Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
"Киіктің айласы" Әуелбек Қоңыратбаев
Ана тілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға автор туралы қысқаша түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын түсіндіре отырып, негізгі ойды анықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ой - өрістерін, тіл байлықтарын арттыру. Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Табиғатқа деген қызығушылықтарын ояту, жануарларды қорғап, аялай білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сипаттау, ой қозғау, талдау.
Көрнекілігі: Ә. Қоңыратбаев суреті, аң - жануарлардың суреті, мақал - мәтел, сөзжұмбақ, интеративті тақта
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
М. Сүндетовтың «Қайырымдылық» мәтіннің мазмұнын айту. Мәтін бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау.
Сұрақтар:
1. Мұғалима Мұхтарды не үшін мақтады?
2. Мектептен келе жатып қандай оқиғаға тап болды?
3. Мұхтар не үшін қуанды?
4. Мұхтарға анасы не үшін ұрыспады?
5. Әңгіме неге қайырымдылық деп аталған?
6. Қайырымдылық дегеніміз не?
7. Балалардың әрекеті дұрыс па?

ІІІ. Сабақты бекіту.
Дәптер бойынша берілген тапсырмаларды тексеру.
Тапсырмалар: 1. Кейіпкерге хат.
2. Қамқорлық
3. Мұхтарға мінездеме.
( Балалар өздерінің жазып келгенін оқып береді.)
- Тақтада сандар берілген. Осы сандарды ретімен қойсаңдар, бүгінгі күнгі жаңа тақырыптың аты шығады.
10 - к
30 - і 20 - и 70 - ң, 80 - а 130 - ы
40 - к 50 - т 60 - і 90 - й 100 - л 110 - а 120 - с
К и і к т і ң а й л а с ы

ІV. Жаңа сабақ.
1. Автор туралы мәлімет беру.
Әуелбек Қоңыратбаев

1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген
Әдебиет зерттеуші, сыншы, ғылым докторы
Педагогикалық оқу орнында қызмет атқарған
«Сұр көжек», «Ғ. Мұратбаев туралы естелік, «Қозы Көрпеш»жырын. «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне аударған.

2. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргіземін.
б) Оқушыларға кезекпен оқытамын.
Қосымша мәлімет беру: Киік - жұптұяқ жануар. Киікке байланысты аңыз - әңгімелер, теңеулер жиі кездеседі. Мысалы: «Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» (Асан - Қайғы). «Киіктің киесі бар» деген ұғымдар халық арасында кеңінен тараған. Киік деп халық көбінесе, ақбөкен мен қарақұйрықты айтады.
Балалар енді тапсырмаларды орындайық.
1 - нұсқаға:
1. Мәтінге сүйеніп, аң мен жануардың жауларынан сақтанатын қару - құралын, айла - тәсілін ата. (Қасқыр - тіс, қабан - азу, ақбөкен - аяқ. Теке өтірік ақсап, өз үйірін қорғады.)
2. «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша айтып көр.(таяқ сілтем - жақын)

2 - нұсқаға:
1. Мәтіннен ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты оқы. (Теке өзінің үйірін, буыны қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті. Сөйтіп ол қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті. Киіктің бір текесі он шақты қасқырды осылайша алдап кетті.)
2. «Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап.(шаршаған, шалдыққан)
3. Суретпен жұмыс.
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрау.
4. Топтастыру
Киік

Баласын құралай дейді
Көзі әдемі, аяқтары жіңішке
Танауы үлкен
Таза су ішеді
Шөппен қоректенеді
Мүйізінен дәрі жасайды
Жауы көп

V. Сергіту сәті.
«Мақал - мәтелдер жалғасын тап» ойыны.
1. Балығы болмаған ---- көл құрысын,
Киігі болмаған ----- шөл құрысын.
2. Тауда жүрген ---- киіктің
Көзінен өзге ----- айыбы жоқ.
3. Қасқырдың ойлағаны ---- арамдық,
Қойдың ойлағаны --------- амандық.
4. Қасқыр тойғанына емес, ------ қырғанына мәз.

VІ. Сабақты қорыту. Сөзжұмбақ шешу.
1. Мәтіннің авторы кім?(Әуелбек)
2. Қасқырлар нелерге шабуыл жасады?(киік)
3. Қасқырлардың қаруы.(тіс)
4. Мәтінде қай мезгіл суреттелген?(күз)
5. Ақбөкеннің сүйенері не?(аяқтары)
6. Ақбөкен қандай аң?(жүйрік)
7. Қасқыр, қабан ше?(аң)
8. Киіктің лағы.(құралай)
9. Ақбөкен қандай үй жануарына ұқсайды?(қой)
10. Теке өзінің үйірін қасқырлардан несі арқылы құтқарды?(айла)
11. Қабанның қаруы.(азу)
12. Киіктер суатқа не үшін келді.(су)
13. Киіктердің жауы.(қасқыр)

VІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып, мазмұндау.
Табиғаттағы аң - құстардың тіршілігі туралы шағын әңгіме жазып келу.
VІІ. Бағалау

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Егіндібұлақ селосы №43 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Мухаметжанова Д. Т.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама