Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу

ХХІ ғасыр «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін - өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Бүгінгі заман талабына сай дәстүрлі оқудың деңгейінде ғана шектелмей, білім саласына еніп жатқан өзгерістер көңіліме қонымды. Міне, ХХІ ғасырда өмір сүруге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін, білім саласының өзі өзгеруді талап етеді, яғни оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп, оқудағы қиындықтарды ең алдымен анықтап, сол кедергілерді ұжыммен бірлесе жою керек. Қазіргі таңда балаға нені үйрету керек? қалай үйрету керек?- деген екі сұрақ мені осы оқуға жетеледі. Бұл тұрғысынан қарағанда мен өзгеру керекпін. Себебі қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, қарым - қатынасқа ашық, әрі ықыласты, өзіне сенімді қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім тұлғаны қалыптастыру үшін өзгеру керекпін. Неліктен өзгеру қажет? Оқушыларға білімді толық әрі шынайы беру үшін, қиядан жол, қиыннан сөз табатын оқушы дайындау үшін, үнемі көшбасшылыққа талпынатын, өмірлік жағдайда оқушы бойында белгілі дағды қалыптастыру үшін өзгеру керекпін. Сонымен қатар, біліктілік курсына келу арқылы бір байқағаным баланы ешқашан тексермеу және шектемей, сонымен бірге іздену керек екенін ұққандаймын. Тағы бір байқағаным, біз оқыту мен оқудағы кедергілерді анықтап жатпай, тек қана жоспарды қатаң орындауға тырысады екенбіз. Жоспар өзіміз үшін ғана маңызды болып табылады, ал оқушы нені оқу керек, қалай оқу керек, ондағы құзыреттілік, міне оқыту барысында осыған баса назар аудару керек екенмін. Оқушының метатанымына, тану тұжырымдамасына және оқуына қандай фактор әсер ететінін біліп, соған сай іс әрекет үйлесімді болғанда ғана сабақ көзделген мақсатына жететініне толық көзім жетті. Мен мынаған кәміл сенімдімін. Оқушыларды бар ықыласпен, үлкен үмітпен, нық сеніммен қол үзбей үйретсем күтілетін нәтижем де оң болмақ. Міне, оқу үдерісіндегі жаңа әдістерді пайдалану арқылы тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыра кіріктірдім. Тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модульді кіріктіре отырып, түрлі әдістер арқылы сабақ өту балалардың жан - жақты дамуына ықпал ететінін түсіндім.
Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама