Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі
Тамыр және тамыр жүйесі
Тақырыбы: ІІ тарау. Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері.
§7. Тамыр және тамыр жүйесі
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі
– тамыр, тамыр жүйесі деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру
Тәрбиелілігі
– түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Дамытушылығы
– пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал - жабдықтар: электрондық оқулық, бейне фильмдер.
Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың
сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Кейбір оқушыларға карточкалар таратылады. Сол арқылы бағаланады.

1. Жасушалары бір - бірімен тығыз жанасқан, алғашында тірі, біртіндеп қабықшасы қалыңдап өлі жасушаларға айналады; су мен улы газдарды ішке өткізбейді; өсімдікті ыстықтан, суықтан, қатты желден қорғайды.
2. Тірі жасушалар тобынан тұрады; зат алмасу нәтижесінде түзілген нәруыз, көмірсу мен майлардың артығын қорға жинайды.
Ішінде хлоропластары бар тірі жасушаларда органикалық зат түзіледі; жапырақ пен сабақтағы жасушалардың арасындағы кеңістіктерде ауа, су жиналады; ол өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттырады.
3. Жасушалары алғашында тірі болғанымен өсе келе қабықшасы қалыңдап, цитоплазмасы кеуіп, өлі жасушаға айналады да, беріктігі болаттай болады. Қанша дауыл соқса да жапырақтары жыртылмай, нәзік сабақтары сынбай өсуіне себепкер болады.
Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелері. Тамыр және тамыр жүйесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама