Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Сыныбы: 6 - сынып
Тақырыбы: Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің түрлері, құрылысы, олардың емдік қасиеттері туралы әңгімелеу; күнделікті тұрмыста пайдалана білуге баулу.
Көрнекілігі: Гербари, өсімдіктер суреті.

Барысы.
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь - Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар.

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан - ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер - оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.

Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктермен емдеп жазады.

Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш - қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек - бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын - ала дайындап, оған сөрелер орналастырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны керегеге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі - дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөңкелер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрі - дәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі - дәрмектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты.

Атақты Ырғызбай емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағынан, тамырынан дәрі - дәрмек жасағанда олардың қандай ауруға қалай қолданғанда ем болатынын табиғи түйсікпен біліп, дамытқан. Емшінің үйінен қысы - жазы кенекұнжұт, түймешетен, адыраспан, долана, көккекіре, суқалампыр, қарандыз, киікот, шайқурай, тікенжиде, тәуіпдәрі, томардәрі, қасқыртамыр мыңжапырақ, жаушүмілдік тәрізді өсімдіктер үзілмеген. Ол улы шөп - тамырларды аса сақтықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті.

Республика тереториясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден - ақ кеңінен таралған.

Ертеде өмір сүрген әл - Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл - Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар.

Аюбұлақ – биіктігі 0, 4 - 1, 2 см, қалын қабығы түктеніп тұратын екі жылдық өсімдік. Жапырағы ұзынша, кезектесіп орналасқан. Гүлі ашық сары түсті, өсімдік сабағының басында масақ тәріздене орналасқан, маусым - тамыз айларында гүлдейді.
Еліміздің Европалық бөлігінде орталық және Оңтүстік аудандарында, көбінесе шабындық, тоғайлы құмды жерлерде өседі.

Алтын тамыр – ірі әрі жуан тамыры бар, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900г дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті. Кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түстес болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктердің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Маусым - шілде айларында гүлдейді.

Шашыратқы – биіктігі 1, 5 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Тамыры - жуан, ұзындығы 1метрден асады. Гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының арасында 2-3-тен орналасқан. Шілде - қыркүйек айларында гүлдейді. Қазақстанның Оңтүстік Батысында көптеп тараған.

Жалбыз – биіктігі 20 - 60сантиметрдей, тік өсетін төрт қырлы сабағы бар көпжылдық өсімдік. Тамыры көлбей тарамдалып, ұзын болып өседі. Гүлдері уақ, қызыл жасыл түсті, бәрі жиналып масақ тәрізді сабақ барысында орналасқан. Маусым айында қыркүйекке дейін гүлдейді. Елімізде Украина, Молдова, Краснодар өлкесінде Қиыр Шығыс, Беларусия, Прибалтика, Қазақстанда өседі.

Жантақ – тікенекті көпжылдық дәрілік шөп өсімдігі. Сабақтарында кезектесе орналасқан тікенектері бар. Сол тікенектері түбінде кішкене жапырақтары орналасқан. Уақ, қызыл түсті гүлдері болады. Мамыр айында және тамызда гүлдейді. Еліміздің барлық Оңтүстік аудандарында, Орта Азия, Кавказ. Негізінен далада, құрғақшылық аймақта өседі. Жантақтың жас шөбінде, әсіресе С витамині өте көп болады. Дәрілікке жантақтың шөбі және тамыры пайдалы.

Тасшөп – биіктігі 3 - 10 сантиметр дәрілік шөп. Сабағы қысқа түктер басқан, жер бетінде жабыса өседі. Жапырақтары қарама - қарсы орналасқан уақ, ұзындығы 15мм, ені 7мм, хош иісті. Гүлдері қызғылт түсті, шашыраңқы гүл шоғын құрайды. Мамыр қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің барлық жерінде таралған. Құмды, қарағай, тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілікке шөбін пайдаланады. Онда эфир майы, С витамині емдік заттары бар.

Бүлдірген – тамырланып жайыла өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлдері ірі, ақ түсті. Жемісі ашық қызыл түсті, әдемі иісті болады. Мамыр - шілде айларында гүлдейді. Жемістері маусым - шілде айларында піседі. Еліміздің барлық жерлерінде таралған ылғал жеткілікті тоғайлы жерлерде өседі. Дәрілік мақсатта бүлдіргеннің жапырағы жемісі пайдаланады.

Бақбақ – биіктігі 5 сантиметр сындырғанда сүт сияқты ақ түсті. Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, гүлі ашық сары түсті. Сәуір - қыркүйек айларында гүлдейді. Еліміздің солтүстігінде Ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама