Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Келер шақ
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«№7жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Умарова Светлана Азатовна

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға келер шақ туралы түсінік беру, келер шақ етістіктері іс әрекеттің алдағы уақытта болатынын ұғындыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту, қосымша, шығармашылық тапсырмаларды орындай алуын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа, сауатты, көркем жаза білуге, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, талдау, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Слайд, семантикалық карта, сызба, үлестірмелі қағаздар, қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сабаққа түгендеу, топқа бөліну.
Сыныпты айдың аттарымен үш топқа бөлу. Үлестірме қағазды бір - бірлеп алады.
І топ « Қаңтар» ІІ топ « Ақпан» ІІІ топ «Наурыз»
Әр топ өздерінің ұрандарын айтады.
Қаңтар: Ақ қолғаппен құшақтап,
Сақылдайды қыс аппақ.
Өзен, теңіз, тау - төбе,
Киген аппақ сәукеле.
Ақпан: Биылғы қыс жайлы қыс болатындай
Шаңғыларын жүгірткен бала тынбай.
Анау жатқан көрінген қарлы шыңдар,
Ағарады аққудың қанатындай.
Наурыз: Көктем күйін бастады,
Өз өнерін асыра.
Қысты қуып тастады,
Асқар таудың басына.

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру: 48 - жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрастыру. Әр топтан бір - бір оқушы оқып, мына семантикалық карта арқылы үй тапсырмасын бекітемін. Үлгі:
Осы шақ
Мысалы: айтып отыр
Өткен шақ
Мысалы: айтты
Келер шақ
Мысалы: айтады

Жаңа сабақ: Келер шақ
Қызығушылықты ояту: « Жаңа сөз ойла» деген ойынмен бастаймыз.
Мысалы: біледі, айтады, оқиды, билейді, жинайды, аңсады.
Оқушылар күннің жадын жазып 49 - жаттығуды ауызша орындаймыз. Отан өлеңін мәнерлеп оқып, етістікті табу, олар қашан болатын істі білдіріп тұрғанын айту.
3 - топты жарыс түрінде етістікті табу, сұрақтар қою және бір - біріне сұрақ қою арқылы жаттығуды аяқтаймыз.
50 - жаттығу: 3 - топ «Ойлан, тап» ойыны деп, берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жазу.

Сергіту сәті: Слайдта «Көңілді сәт»музыкалық қозғалыс.

50 - жаттығуды орындап болған соң ережені еске түсіру.
Келер шақ етістіктер іс - әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.
Келер шақ етістіктер не істеймін? Не істейсің? Не істейді? Деген сұрақтарға жауап береді.

Тақтамен жұмыс. 51 - жаттығу. Әр топтан бір оқушы шығып жазады. Етістікті табады, қай шақта тұрғанын айтады, сұрағын қояды.

Топтық жұмыс: 52 - жаттығу. Бос торкөздерге сәйкес келетін етістіктерді тауып жазу. Бағаланады.

Сәйкестендіру тесті: 53 - жаттығу.

Сабақты қорыту: Әр топтың күлегештерін есептеп, сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға алғыс, күлегештер беру.

Семантикалық картамен сабақты аяқтау.
Үйге тапсырма: 54 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама