Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Эссе. Дінмұхаммед Қонаев
Эссе
Дінмұхаммед Қонаев

Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,
Қорғадыңыз ел мен жердің намысын.
Тарих өзі таразылар, танытар,
Ұлық қазақ Қонаевтың сан ісін -,
деп халық оның есімін ұлықтап жүр. Дінмұхаммед атамыздың Советтік Қазақстанды басқарғаны әмбеге аян. Атамыздың дүниеден озғанынан бері 24 жыл өтті. Өмір шолақ, дүние керуен. Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаев 1993 жылдың 22 маусымында Алакөл жағасындағы демалыс үйінде жүрек талмасынан кенеттен дүние салды. Тірі кезінде тек жақсы тұсынан көріне білген, қазақ халқының ұлы тұлғасына айналған Қонаев атамыз жайлы Есенәлиев былай дейді: «Димаш Ахметұлы өзге қайраткерлер ортасында – мейлі, олар ғалым, әдебиет өкілдері болсын, мейлі, мемлекет және қоғамдық қызметтегі жолдастары болсын – олардың беделі мен танымалдығына аса қызғанышпен қарайтын.... Әсіресе өз бетінше ойлай білетін, жағымпаздық дегенді білмейтін тұлғаларға қатысты объективті қараудан гөрі жеке басының мүддесі жоғарырақ тұратын қасиет байқалатын». Тағы бір есте қаларлығы, оның кішіпейіл басшы болуы. Күзет қызметінің саны көбейтіліп, кім көрінген жанына күзет қаптатып жатқан уақытта мемлекеттің бірінші адамы жұмысқа жаяу және күзетсіз барады дегенге сену өте қиын. Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда Қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 сом шамасындағы ақыдан бас тартып, ол ақшаны балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында жұмсауға бұйырған болатын. Бұдан Қонаев атамыздың жанашыр азамат болғанын көре аламыз. Дерек көзіне жүгіне отыра, Қонаев атамыздың ұлты татар болғандығын анықтадым.

1973 жылы Атбасардағы қорымда оның жұбайы Зухра Шарифқызының әке - шешесі жатқан бейіттерге қара және қызғылт мрамордан ескерткіш қойылды. Ол тастарға «Қымбатты ата - анамызға балаларынан, 1973 жыл» деп ойып жазылған екен.

Дінмұхамед Қонаев Алматыда атақты Желтоқсан оқиғасы бұрқ ете қалатын 1986 жылғы желтоқсанда зейнеткерлікке шығарылғаннан кейін тез арада халықтың көңілінен кетіп, ұмытыла бастайды. Үш жылдан кейін мәскеулік нәмеңгер Қазақстан Компартиясы ОК - нің бірінші хатшысы қызметіндегі Геннадий Колбиннің орнына Нұрсұлтан Назарбаев келді. Сосын біраз ғана уақыт өткенде тәуелсіз Қазақстанның президенті болды, содан бері мінеки, 20 жылдан астам басқарып келеді. Ал Қонаев көлеңкеде қалды. Алайда біз көрегенді мемлекет және қоғам қайраткері Қонаев атамызды ешқашан ұмытпаймыз.

Айгерим Муратқызы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама