Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Оптикалық - талшықтық коммуникациялық тораптар. Ұялы технология. Интернет
Сабақ тақырыбы: § 3. 12. Оптикалық - талшықтық коммуникациялық тораптар. Ұялы технология. Интернет.

Физика 11 сынып

Сабақтағы түйінді идеялар: *Түрлі ақпарат көздеріндегі деректерді, идеяларды жинақтау.
*Оптикалық талшық құрылысымен таныстыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Оптикалық – талшықтық байланыс желісінің негізгі элементтерімен танысады.
2. Оптикалық – талшықтық байланыс желісінің қолданылуы туралы мағлұмат алады.
Модульдің кіріктірілуі: (оқыту технологиялары) СТО; ОүБ; ОБ; АКТ
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Миға шабуыл», «Мағынаны ашу»; «Ашық және жабық сұрақтар», жұптық және топтық жұмыс
Құндылықтарды дамыту: Өзгенің пікірін тыңдай білуге, жауапкершілікке баулу, теориядан алған білімін практикада ұштастыра білу.
Сабақтың түрі мен типі: Жаңа білімді оқып үйрену. Аралас сабақ.
Негізгі дереккөздер: 11 сынып оқулығы; ЭО; есептер жинағы; bilimland. kz сайты

Сабақтың кезеңдері мен уақыты: 1. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
Мұғалімнің іс – әрекеті: Сәлемдесу. Түгендеу. Жағымды ахуал туғызу
Оқушының іс – әрекеті: Мұғаліммен амандасады. Сабаққа қатысты құралдарын дайындайды. Ресурстар: Оқулық; дәптер; қалам; қарындаш.
2. «Миға шабуыл» Үй тапсырмасын тексеру. Жұптық жұмыс 10 мин
Әрбір жұп үйге тақырыпта бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары.
Жұптық жұмыс – 1
1. ҚР – сында тұңғыш радиостанция 1913 жылы қай қалада салынған?
2. Аналогтік сигналдың үздіксіз мәнді және уақыт функцияларының параметрлері қандай физикалық шамалармен сипатталатын деректер сигналы болып табылады.
Жұптық жұмыс – 2
1. 4G технологиясының артықшылығы неде?
2. Республикамыздағы мобильді байланыс жүйесінің дамуы 1994 жылы пайда болған бірінші ұлттық қандай байланыс операторынан басталады?
Жұптық жұмыс – 3
1. Қазіргі таңда байланыс арналары хабарларды бірнеше сигнал түрлерімен таратады, соның ішінде кең тарағаны қандай сигнал түрлері?
2. Цифрлық сигнал қандай сигнал?
Жұптық жұмыс – 4
1. Цифрлық сигналда байланыс арнасын тығыздау мен топтау қандай физикалық шамамен орындалады?
2. Бит және Байт қандай өлшем бірліктер?
3. Топқа бөлу.

4. «Мағынаны ашу» 10 мин
Негізгі ұғымдар:
1. Оптикалық талшық құрылысы және жұмысы.
2. Талшықтық – оптикалық байланыс.
3. Талшықтық – оптикалық байланыс желісінің негізгі элементтері.
4. Оптикалық талшықтың ерекшеліктері.
5. Талшықтың түрлері.
6. Қолданылуы.
Теориялық түсінік.
Оптикалық талшық (жарықжетек) концентрлі екі қабаттан тұрады. Олар өзекше мен оптикалық қабық.
Өзекше жарықты тасымалдауға арналған. Оптикалық қабық өзекшені қоршап тұрады. Ол өзекшеде жарықтың толық шағылуын қамтамасыз етеді. Оптикалық қабықтың сыртында қосымша қорғағыш қабықша болады. Ол бір немесе бірнеше қабаттан тұратын полимерден жасалынады және талшықты сыртқы зиянды әрекеттерден қорғайды.
Талшықтық – оптикалық байланыс – ақпаратты таратуды электромагниттік электромагниттік толқындарды оптикалық диапазондағы диэлектрлік толқын таратқыш арқылы іске асыратын байланыс түрі. 1960 жылы лазер пайда болғаннан бастап байланыс жүйесіне оптикалық диапазондағы ЭМТ – ды пайдалану мүмкіндігі ашылды. Оптикалық талшық телефон хабарларын немесе компьютер деректерін тасымалдайтын мыс өткізгіштердің рөлін атқарады.
Оптикалық – талшықтық байланыс желісінің негізгі элементтері:
- Лазерлік фотодиод – электр сигналын жарық толқынына түрлендіру көзі.
- Жарық сигналын қабылдайтын және оны қайтадан электрлік сигналға түрлендіретін детектор.
- Жалғағыштар талшықты түрлендіру көзіне, детекторге және талшықтарды өзара қосуға арналған.
Сигналды таратуда талшықтың екі түрі қолданылады: бірмодалық және көпмодалық.
Бірмодалық талшықтағы жарықжетек жібінің диаметрі 8 – 10 мкм шамасында, яғни жарық толқынының ұзындығындай. Сондықтан осындай талшық жібінде бір ғана сәуле (мода) болады.
Көпмодалық талшықта жарықжетек жібінің өлшемі 50 – 60 мкм болғандықтан, көп сәулелерді (көп мода) тарату мүмкін болады.

Оқушының іс – әрекеті: Оқушылар негізгі жаңа терминдерді дәптерлеріне жазып отырады.

5. Жинақтау. «Сәйкестендіру» Топтық жұмыс 5 мин
Аналогтік сигнал: 1; 2; 5; 6; 7; 10; 12
Цифрлық сигнал: 3; 4; 8; 9; 11
1. Үздіксіз мәнді және уақыт параметрлері жиілікпен, фазамен және амплитудамен сипатталады.
2. Ол сигнал үздіксіз.
3. Ол сигнал үздікті (дискретті).
4. Тек екі мәнді, яғни «0» мен «1» - ді қабылдайды.
5. Оның пішіні синусоида түрінде болады.
6. Ол сигналдың формасы күрделі.
7. Тұтынушыға көрсететін қызметі шектеулі.
8. Байланыс арнасын тығыздау мен топтау уақытпен орындалады.
9. Ақпарат өлшемінің бірлігі бит.
10. Ол сигналды түзету қиын.
11. Сигналдың қатесін табуға және оны түзетуге болады.
12. Байланыс арнасын тығыздау мен топтау жиілікпен орындалады.

6. Қолдану. Ұжымдық жұмыс 15 мин
Практикалық тапсырма. Тест тапсырмасынан есептер шығару.

7. Үйге тапсырма: 1 мин § 3. 10; 3. 11. Сұрақтар. Тест тапсырмасынан есептер.
8. Рефлексия. Кері байланыс. 2 мин
1. Менің сабақтағы көңіл күйім...
2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім....
3. Маған бүгінгі сабақта ұнағаны...
4. Маған бүгінгі сабақта ұнамағаны...
9. Бағалау. 1 мин Қб; Жб

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы «№ 20 ЖОББМ»ММ
Физика пәні мұғалімі Садыкова Эльмира Тулегеновна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама