Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті – кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Білім алуда оқушылардың белсенділігі мен саналығын, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.
Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттіліктерден туады. Осы қажеттерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қасиетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдысын меңгеру ғана емес, оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге, істейтін материалын түсіну үшін, оқушылардың зейін қойып тыңдай білуі, ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін өздігінен кітап оқу, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар орындау қажет. Өйткені, өткен материалды саналы түрде қайталау, білім алу дағдыларын үйрену белсенділікті қажет етеді. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау жүргізу барысында қалыптасады. Оқу барысында оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: бірінші - сыртқы белсенділік, екінші - ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері. Олар мыналар: белсенді қимыл - қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы.
Оқушының ішкі белсенділігіне - белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып табылады. Оқушы белсенділігі бір қалыпты болмайды. Оқушының жас ерекшеліктеріне, жеке психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды.
1. Қимыл және сөйлеу.
2. Ойын және оқу.
3. Өзін - өзі тәрбиелеу.
Осыдан шығатын қорытынды: оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту принципі де емес, ол – оқушының күрделі әрекетінің бір түрі немесе оқу жұмысының арнайы бір формасы болып табылады. Қазақ тілі сабағында қыс тақырыбына сурет бойынша «Эссе» жазып келу тапсырылған болатын.
1. Қысқы ойын.
Қыс. Айналаның бәрі аппақ. Марат шанамен сырғанады. Күшігі одан қалмай жүр. Айгүл, Шынар, Айбектер аққала жасады. Балалардың бәрі көңілді.
2. Қыс қызығы.
Мен аққала жасауды ұнатамын. Кеше Нұргүл екеуміз аққала жасадық. Адамның мұрнын сәбізден, көзін көмірлен жасадық. Қолына сыпырғыш ұстаттық. Басына тесік шелек кигіздік. Ол әдемі болып шықты. Біз оған қуандық.
Топпен өз беттерінше жұмыс жасау.
Қыс сөзіне ассоциация құру тапсырылды. Сонда оқушылар қыс сөзін былай түсінеді екен.

ҚЫС

- Қар, қырау, суық
- қолғап, құлақшын, пима
- шаңғы, шана
Әдебиеттік оқу пәнінде «Қызғалдақ пен Қарасора» мәтінін өткенде жақсы қасиеттер мен жаманшылықтарды қай өсімдіктің бойынан табуға болады деп тапсырма бердім.
Қызғалдақтың бойынан:
Талап, еңбек, терең ой, рақым, қанағат.
Қарасораның бойынан:
Өсек, өтірік, мақтаншақ. еріншек, бекер мал шашпақ

Сабақ соңында Қызғалдақ пен Қарасораға мінездеме бердік.
Үйге осы кейіпкерлердіңбіреуіне эссе жазып келіңдер деп тапсырма берілді. Келесі жолы Құдірет мынадай эссе жазып келді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама