Мінез - адам көрсеткіші
Тақырыбы: Мінез - адам көрсеткіші (Тәрбие сағаты)
Сыныбы: 4 сынып
Мақсаты:
• Оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту. Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
• Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
• Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әңгімелесу, сұрақ - жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: проектор, адамның мінез - құлқын жылдар, тағам, айлар арқылы салыстыру суреттері, т. б. ).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері: «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі...»
Жақсы мінез, жылы сөз - жан дәруі,
Жігіттің керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Мінездер бар жақсы - жаман, әр алуан,
Әдептілік әділдіктен нәр алған.
Кең болғанның кем болғанын көрмедім,
Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.
ІІ. Негізгі бөлім
Мінез – адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. Мінез грекше - характер деген мағынаны білдіреді. Өзіне деген қатынас: өзімшіл, сыншыл, заттарға ұқыпты, қызметіне адал болуы мүмкін.
Ойланайық, пікірлесейік
• Неліктен «Мінез - адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
• Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
• Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
• Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп, ойлайсыз?
Осы берілген сұрақтарға оқушылар шынайы түрде жауаптарын айтып, мінездің жақсы - жаман түрлерін, жаман мінездің адамның іс - әрекетіне кедергі келтіретінін, жақсы мінездің әрдайым жақсылыққа апаратынын айтып өтеді.
Абай
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Өзіме - өзім жақпадым,
Енді қайда сыя алдым?
Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,
Аспандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес.
Осыншама ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды
Меруерттей тізіппін;
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін;
Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұщыппын;
«Сіз білесіз» дегенде
Күнге күйіп, пісіппін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін «пысықпын».
• Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай?
• Өз бойыңыздағы мініңіз туралы ойланып көрдіңіз бе?
«Адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім»- деп таусылыпты Абай. Сіздер ше, келісер ме едіңдер?
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Туған жылыңның әсері
Қазақша жыл қайыру бойынша адам жасының он екі жылы бір мүшел болып саналады. Алайда адам өзінің алғашқы мүшеліне 13 жасында толады да, келесі мүшелін оған он екі жылды қосу арқылы анықтап, қалған мүшелдерін әрбір мүшел жасқа он екі жылдан қосу арқылы біліп отырады. Қазақша жыл қайыруға сәйкес 12 жыл 12 жануардың атымен аталған. Жұлдызнамашылардың айтуынша кім қай жылы туды, оның мінез - құлқы сол жыл аталған жануардың мінез-құлқына ұқсайтын болады. Әлқисса, ендігі әңгіме адамның туған жылына тұспа - тұс келетін мінез - құлық нышандары хақында.
1. Тышқан жылы туылғандар
Олар үсті - басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан - той, ырду - дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш.
2. Сиыр жылы туылғандар
Ұстамды келеді. Туған-туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды.
3. Барыс жылы туылғандар
Қызба мінезді, ашулан - шақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды.
4. Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез - келген нәрседен үрейленеді, сыр сақ - тауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл - күйіне қарай әрекет ететін жан.
5. Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үн - сіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.
6. Жылан жылы туылғандар
Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез - құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.
7. Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды. Әйтеуір, күні бойы тыпырлап, мазасыз күй кешеді.
8. Қой жылы туылғандар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.
9. Мешін жылы туылғандар
Олар - өзіне - өзі ғашық жан - дар. Сәнқой, ырду - дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден ар - тық санайды.
10. Тауық жылы туылғандар
«Үйкүшік». Үй - үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл - ойы бір басына жетерлік.
11. Ит жылы туылғандар
Мінезі сөзшең, талас - тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда еш - кімге зияны жоқ.
12. Доңыз жылы туылғандар
Оңаша, табиғат аясында, бау - бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.
Туған айыңның әсері
Бір жылда он екі ай бар болса, олардың әрқайсы көктем, жаз, күз, қыс мезгілін білдіреді. Соған сәйкес ол кездегі ауа - райы қалай әр - түрлі болса, сол айларда туылғандардың да мінез - құлқы әрқилы. Біз енді сол жөніндегі болжамдарға назар аударалық.
Қаңтар айында туылғандар Олар – шыдамды да жігерлі. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да туған - туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық танытады.
Ақпан айында туылғандар Олар – тік мінезді, ұстамсыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне байланысты өзгеріп отырады. Жан - дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды білмеу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмытып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілдік, мейірімділік таныта қоймайды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білме - ген сыңай танытады. Өзі сый - ластық танытқан адамы сыйластықпен жауап қайтармаса, ол туысы ма, досы ма, бәрі бір, кейде онымен қарым - қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, тазалықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді.
Наурыз айында туылғандар Олар – өте сезімтал және әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мойығыш, бұл қызметтегі өсуі - не басты кедергі. Егерде мойығыш, уайымшылдығын қойып, бірбеткейлік, табандылық танытатын болса, алмайтын асуы аз.
Сәуірде туылғандар Көкек (сәуір) айында жарық дүние есігін ашқандардың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез қабылдайды, өзіне - өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандырады. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды.
Мамырда дүниеге келген әйелдер кекшіл, өзіне жамандық жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды.
Маусым айында туылғандар Олар – уайымшыл, жаны тез жараланғыш, өз істеріне байыппен, сергектікпен қарайтындар. Дарындылық пен алғырлық, мейірімділік мінез-құлқына, бойына тән қасиеттер. Жақындары мінез - құлқын көп тани бермеуі, оларды тұйық санауы мүмкін. Олар туыстарының олай ойлауына жол бергенімен, сырт адамдармен ашық - жарқын қарым - қатынаста болады, шешіліп сөйлеседі. Дау - дамайды ұнатпайды, одан бойын аулақ ұстайды.
Шілде айында туылғандар Олар - өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз болып келеді. Тәкаппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді. Алайда дос, жолдас, құрбыларының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс.
Тамыз айында туылғандар Олар – бірбеткей, қуатты, әсершіл. Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал. Бұл айда дүние есігін ашқан ерлер – сезімтал, айналасындағылардан мақтау күтетін, өзін сынағандарды жек көретін, көбінесе алғашқы отбасысы ұзаққа бармайтын жандар.
Қыркүйек айында туылғандар Олар – қызуқанды, әсершіл, мақсат қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін - өзі жақсы көретін, есепке өте жүйрік жандар. Үнемі алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің жолын іздестіріп жүреді.
Қазан айында туылғандар Олар – қарапайым. Бұл олардың басты ерекшелігі. Қазанда туылған ерлер өтірікке жақын, оның сөзінің қайсы шын, қайсы жалған, сезу қиын. Ақылды да достықты жоғары бағалайтын, қаржымен байыпты жұмыс істейтін, шешімді көп ойланып қабылдайтын, оның алдында ақылды адамдармен сөйлесіп алатын, алайда көбінесе өз көзқарасын дұрыс санайтын адамдар. Қазанда туылған әйелдер – принципшіл. Сатқын - дық пен екіжүзділікті кешірмейтін, есте сақтау қабілеті жоғары, өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күресетін жандар. Үй шаруасына пысық. Өзін сынағандарды жек көреді.
Қараша айында туылғандар Бұлар – есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де баратын, қасындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақшасына қыдыруға әзір адам - дар. Содан қаржы тапшылығын жиі көреді, бірақта одан қорытынды шығар - майды. Желтоқсан айында ту - ылғандар Олар – сезімтал және көңілшек. Желтоқсанда кіндік қаны тамған ерлер ашуланғанда өзін - өзі ұстап тұра алмайды. Содан сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай - шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағым - сыз жайларға жиі себеп - кер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қызуқанды, өте нәпсіқұмар, дос - жолдастарының көп болғанын қалайды.
Тағам арқылы мінез - құлықты анықтау
1. Тәттіні ұнататындар – стресті игере алатын іскер, мақсат - мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.
2. Ет жегіштер – резоноперлер, мейірімсіздер деп те есептеледі. Олар өз мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды. Отбасында мазасыз, күдікшіл.
3. Ұн тағамдары мен ұннан дайындалған әшекейлі оны-мұныларды сүйсініп жейтіндер өзгеге жамандық жасамайды. Құлшынысы кем, болбырлау келеді. Жұрттың әрекеттерін талқылап отыруға бейім. Жұмыс орнын көп өзгертеді. Отбасында момақан, үйдегілердің айтып жатқан сын - ескертпелерін жүре тыңдайды.
4. Таптыра бермейтін экзотикалық тағамдар мен ащы тұздықтар, дәмдеуіштерге әуестер – ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз, өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Достыққа өнімсіз. Жақсы басшы емес. Оған қаншама ақша құйылып жатқанымен сусып қолында тұрмайды.
5. Картоп жегіштер – флегматиктер, жатыпішерлер, бірақ қолға алған істері өнімді. Бірден шешім қабылдамайды. Бір мәселені шешсе, ол тиянақты. Салиқалы мәнді кітаптар оқиды, философиялық ой айтудан да қашпайды. Ғылыми теледидарларды көреді. 6. Бәрін де жей беретіндер жан - жақты келеді. Олар еңбекқор. Балаларын да солай тәрбиелейді. Ұзақ өмір сүреді, ауырса тез жазылып кетеді.
Сергіту сәті.
Оқушылар кесте толтырып, ол туралы өз ойларын айтады.
Мінезімнің жақсы жақтары ---------------------
Мінезімнің міндері -----------------------
«Жақсы мінез бітпес байлығың, жаман мінез - өмірлік азабың» деген қанатты сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.