндістер деп атап кеткен.

Ең ұзын тау тізбегі жер бетінде
Әдемі, көркем сұлу Анд менде,
Үстірттер, ойпаттар бар, жазықтар бар
Ылғалдың мол мөлшері тағы менде...

Жаңа сабақтың жоспары.
1. Оңтүстік Американың географиялық орны.
2. Жағалаудағы мұхиттар мен теңіздер.
3. Ашылу және зерттелу тарихы.
1. Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен Америка деген дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп атайды. Ең енді жері 50о. с. бойына сәйкес келеді. Жағалаулары көпшілік бөлігінде тік жартасты, онша тілімденбеген болып келеді. Материк жағалауларына жақын маңда аралдар аз, тек оңтүстік – батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі. Аралдардың ең ірісі – Магеллан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан Отты Жер аралы. (Оңтүстік Американың физикалық картасы)

2. Материктің батысын Тынық мұхиты, ал шығыс жағалауларын Атлант мұхитының сулары шайып жатыр. Оңтүстік Америка жағалауларында материктік қараң өте енсіз, әсіресе, Тынық мұхит жағалауында бірден терең шұңғымалар басталады. Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып жатыр.
3. Оңтүстік Американы зерттеген саяхатшылар туралы әңгіме. ( 2 - қосымша)

III. «Ой - толғаныс» кезеңі.
1.« Сәйкестендіру тесті»
Ашылу және зерттелу тарихы бойынша:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама