Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ медицинасының атасы – Мұхамеджан Қарабаев

Ол 1858 жылы желтоқсан айында Қостанай даласындағы Николай уезінің Кеңарал болысының ауылында дүниеге келген. Əкесі кедей бақташы болса да білімге құштар ұлын ауылға келген тұңғыш ағартушы Ы. Алтынсаринге тапсырып, Троицкі қаласындағы ерлер гимназиясына жіберген. 1881 жылы 14 маусымда гимназия тарихында тұңғыш қазақ баласы — М. Қарабаев салтанатты түрде жалпы білім аттестатын алды. Түлектер кешінде «оқуымды жалғастырып, өз халқымды емдейтін дəрігер боламын» деп сөз сөйлеген Мұхамеджанға көпшілік қауым танғалыпты.

1887 жылы университетті тәмамдаған соң тəжірибе жинақтау үшін ең алдымен Қазан қаласындағы ірі клиникаларда, сосын Орынборға ауысып, одан кейін 1888 жылы өз ауылына оралды.

1894 жылы ол өз еркімен Ырғыз уездіне ауысып келгенде бұл аумақта індет пен ауыз су тапшылығы жəне халықтың санитарлық гигиена жағы нашар екендігін көрді.

М. Қарабаев халқын сүйген ұл бола білді. Ауыл ауылды аралап, аттан түспей терапевт, оташы, акушер, педиатор жəне эпидемиолог қызметтерін атқарып жүріп елдегі тараған жұқпалы ауру түрлерімен күресті.

Білікті мамандардың жетіспеуі салдарынан М. Қарабаев 40 жыл бойы өмірінің соңына дейін дәрігерлік етіп 1927 жылы денсаулығына байланысты жеке зейнетақы тағайындалып қызметтен кетті. Өкінішке қарай бейнеттің зейнетін көрер шағында 1928 жылы өмірден өтті.

Өткен ғасырдың алғашқы жартысында даланы жайлаған сүзек, тырысқақ, мерез, алапес секілді т.б індетпен күресте М. Қарабаев, М. Шомбалов, С. Асфендияров, Х. Досмұхамедов, С. Шалымбеков, Н. Ипмағамбетов, Ә. Алдияров, Ә. Айтбақин, Е. Қасаболатов есімдері отандық медицина тарихында мәңгіге сақталуы керек.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама