- 11 қаң. 2020 00:00
- 252
Қалың қалай, қазақ сайты?
Интернеттің пайда болуы әлемді дүр сілкіндірді. Ол газет бар кездегі радио мен телеарнаның шығуынан тым бөлек, тым жат. Сол сәттегі газеттің оқылмай қалады ма деген сауалы саналы жанның бәрін мазалаған еді. Ал қазір ше?
Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстанға жаңа үрдіс кештетіп келді. Бізде қазіргі модыдағы вай-фай модем, 4 G желілері етек алса, шетелде, тіпті, жарық файға дейін бар. Жә, тақырыптан ауытқымай негізгі өзегімізге қайтып оралайық. Ғаламтор, әлеуметтік желілердің ықпалы еріксіз сайт ашуға алып келді. Байқасаңыз қазір аудандық газеттің де жеке сайты бар. Мысалы, дәстүрлі БАҚ (газет, радио, телеарна) арқылы жаңалық, ақпарат халыққа кешігіп жетеді. Ақпарат майданында әрбір минут, сағат маңызды. Ал, оқырмағанға болған оқиғаны жылдам әрі тиімді жеткізуде сайтың рөлі ерекше. Осылайша қазақ тілді сайттың саны күн сайын өсіп жатыр. Сапасы ше?
Жұрт жаппай «зорланды», «қорланды», «өлді», «өлтірді» деген жаңалықтарға әбден құмартып алды. Онсыз сайттың ретингісін көтеру шөл далада көлге кезігумен бірдей. Nur.kz, 365info.kz, zakon.kz, stan.kz және бір кездегі «Алаш айнасы» газеті жабылып, қазір alashainasy.kz сайты арқылы осы бағытты ұстанып келеді. Әрине, бұл қоғам үшін жақсы үрдіс емес. «Жаманын жасырып, жақсысын асырған» халықтың бәтерегіне балта шапты десе де болатындай. Керісінше, осы бағытқа қарама-қарсы, рухани бағытта шығып жатқан сайттарды жалтармай тізбелеп жазуға да болады. Бәсеке бар жарде өсу де бар. Сондықтан өткен күнмен салыстырғанда қазақ тілді сайттар да әдеуір өрлеу басым. Алдымен саны өскен соң ғана сапа өседі. Дей тұрғанмен ақпарат ағындай ағылған заман да әрбір жаңалыққа күмәнмен қарап, өзінше саралай білу де керек. Себебі жалған ақпарат желдей есіп тұрғанда әрбір ақпарат адам әсіресе жасөспірімдердің психололиясына кері әсер етеді.
Исимсартова Бота Мукашовна