Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қыстап қалатын құстар
Ашық сабақ
Ұйымдасқан оқу - қызметінің технологиялық картасы
Топ: № 11 ересек тобы
Білім беру саласы/ бөлімі: Әлеумет. Экология.
Бірлесу(интеграция): Таным. Денсаулық. Коммуникация. Шығармашылық.
Сабақтың тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Сабақ түрі: Зияткерлік викторина: «Не? Қайда? Қашан?»
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру; Табиғат тұрғындарын сүю және оларға ұқыпты қарау.
ТМ: Құстарға деген қамқорлықтарын, қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін, көрсетуге тәрбиелеу.
БМ: Қыстайтын құстар туралы білімдерін кеңейту және бекіту; Балалардың сөздік құрамын жандандыру және толықтыру;
ТДМ: Сөйлеу байланысын, жадыны, назарларын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Әдіс - тәсілдер: сөздік (әңгіме, сұрақ - жауап, жұмбақ, логикалық есептер) көрнекілік (көрсету, видеожазба, слайд), практикалық (пазлы құрастыру, кескін суреттермен жұмыс, бөліктер) ойын.
Алдын - ала жұмыс: балабақша ауласында құстарды бақылау өткізу, құстар бейнеленген суреттерді қарау, құстар туралы өлеңдер оқу, аудиожазбалар тыңдау, құстардың суреттерін салу, аппликация жасау.
Құрал - жабдықтар: аудиожазба, суреттер, әр түрлі құстарды бейнелейтін презентациялар, теледидар, видеожазба, пазлдар, құстардың дене бөліктері.

Іздеу - ұйымдастырушы
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі орман. (видео)
Құстардың тамаша әнін естіп тұрсыңдар ма? Таныйсыңдар ма қандай құстар екенін? Жарайсыңдар!
- Балалар, құстар жылы жаққа ұшып кетпеді ме?
- Ал қыста қалатын құстарды қалай атайды?
- Балалар, сендермен сабақта, серуенде, сабақтан тыс кезінде, қыстап қалатын құстар туралы коп айттық, бақылау жасадық, тақпақтар жаттадық, жұмбақтар шештік, ал негізгі ата - аналармен құстарға жемсауыт жасадыңдар және топта кішкентай көрме ұйымдастырдық. Аязда қыста құстар қалай өткізетінін сендер білесіңдер.
- Сондықтан, бүгін білімімізді қорытындылап викторина ойының өткіземіз "Не? Қайда? Қашан?".
Естеріңе сала кетейін, бүгінгі ойының тақырыбы: "Қыстайтын құстар".
Өз орындарыңа отырыңдар.
- Бүгінгі ойында қонақтар қатысып отыр. Ойынды бастау үшін топтың капитаны керек. Менің ұсынысым Еркеназ капитан болсын, келісесіңдер ма?
- Балалар, сендермен топтағы апайлар ойнайды:
логопед, дефектолог апайлар және мен.
Бірінші конвертті ашамыз – жұмбақтар жасырылған. Жұмбақтардың шешуі экранға шығады.
1. Тұмсығымен шымшып.
Құрт тереді....
2. Қара қанатты,
Қызғылт төсті
Қыста пана табады:
Қорықпайды аяздан - алғашқы қармен ұшып
келеді.
3. Балалармен достасып,
Жазда бақты қорқайды
4. Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады?
5. Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып - қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там - тұмдап.
6. Шықылықтап бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.

- Топқа сұрақтар:
1.- Балалар, осы құстардың ортақ ұқсастықтары неде?
Ақылдасуға сендерге біраз уақыт беріледі. Уақыт кетті. Жақсы топ капитаны кім жауап береді?
2. - Қандай айырмашылықтары бар?
Мысалы: торғай мен қарғаның айырмашылығы.

Екінші конверт: Аудиожазба арқылы құстың дауысын танып алу.

Ойын: «Сәйкесін тап»
Қарға ------ шиқылдайды (қарқылдайды)
Сауысқан ------- тоқылдайды (шақылдайды)
Шымшық ------- қарқылдайды (шиқылдайды)
Тоқылдақ ------- шақылдайды (тоқылдайды)

Үшінші конверттегі тапсырма қима суреттер. Қима суреттерді құрастыру, құстың атын атау.

Келесі конверт: логопедтің сұрақтары: (видеожазба)
- Суықторғайды, сарнауық торғайды және қайшы ауызды көшпелі құстар деп неге айтады?
- Орманда тоқылдақты кездестірсек қалай таныймыз?
- Қарға ұшып келгенде, қасындағы торғаймен көгершін неге ұшып кетеді?
Логикалық ойын «Керісінше айт»
Қарға үлкен, ал торғай -----
Сауысқанның құйрығы ұзын, ал шымшықта ---
Тоқылдақта тұмсығы ұзын, ал суықторғайда ----
Қарғаның тұмсығы жуан, торғайда -----
Суықторғайдың төсі қызыл, ал шымшық та ----

Бесінші конвертті ашамыз.
Ойын:"Төртінші артық". Слайд
- Шымшық, қарлығаш, тоқылдақ, қарға.
- Суықторғай, сарнауық, сауысқан, аққу.
- Жапалақ, көгершін, әтеш, торғай.
Сұрақ: Балалар, қыстап қалатын құстар неге жыл жаққа ұшып кетпейді?
Сергіту сәті:
Ал, балалар тұрайық
Қарға болып ұшайық
Сауысқан болып секіріп
Тоқылдақ болып шоқиық
Торғай болып қонайық
Қане қанат жазайық
Ұшып, ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

Келесі конверт: топ капитанға Блиц - сұрақтар
- Қалай ойлайсың неліктен суықторғай деп аталады?
- Суықторғай мен шымшық торғай неге тоқылдақтың жанында жүргенді жақсы көреді?
- Қатты аяз күндері құстар неге үрпиіп отырады?
- Қай құстың аузы қайшыға ұқсайды? Немен коректенеді
- Қандай құс басқа құстардың жұмыртқаларын ұрлап жейді?
- Қай құс орманды емдейді?
- Қыста қандай құс балапандайды?
- Шымшықторғай нені жегенді жақсы көреді?
- Қандай құс жүрмей секіреді?
- Қандай құсты ақылды құс деп санайды? Неге?
- Құстар аязда неге ұшпай отырады?
- Торғай бір аяқта неге тұрады?

7. Дефектолог сұрақ қояды: (видеожазба)

- Қымбатты білгірлер, бұл суреттерде құстардың бөліктері бейнеленген. Бөліктерге қарап құсты атын ата. Неге солай ойлайсыңдар?
- Қай құстың құйрығы? Құйрығы қандай?
- Қай құстың басы? Басында несі бар?
- Қай құстың кеудесі осындай түсті?
- Қандай құстың тұмсығы? Қарғаға не үшін керек тұмсық?

«Қара жәшік" шығарылады.
Жәшікте: дәндер, нан, кәмпит, май...
Сұрақ: Қай құс немен қоректенеді?
- Қыс кезінде құстарға өте қиын болады, сондықтан балалар біз міндетті түрде құстарға көмектесіп ата - аналарымен бірге жемсауыт жасап беру керекпіз.

Логикалық есеп:
1. Құстарға жемсауытқа шетен жидегін салдым. Кішкентай сары төсті құстар ұшып келді, нан қоқымдарын, тұздалмаған майды жеп кетті, ал шетен жидегіне тиіспеді.
- Қандай құстар ұшып келді?
Жемсауытқа басқа құстарда ұшып келді. Төстері қызғылт, ал құйрықтары, бастары қара - көк түсті. Жидектен ештеңе қалмады, бәрін жеп кетіпті.
- Қандай құстар ұшып келді?
2. - Дүйсенбі күні кішкентай торғайлар ұшып келді, нан қоқымдарын жақсы көретін.
- Сейсенбі күні жемсауытқа сары төсті құстар ұшып келді. Олар тұздалмаған майды жақсы көреді.
- Сәрсенбі мен бейсенбі күні қызғылт төсті құстар ұшып келіп жидектерді жеп кетті.
- Жұма күні үлкен құстар ұшып келді. Сұр, қара, ала құстар.
- Қандай құстар жемсауытқа ұшып келді?
- Қыстап қалатын құстар аяздан қорықпайды, тіпті қарлы қыста да тамақ тауып алады. Дегенмен оларға, қиын. Оларды тек адамдар ғана құтқара алады.

Рефлексиялық түзетуші
Қорытындылау:
- Біздің ойынымыз осымен соңына жетті, берілген тапсырмаларын орындап, шықтыңдар.
- Балалар, егерде адамдар құстарға көмектеспесе не болады?
- Қалай ойлайсыңдар, егерде жер жүзінде құстар аз қалса не болады?
- Ал біздің балалар, ата - аналарымен бірге құстарға қамқор көрсетеді

Тәрбиеші: Жумаканова Р. А.
Қыстап қалатын құстар жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама