Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Тапқыр достар" интеллектуалдық экологиялық сайыс
География пәні мұғалімі Сауле

Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар» интеллектуалдық - экологиялық сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы білімдерін дамыту.
Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы мен ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір - біріне байланыстылығы, оның ішінде» адам - қоғам - табиғат» байланыстылығын білуге үйрету, оқушылардың ұжымдасып жұмыс істеуі, басқаларды тыңдауы, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай білу біліктіліктерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың экология курсынан алған білімдерін пайдаға асырып өздігінен әрекет ете алатын, өмірлік жағдайға қолдана білетін жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген өзіндік көзқарасы бар, Отанын сүйетін азамат атануына үлкен әсерін тигізеді.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды пайдалану, ойлау қабілетін дамыту. Қоршаған ортаның сапасын жақсартуды қарастыру, тірі табиғатпен ізгілікті қарым – қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд - шоу, мақал - мәтелдер, Қазақстанның физикалық картасы, ақындардың табиғатты аялауға шақырған өлеңдері, видеоролик.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың типі: Сыныптан тыс - сайыс сабақ
Сабақтың өтілу барысы:

Экологиялық тәрбие беруге мемлекеттік деңгейде мән беріліп, елбасы Н. Ә. Назарбаев « Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында және « Қазақстан эканомикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты республика халқына жолдауында ерекше экологиялық ұстанымдарын көрсетті. Экологиялық ұғым - дарды әрбір ұстаз бен тәрбиеші, отбасындағы ата – ана күнделікті өздерінің өнегелі іздерімен байланыстырып отыруы абзал.
Жүргізуші.
Жер – ана, адамдарды көмекке шақырады!
Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ!
Досың – жер, су, ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың силығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?!
Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас! Әр ұрпаққа туған жер!
Не берсе де, беретіні – қарызға! –
Деп Хамит Ерғалиев ағамыз жырлағандай, «Тапқыр достар» интеллектуалдық – экологиялық сайысымызды бастайық.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру
2. «Жедел сұрақ»
3. «Ойлан тап»
4. «Сен білесің бе?»
5. «Ойлы болсаң шешіп көр»
6. «Сөз тапқанға...»
7. «Өнерпаз болсаң»

Сайысқа 9 – 10 класс оқушыларынан екі топ қатысады.
«Жасыл ел», Жас эколог» топтары. Сайысты бағалау балдық көрсеткішпен бағаланады.

І кезең. «Таныстыру». 2
Әр топ өзінің атын белгісін, ұранын қорғайды (5 ұпай) және топ басшылары жарысқа түседі» Мақалдың жалғасын табу» Әр басшыға 1 минутта 5 сұрақтан қойылады (әр дұрыс жауап 1 ұпай).

1 - топ. «Жасыл ел»
1. Бір тал кессең, (он тал ек)
2. Бұлақ көрсең көзін аш, (Құдық көрсең шегенде)
3. Тау бұлағымен көрікті( бұлақ құрағымен көрікті)
4. Сулы жер (Нулы жер)
5. Арманымен ер сұлу (Орманымен жер сұлу)

2 - топ «Жас эколог»
1. Орман - ел дәулеті (Жер сәулеті)
2. Атаңнан мал қалғанша (Тал қалсын)
3. Сулы жер құрақсыз болмас (тау бұлақсыз болмас)
4. Ер - елдің көркі, (орман - тоғай - жердің көркі)
5. Дала көркі – мал, (өзен көркі – тал)

Ақтөбе облысы,
Байғанин ауданы, Жаңатаң ауылы.
География пәні мұғалімі Сауле

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама