Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Алып күштің иесі – Қажымұқан Мұңайтпасов
Мұғалімнің аты-жөні: Халивалипова Эльмира Абденовналн
Қазақ тілі 9 сынып
Бөлім «Әлемнің атақты спортшылары»
Сабақ тақырыбы: Алып күштің иесі – Қажымұқан Мұңайтпасов
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Мәтіннің мағынасын түсініп оқу; Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу; Төл сөз бен автор сөзін түрлендіріп жазу.
Бағалау критерийі
- Таныс емес сөздердің мағынасын түсінеді.
- Мәтіннің мағынасын түсініп оқиды.
- Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлейді.
- Төл сөз бен автор сөзін түрлендіріп жазады.
Сабақ нәтижесі:
Оқушы тақырып бойынша мәтін мазмұнын бойынша түсінгенін жеткізеді, өз ойын айтады. Өзара сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа түседі. Төл сөз бен автор сөзін үлгіге салып жазады.
Тілдік мақсаттар: Пәнге қатысты сөздік қор: кәсіпқой палуан, жоқшылық, ауқатты, жалдану, әлемдік деңгей, жығу, бүркеншік ат
Талқылауға арналған сұрақтар: Қандай спорт жұлдыздарын білесіңдер? Балуан деген атау кімге беріледі? Қазіргі кезде Қазақстанда балуандарға арналған қандай жарыстар өтеді?

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі.
Түрі - түсті фишкалар арқылы топқа бөлінеді.
1 - топ» Балуан Шолақ» /Нұрмағанбет Баймырзаұлы/
2 - топ «Қажы Мұқан» тобы
3 - топ«Жақсылық» тобы

Ұ. Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жүректен жүрекке» тренингі. Әр топ бір - біріне бүгінгі күнге жақсы тілектерімен бөліседі.

Оқылым алдындағы тапсырма. 1 - тапсырма.
Білу.
гир, барыс, жер шары
Тақырыпты болжау сұрақтары:
Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
Үш суреттің ортасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
Қандай тақырыпта әңгіме қозғалады?
Қандай спорт жұлдыздарын білесіңдер?
Балуан деген атау кімге беріледі?
Қазіргі кезде Қазақстанда балуандарға арналған қандай жарыстар өтеді?
Дескриптор:
- сұрақтарға жауап берді

ҚБ: «Ауыз екі баға». Қолпаштау сөзі. Жарайсыңдар! Тамаша! Өз ойын айтуда қысылмай еркін әрі әдемі жеткізуге тырысқан оқушыға мұғалім «Керемет!», ал өзінің пікірін барынша жеткізгендерге «Жарайсың!» деп марапат жасау.

Түсіну.
грек - рим күресінің палуаны, спорт шебері, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров
Дәулет Тұрлыханов грек - рим күресінің палуаны, спорт шебері, әлем чемпионы

«Қазақстан Барысы - 2017» турнирінің жеңімпаздары
1 - орын. Еламан Ерғалиев
2 - орын. Ұлан Рысқұл
3 - орын. Садық Мұстафаев

Ұлттық күрестен «Қазақстан Барысы - 2018»турнирінің
жеңімпазы Ержан Шынкеев

Балалар біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алып күштің иесі – Қажымұқан Мұңайтпасов».

Сұрақтарға жауап алу мақсатында оқушыларға сабақтың мақсаты таныстырылады.

2 - тапсырма. Мәтінді оқиды. Таныс емес сөздермен жұмыс жасайды.
«Сөздердің тұжырымдамалық картасы» әдісі.
Алып күштің иесі – Қажымұқан Мұңайтпасов жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама