Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ұйқының салмақ тастауға әсері

Гарвард университетінің мамандары ұйқының адамның салмағын жоғалтуға тигізетін әсерін анықтады.

Мамандар зерттеулерін 10 жыл бойы 130-дан астам әйелге жүргізген. Зерттеу қорытындысы бойынша, семіздікке шалдығу қаупі ұйқы режимі бұзылған әйелдерге қарағанда ұйқысы дұрыс адамдарда 45 пайызға төмен болатыны анықталды.

Тәжірибе жүргізген мамандардың айтуынша, салмақ жинау алдымен түнгі уақытта аш болумен байланысты. Олар ұйқы режимі бұзылған кезде адамның ағзасында тәбетті ашатын грелин гормоны көп бөлінетінін айтады. Осылайша түнде тамақтанған адамның ағзасына қосымша калорий жиналады.

Салмақ қосудағы екінші себепке сарапшылар адамның үнемі шаршап жүретінін жатқызады. Бұған дейін мамандар хабарлағандай, төрт күн бойы аз ұйықтаған адамның ағзасы майдың жиналу қаупін арттыра түседі. Сонымен бірге 7-8 сағаттан кем ұйықтаған жандар бес сағат ұйықтағандарға қарағанда тез арықтайды екен.

Жақсы ұйқы адамның салмағына әсер ететінін анықтаған соң ғалымдар бірнеше кеңес бере кетті. Алдымен олар адамдарға тәулігіне 6,5-8 сағат ұйықтаған жөн екендігін айтады. Екіншіден, режим сақталғаны дұрыс, яғни белгілі бір уақытта тұрып, белгілі бір уақытта қайта ұйқыға жатқан жөн.

Сонымен бірге мамандар жатын бөлменің температурасына да көңіл бөлген дұрыс дейді. Ұйықтар алдында бөлменің пердесі жабық болғаны жөн. Себебі қараңғылық адамның жақсы ұйықтауына оң әсер етеді. Сондай-ақ соңғы кездері жиі сөз болып жүрген ұялы телефондар мен түрлі гаджеттерді өшіріп қойған жөн. Ұйқы дұрыс болу үшін жатардан 30 минут бұрын электронды құрылғыларды сөндіріп қою керек.

Артық жұмыс болмаса мейлінше ерте жатып, таңертең күннен бұрын оянған жөн.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама