Қыран құс не алмайды салса баптап
Тақырыбы: Қыран құс не алмайды салса баптап
Мақсаты: Қыран құстармен таныстыру, жыртқыш құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы, құсбегінің қыран құстарды қалай баулитынын, құсбегіге қажет құралдар туралы түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Қыран құстарды қорғауға, әсемділікке баулу.
Дамытушылығы: Қыран құстар туралы мол мағлұмат беру, дүние танымын кеңейту.
Шығармашылығы: Сөзжұмбақ шешу арқылы қыран құстар ерекшелігін, қыранды баулушы адамды табу.
Көрнекілігі: құсбегі мен оған қажетті құрал - жабдықтар суреті, құстарға байланысты мақал - мәтелдер қолданылады.
Барысы:
Мұғалім:
Құсбегілік ұлттық спорттың ерекше дамыған түрі. Көп елде кездеспейтін құсбегілік, кездессе мардымсыз дамыған құсбегілік өнері қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан. Құс салып аң аулау осыдан 7 ғасыр бұрын қанат жайған.
Құсбегілік туралы қысқаша сипаттама берілгеннен кейін оқушылар кезек - кезек тақтаға шығып, өзі білетін құс суретін көрсетіп ол жайлы әңгімелеп береді.
Біздің елімізде бүркіттің 7 түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ғажабы – қыран бүркіті. Ол қасқырды да алатын өте күшті, ірі денелі алып құс. Бүркіт биік таулар шыңдары мен жар тастарын мекендейді. Кейде ормандарда да кездеседі. Бүркіт өте сақ, адам көзіне шалдыға бермейді. Қанат құлашы 2 метрге дейін жетеді.
Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік.
Әр адамға өз елінің аң - құстары аса қым бат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.
1. жасында – балапан
2. жасында – қан түбіт
3. жасында – тірнек
4. жасында – тас түлек
5. жасында – мұз балақ
6. жасында – көк түбіт
7. жасында – қана
8. жасында – Жана
9. жасында – май түбіт
10. жасында – барқын
11. жасында – баршын
12. жасында – шөгел
Ақын – жазушылардың құсбегілік туралы айтқан өнегелі сөздері қаншама десеңші!
Ұлы Абайдың «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінде қыран бүркітің қайсарлығы, өмірдегі ең қу түлкінің өзі оның уысынан құтыла алмайтындығы сөз болады. Өлеңнен үзінді оқылады.
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Тастан түлкі табылар аңдығанда
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі
Сағадан сымпың қағып із шалғанда
Бүркітші тау басында қағушы ойда
Іздің бетін түзетіп аңдағанда
Томағасын тартқанда бір қырынан
Қыран құс көзі көріп самғағанда
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп
Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға
Көре тұра қалады қашқан түлкі
Құтылмасын білген соң құр қашқанға
Аузын ашып, қонақтап тісін қайрап
Олда талас қылады шыбын жанға
Сөзжұмбақ шешу: «Қансонар»
Қ
А
Н
С
О
Н
А
Р
1) Махаббат символы ……(аққу)
2) Құйрығы аша құс (Қарлығаш )
3) Бақыт құсы (Көгершін)
4) Жылтырға үйір құс (сауысқан )
5) Орман емшісі (Тоқылдақ )
7) Жыртқыш құс (Лашын)
8) Қыстап қалатын құс (Қарға)
9) Қыран құс (Қырғи )
Қансонардың қадірін білген киелі қазақ халқы ел аузында қыран құс, саятшылық, аңшылық туралы мақал – мәтел қалдырған.
1. Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас
2. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер
3. Мылтығының күмісін айтпа, тиісін айт
4. Саятшылық сабырлыға жарасар
5. Сонаршы ақпанды сүйер
Викториналық сұрақтар қойылады.
• Қандай қыран құстар бар?
• Құсбегі деген кім?
• Құсбегіге қандай құрал - жабдықтар керек?
• Ең үлкен қыран қай құс?
• Оның қанат құлашы қанша?
• Бүркіт қанша жыл жасайды?
• Бүркіттің баласын не деп атайды?
• Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс?
• Қасқырды да алатын өте күшті алып құс?
Алып қыран құстарды баулып, аңға салатын, тағыны баптап, тағы алдыратын адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі қыран құсты танып, таңдай білетін адам. Оның баулитын құстарының ең алыбы – бүркіт. Содан соң тұйғын, қаршыға, лашын, ителгі, сұңқар, қырғи, бөктергі. Құсбегіге қыранды баулу үшін мынадай құрал жабдықтар керек.
Тұғын – құсты қондырып қоятын орын, жабдық. ол көшпелі тұрмысқа лайықты ағаштан жасалады.
Ырғақ – түзден түске асау құстың аптығын басып, біршама ырыққа көндіруге арналған орнықсыз, ырғақты тұгыр.
Биолай – бүркітшінің оң қолына киетін қолғабы. Ол бүркітті қолға қондырғанда, алып жүргенде бүркіт тұяғы қолды зақымдамауы үшін жасалған.
Томаға – бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын бас киім.
Сопыаяқ – ағаштан жасалған бүркітке жем беретін ыдыс.
Балдақ - құсты ат үстінде алып жүруге арналған, құс салмағынан қолдың талмауы үшін оң қолдың білегін сүйеп отыратын, ашасында жұмсақ тіреніші бар тіреу.
Аңға түсу – қыранның ұшу мәнеріндегі ең күрделі, ең қиын, ең сұсты әрекеті. бүркіттің 4 саусағы бар. 1 - тегеурін, 2 - жембасар, 3 - сығыс, 4 - шеңгел.
Құсбегі қыранды негізінен 2 түрлі әдіспен ұстайды: бірінші – қанаты қатпаған сары ауыз балапан кезінде ұядан алады. Екінші – тұз тағысын тормен ұстату. Балапанды үйге әкелгеннен кейін баули бастайды. Құсбегі оны сылып – сипап, мәпелеп, өзіне үйір қылады. Турап суға салып, қаныт бүркіп қолмен ет тарттырады, балақ бау тағып, томаға кигізеді. Одан соң 3 - 4 қадам жерге барып аяқбаудан тартып биалайды «кәл», «кәл» деп шақырады. Осыдан кейін баулығаны қыран болса, түлкі немесе қоян терісіне сабан толтырып, сыртына ет қыстырып, оны ұзын жіпке байлап, сүйреп қашады да бүркітті соған түсіреді. Оны «домбай тастау», «шырға тарту» дейді. Ары қарай балапанды тірі аңға түсіреді.
Құстың тілін табу – оның бабын табу деген сөз. Бабы келген қыран ғана аң – құсқа түсе алады. Кейде тор тұзақ құрып ірі құсты ұстайды. Ал асау әлі семіз түз тағысын қолға үйрету, бапқа келтіру дегеннің машақаты мол жұмыс. Ол алғашқыда қондырған жерге отырмай, қанатымен жер сабалап тулайды, жер бауырлап жатып алады. Сөйтсе де аяқ бау тағып, томаға кигізіп, ырғаққа отырғызады.
Ырғақ – бостау керілген арқан немесе екі басы жіпке байланған жіңішкелеу аспа ағаш. Ол бүркіттің отыруына өте жайсыз. ырғалғыш келеді. Осы ырғаққа отырғызылған бүркіт одан құламауға тырысып, әуреленеді Оның үстіне құсбегі әдейі бірдеңелерді даңғырлатып, балаларды шулатып дегендей құстың көз шырымын алдырмай шаршатады. Осылай әбден қалжырап, ашыққан түз тағысы енді ырғаққа көніп, жем тартады.
Қорытынды: Құсбегілік өнерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу міндетіміз.
Саятшылық – нағыз дамытатын кәсіп. Оған жастарды тарта білу – аға ұрпақ парызы.