Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстан мәдениеті
Тақырыбы: Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты: 20 - 30 жылдардағы сауатсыздықты оқушылардың сезіміне қалыптасу сол жылдардағы адамдардың сана сезімін түсіну және ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті бейелеу өнері, музыка мәдениетінің дамуы туралы алған білім біліктерін тексеру.
Дамытушылығы: Қосымша құжат, деректер және әдебиеттерді пайдалана отырып есте сақтау қабілетін дамыту шығармашылықпен жұмыс істеуге жол ашу оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылыарды адамгершілікке баулу. Ұжымдылыққа адамгершілікке тәрбиелеу мәдени тәрбие беру, елін халқын сүйюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: тарауға қорытынды қайталау
Сабақтың түрі: ойын
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, жартылай ізденіс.
Пәнаралық ізденіс: Әдебиет, бейнелеу, музыка.
Көрнекілік: экран, белгілер трек сызба сұрақ, жауап.

Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
ІІ Мақсат міндеттерін қою, түсіндіру

ЖОСПАРЫ
Қазақстанның мәдениеті
Білім және ғылым
Ересектер арасында сауатсыздықты жою
Халыққа білім беру ісі

Әдебиет және өнер
Әдебиеттің дамуы
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы

Сабақтың барысы
Сыныпты 4 топқа бөлемін
І. Білімгер
ІІ. Әдебиетшілер
ІІІ. Музыканттар
ІҮ. Суретшілер

Әр топтың өз белгілері болады.
Сабақ «Жұлдызды сағат» арқылы өтеді.
1. Бәйге
2. Тұлғалар
3. Қалдырған ізің мәңгілік
4. Болмасаңда ұқсап бақ
5. Көкпар

ІІІ. Оқу материалдарын қайталау
І тур. Бәйге
1. 1931 ж. желтоқсандағы жалпыға бірдей міндетті білім беру ісі неше жас аралығына енгізілді? (15 - 45 жас)
2. Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы ұйымдастырылды? (1924 ж)
3. Республикада сауатсыздық жою қарқынының баяу жүру себебі неде?
(1930 - 1932 ж аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді)
4. Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар қай далада басып шығарылды?
(Қазан)

ІІ. Тур Тұлғалар
1. ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің дамуына үлес қосқан ақын - жазушылардың есімдерін, өмір сүрген жылдарын, шығармаларын атап өту.
2. ХХ ғасырдың басындағы музыканың дамуына үлес қосқан тұлғалардың есімдерін, өмір сүрген жылдарын, шығармаларын атап өту.
3. ХХ ғасырдың басындағы бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан суретшілердің есімдерін, өмір сүрген жылдарын, шығармаларын атап өту.
4. ХХ ғасырдың басындағы жоғары білімі бар қазақтардың саны

ІІІ тур Қалдырған ізің мәңгілік
1. 1920 - 1930 жылдардағы мәдениетке шолу
2. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі шығармаларға шолу жасау, талдау / «Қалың мал», «Еңлік - Кебек», « Маса» т. б.
3. ХХ ғасырдың басындағы музыканттар шығармаларына шолу жасау, талдау / Естай «Майдақоңыр», Үкілі Ыбырай «Гәкку т. б.
4. ХХ ғасырдың басындағы суретшілер еңбегіне тоқталу / Хлудов, Верещагин т. б.

ІҮ. тур Болмасаң да ұқсап бақ.
1. М. Дулатовтың «Оян қазақ!» өлеңін жатқа айту.
2. Хлудов, Верещагин еңбегін салып көрсету.
3. К. Байсейітова өмірі
4. Динаның «Көңіл ашар « күйін орындау.

Ү. Тур Көкпар
1. Бұл кітап Білім
2. Абайдың нақыл сөзі
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы».
3. С. Торайғыровтың музыка туралы айтқан сөзі
«Көңілді түзейтін машина - өлең, жыр»
4. В. Верещагин картинасының аты «Шу өзені бойындағы қырғыз киіз үйлері»

Қорытынды.
1. Латын жазуынан кириллицаға көшу қашан жүзеге асырылды? (1940)
2. 1920 - 1930 ж. ж. араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандарға қандай айып тағылды? (Пантюркист)
3. Ғылыми жұмыс дегеніміз не?
4. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою неше жас аралықта болды?

Үйге тапсырма
Қазақстанда ХХ ғасырдың мәдениеті және ХХІ ғасырдың мәдениетін, салыстыра отырып зерттеу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама