- 05 нау. 2024 01:29
- 225
Қатынас ыдыстар
Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Резеңке түтікпен жалғасқан шыны түтікшелермен тәжірибе жасай отырып қатынас ыдыс ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Алған білімдерін өмірден мысал келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.
Тәрбиелілік: Өмірге бейімділігін арттыру. Тез ойлауға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдісі: Тәжірибе арқылы түсіндіру, баяндау, топтастыру.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: Демонстрациялық заттар, плакаттар, сызбалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Ойлан тап!
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Жаңа сабақты бекіту.
5. Есеп шығару.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
2. Ойлан тап! Формуладағы көп нүктенің орнына физикалық шаманы қою керек.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Өзіміз күнделікті тұрмыста қолданып жүрген шайнектің шүмегі, егер байқап қарасаңдар, оның бетімен деңгейлес келеді. Шайнек пен оның шүмегіндегі су бірдей деңгейде тұрады. Шайнекті еңкейткен кезде, оның шүмегі шайнектегі судың деңгейіне дейін төмен түседі де, одан су аға бастайды. Өздерің күнделікті көріп жүрген шайнек, құмған, кофе қайнатқыш, су сепкіш және тағы басқалар қатынас ыдыстарға жатады.
Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты болатыны белгілі. Бірақ оң жақтан да, сол жақтан да бірдей қысым түскенде сұйық тепе - теңдікте болады. Тәжірибеден екі ыдыста да сұйық бағанының биіктігі бірдей екені көрінеді, олай болса, қысым да бірдей болады. Бұдан біз мынандай ережені тұжырымдай аламыз: кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бір деңгейде болады. Оң жақтан және сол жақтан түсетін қысымдардың теңдігі р1=p2 тепе - теңдік шарты болып табылатынын ескерсек, gρ1h1=gρ2h2 болып шығады. Бұдан: h1/h2=p1/p2 өрнегін аламыз.
Олай болса, қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.
4. Жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтары қойылады.
1. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
2. Қатынас ыдыстардың қасиеттері қандай қондырғыларда пайдаланылады?
3. Сұйықтың еркін беттері қандай деңгейде болады?
5. Есеп шығару.
1. Биіктігі 15см болатын сынап, керосин сұйықтардың әрқайсысы ыдыстың түбіне қандай қысым түсіреді?
2. Массасы 80 кг спортшы коньки теуіп барады. Әрбір конькидің ұзындығы 40см, жүзінің ені 3мм. Ол мұзға қандай қысым түсіреді?
3. 200см ауданға түсірілген күш 100Н - мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді
6. Бағалау парағы бойынша оқушылар бағаланады.
7. Үйге тапсырма беру: §48 Есептер жинағы №3 Б - тобы 17 - бет