Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Білімді өрен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Жалаңтөс батыр ауылы, № 103 Қ. Пірімов атындағы
орта мектептің бағдарламашысы

Білімді өрен (сайыс)
Мақсаты: ойын арқылы ХХІ ғасырда білім алып жатқан оқушылардың білім дәрежесін анықтау. Олардың ой - өрісін дамыту.
Ойынға қатысушыларды сахнаға шақырамыз.
Ойынымыздың шарттары:
1. Бәйге;
2. Тіл өнер;
3. Ғажайып жетеу;
4. Жорға.
Сайысымыздың бірінші шарты бойынша: «Бәйге». Бұл турда сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 балдан қосылады. Сұрақ барлық пәндерді қамтиды. Сонымен ойынымызды бастаймыз.
Сұрақтар оқылады. Бәйге.
1. Синонимді тап? (Келбет, ажар, дидар)

1. «Әдебиет» сөз өнері, адам санасының үш негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге» - деген сөз кімнің сөзі? (А. Байтұрсынов)
2. Қазақстанда неше ұлыс пен өкілдері тұрады? (140)
3. Ертегілердің неше түрі бар? (4, шыншыл, қиял - ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс - салт)
4. Түрік қағанатының шаруашылығы? (көшпелі және жартылай мал шаруашылығы)
5. Дүниедегі ең терең көл? (Байкал)
6. 6. Тіктөртбұрыш дегеніміз не? (Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш)
7. 7. Ағылшын тілінде қандай дыбыстар тобы 4 жағдайда айтылады? (Дауысты)
8. 8. Түйе малының бір төлінің аты басқа екі малдың төлінің атынан құралған. Ол қандай төл? (Тайлақ)
9. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)
10. Ертеде Мадан хан өзінің 40 уәзіріне «дүниедегі адамның, құстың, шөптің жаманнын» тапсырды. Бұл қай ертегіден алынған? (Аяз би)
11. 11. «Қызғыш құс» өлеңінің авторы? (М. Өтемісұлы)
12. Жер шарында неше планета бар? (9)
13. Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім? (Жинақтау сан есім)
14. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданады? (1991 жылы)
15. Ислам дінінің қасиетті кітабы? (Құран),
16. Қашқарияға жорық жасаған саяхатшы ғалым кім? (Ш. Уәлиханов)
17. Халық суретшісі? (Әбілхан Қастеев)
18. Шетелде халық әнін орындап күміс жүлде алған әнші? (Әміре Қашаубаев)
19. Бүкіл шығыс әйелдері ішінен Кеңес Одағының батыр атағын алған кімдер? (Әлия мен Мәншүк)
Оқушылардың қорытынды балы айтылады.
Екінші турымыз «Тіл өнер» осы турда оқушыларға сұрақ қойылып, дұрыс жауапты үш тілде яғни, қазақ. орыс, ағылшын тіліндегі аудармаларын айтады. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан қосылады.

Тіл өнер.
Тапсырмалары:
Көк жиектi көмкерiп,
Шатыр жайдым кең көрiп. (аспан – небо - sky )
Жұбымыз бiр жазылмайды кiл теңбiз.
Күнi - түнi арамызда үлкен “ қыз ” (әже – бабушка - grandmother )

3. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiн қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады? (сүт – молоко - milk )

4. Сирағы ұзын, мүйiзi қысқа,
Бұл өзi аң ба, құс па? (керiк – жираф - giraffe )

5. Ақыл сөз – атқан оқтай жай кетпейдi,
Жаманға оқ өтсе де, ------------ өтпейдi. (сөз – слово – word )

6. Артық ғылым ----------
Ерiнбей оқып көруге. (кiтапта – книга – book )

7. ------- болам десең, бесiгiңдi түзе. (ел – народ – people )

8. ----- бәрiнен де қымбат, өйткенi ----- - мектептiң жүрегi. (мұғалiм – учитель – teacher )

9. Ақылы қысқаның - ---------- ұзын. (тiлi – язык – language )

10. Әдемi түнде мен жүрсем, жүредi бiрге не? (ай – луна - moon )

11. Сабыр – түбi сары -------. (алтын – золото - gold )

12. Әке – асқар ---------. (тау – гора - mountain )

13. Ерiншектiң --------- таусылмайды. (ертеңi – завтра – tomorrow )

14. Суда қалқиды, отқа балқиды. (мұз – лёд – ice )

30 балл)
1. География
Машина жасаудан дүние жүзiнде бiрiншi орынға ие ел?
Жауаптары: а) Италия
Б) Жапония
В) Корея
2. Қазақ тiлi
Сөйлем мүшесi бола алмайтын сөз табы?
Жауаптары: а) шылау
Б) үстеу
В) елiктеу
3. Математика
Математика – ұлы ғылым, адамның ең асыл қасиеттерiнiң тамаша жемiсi. Кiмнiң сөзi?
Жауаптары: а) Писарев
Б) Платон
В) Юнг
(40 балл)
1. Қазақ әдебиетi
“Қызыл жебе” романының авторы?
Жауаптары: а) Мұхтар Әуезов
Б) Шерхан Мұртаза
В) Мұхтар Шаханов
1.
2. Тарих
Шағатай әулетi мемлекетiнiң құрылуы?
Жауаптары: а) 1269 жылы
Б) 1267 жылы
В) 1369 жылы
1.
2. Математика
50 сынын жартыға бөлгенде қанша шығады?
Жауаптары: а) 25
Б) 50
В) 100

(50 балл)
1. Химия
Су отты неге сөндiредi?
Жауаптары: а) су құйғанда от сөнбейдi
Б) су құйғанда оттың жануына кедергi жоқ
В) су құйған кезде отқа ауа жетпей қалады

2. Физика
Ксероксты 1938 жылы американ өнер тапқышы ойлап тапқан. Оның аты - жөнi?
Жауаптары: а) Карлсон
Б) Папов
В) Писарев

3. Қазақстан тарихы
Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте үш жүздiң бас қолбасшысы болып сайланған хан кiм, қай жылы?
Жауаптары: а) Абылай хан 1723 жылы
Б) Әбiлхайыр хан 1732 жылы
В) Әбiлхайыр хан 1723 жылы
(Б нұсқасы)
Сұрақтары:
1. Қазақстандағы халық саны? (17 млн)
2. Алтын адам қай жерден табылған. (Есiк)
3. Қазақ тiлiнде неше сөз табы бар? ( 9)
4. “ Ғылым таппай мақтанба ” атты өлеңiн жазған ақын? (Абай)
5. М. Өтемiсұлының неше жылдығы тойланды? (200)
6. 5*5 неше? ( 25 )
7. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедханафия)
8. Қазақ халқының дiнi? (Ислам )
9. “Отырар сазы ”поэмасының авторы? (М. Шаханов)
10. Тең қабырғалы төртбұрыш? (шаршы)
11. а, о, ы, - қандай дыбыстар? (дауысты)
12. Ағылшын тiлiнде қанша әрiп бар? (26)
13. Қазақстанның астанасы? (Астана)
14. Iрiмшiк қай малдың өнiмi? (сиыр)
15. Қазақ халқының негiзiн қалағандар? (Керей, Жәнiбек)
16. Хазiрет ауылы қай облысқа кiредi? ( Ақтөбе )
17. 2, 4, 8, - қандай сандар? ( жұп)
18. Қазақстан Республикасының президентi? ( Н. Ә. Назарбаев)
19. Тас дәуiрi неше кезеңге бөлiнедi? (3)
20. Абайдың шын аты? (Ибрагим)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама