Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру

«Сөз - сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» демекші. Кәзіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Неғұрлым түсінікті, еркін сөйлесе белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кей дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ, жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды. Осы ауқымды мәселеге байланысты мектеп жасына дейінгі мекемелердің тіл мамандарына төмендегі құрастырылған -тапсырмалар жүйесін ұсынып отырмыз. Бұл -тапсырмалар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру негізінде беріліп отыр, ойын түрінде жүргізіледі.

Тапсырмаларды құру барысында балалардың жас ерекшеліктеріне, сөйлеу тіл мүмкіндіктеріне, -тапсырмаларды қалай түсінетініне, белсенді және енжар сөз қорының қалпына назар аудардық;
-тапсырмалар ауызша және көрнекілік арқылы берілді. Балалардың сөз өзгерту дағдыларын қалыптастыру бойынша алты -тапсырма берілді. Яғни қазақ тілінің төрт жалғауына сәйкес. Мысалы: Біз қазір ойын ойнаймыз. «Ненің құйрығы?»ойыны, «Мен, сен, ол» деген т. с. с. Сен өзіңді «мен» деп, мына қуыршақты «сен» деп, ал мына қуыршақты «ол» деп айтасың. Мен саған бір сөз айтамын сен оны «мен, сен, ол» сөздерге қосып айтасың т. с. с.
Көптік жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру бойынша -тапсырмада, бала көптік жалғаудың сөзге сай нұсқасын қолданып, сөзді көпше түрге ауыстырып айту керек. Сонымен бірге қазақ тіліне тән үңдестік заңына сай. Екінші, үшінші, төртінші -тапсырмалар ілік, табыс. Жатыс септіктерінің жалғауын қолдану дағдысын қалыптастыруға бағыталып отыр.

1 -тапсырма
Ойын. « Біреу - көп»
Мақсаты: зат есімнің жекеше түрін көпше түрге өзгерту дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: Біз қазір «біреу - көп» ойының ойнаймыз. Мен затты аз мөлшерде айтамын, ал сен көп мөлшерде айт.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Алма
2 Шие
3 Қарандаш
4 Күшік
5 Мысық
6 Өрік

2 -тапсырма
Ойын. « Ненің құйрығы»
Мақсаты: Берілген сөздерге ілік септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау:
Кеше кешкісін қатты жел соққаннан жануарлар құйрықтарын жоғалтып алыпты. Қане, құйрықтарды тауып иелеріне берейік. Алдымен ненің құйрығы екенін айтып өтейік.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Ит
2 Маймыл
3 Қоян
4 Мысық
5 Мысық
6 Түлкі

3 -тапсырма
Ойын. «Қоянға нені берді?»
Мақсаты: Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: Мына суретке мұқият қара, қоянға не нені бергеннін есіңе сақта. Енді не нені бергенін айтып бер.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Шар
2 Бантик
3 Гүл
4 Доп
5 Алманы
6 Кесе

4-тапсырма
Ойын. «Кімде не бар?»
Мақсаты: Берілген сөздерге жатыс септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: Мына суретке мұқият қарап, неде не бар екенін айтып бер.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Қоян
2 Кірпі
3 Ит
4 Мысық
5 Есек
6 Құс

5 -тапсырма
Ойын «мен, сен, ол»
Мақсаты: Зат есім сөздерді жіктік жалғауында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: Қазір біз «мен, сен, ол» ойынның ойнаймыз. Мен саған сурет көрсетемін, сен сол суреттегі маман иелеріне мен, сен, ол деп берілген сөзге қосып айтасың.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Оқушы Мен –
Сен –
Ол -
2 Суретші Мен –
Сен –
Ол -
3 Бастық Мен –
Сен –
Ол -
4 Президент Мен –
Сен –
Ол -
5 Ұстаз Мен –
Сен –
Ол -

6 -тапсырма
Ойын «менің, сенің, оның»
Мақсаты: Зат есім сөздерді тәуелдік жалғауында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: Қазір біз «менің, сенің, оның» ойынның ойнаймыз. Мен саған допты лақтырып бір сөз айтамын. Сен сол сөзді менің, сенің, оның дегенге қосып айтып кері лақтырасың.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Тон Менің –
Сенің –
Оның -
2 Көйлек Менің –
Сенің –
Оның -
3 Доп Менің –
Сенің –
Оның -
4 Жаға Менің –
Сенің –
Оның -
5 Машина Менің –
Сенің –
Оның -

7 -тапсырма
Ойын. «Мұқият бол»
Мақсаты: Зат есімнің – ша, - ше, - шік жұрнақтарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: Мұнда екі дөңгелек берілген. Біреуі кіші, екіншісі үлкен. Осы үлкен дөңгелекке үлкен заттарды, кіші дөңгелекке кіші заттарды айтып қойып шық.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Көрпе
2 Жалау
3 Қап
4 Үй
5 Күрек
6 Қобди

8 -тапсырма
Ойын. «Сөзді қалай өзгерттік?»
Мақсаты: Зат есімнің – ші, - шы жұрнақтарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: Мұнда екі поезд бар. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Осы поездардың біріне ұзын сөзді, екіншісіне қысқа сөзді қойып атап бер.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Етікші
2 Жұмысшы
3 Биші
4 Қойшы
5 Тігінші
6 Сиыршы

9 -тапсырма
Ойын. «Мен айтамын, сен жалға»
Мақсаты: Түбірлес сөзжасам дағдысын қалыптастыру.
Нұсқау: Мұнда бес вагон бар. Біреуі - лық болса, екіншісі - шек, үшіншісі – шең, төртіншісі - ке, бесінші вагон - шік. Осы вагондардың берілген сөзді қосып айтып бер.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Іні
2 Бала
3 Шеше
4 Күрке
5 Сөз

10 -тапсырма
Ойын. «Қосып айт»
Мақсаты: Түбірлес сөзжасам дағдысын қалыптастыру.
Нұсқау: Мен саған сөздер айтамын. Сен сол сөздерге – дай, - дей, - тай, - тей қосып айт.

№ Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға
1 Гүл
2 Тас
3 Мұз
4 Көбелек
5 Тау

Резюме
В данной статье рассматриваются дополненные варианты методики обследования грамматического строя речи, а именно: навыков словообразования и словоизменения у детей дошкольного возроста.

Summary
In article examines supplementary variant grammatical speech system, especially: skill of word formation and wordchange at children with common developness speech

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама