- 10 қаң. 2020 00:00
- 213
Қожа мен жігіттің қағысуы
Нағызжан Қожа тапқыр да тілуар адам екен. Ол кіммен қағысса да, сөзден тосылып көрген емес. Бірде көршілес елден Қуан дейтін пысықша жігіт келіп, Қожамен қағысқысы келетінін айтады. Қожа оны қабылдайды.
— Оһ, жар құлады-ау! — дейді Қожа.
— Оныңыз рас, құлаған болар, — деп мақұлдайды Қуан.
— Қайдан білдің?
— Бетіме су шашырады.
Қожа сәл кідіреді де, жұмбақ айтады.
— Шым-шытыр, шидей қотыр, — дейді.
— Шым-шытыр да емес, шидей қотыр да емес, — деп жауап қайтарады жігіт. Қожа:
— Менің жұмбағым түн еді десе, Қуан:
— Менікі күн еді, — дейді.
Екінші жұмбақ айтылады.
— Тақыр жерде тайдың ізі, — дейді Қожа.
— Қобылау жерде қойдың ізі, — деп жауап береді жігіт.
Жұмбақтың шешуі айтылады. Қожа:
— Тақыр жерде тайдың ізі дегенім кіндік еді, — десе, Қуан:
— Қобылау жерде қойдың ізі дегенім жүндік еді, — деп шешеді.
Нағызжан Қожа тосылғанын мойындайды.