Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі
5 класс. Әдебиет.
І. Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов "Лашын" әңгімесі
ІІ. Сабақтың мақсаты: С.әбит Мұқанов "Лашын" әңгімесінің ой-түйінін, тақырыбы мен идеясын ашу
ІІІ. Сабақтың міндеті: б) Әңгіме мазмұнын, кейіпкерлер сырын таныту
т) Оқушылардың"аңшылық", "саятшылық" туралы қызығушылығын ояту
д) Оқушыларды жүйелі мазмұндай білуге дағдыландыру;
ІҮ. Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Ү. Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту
ҮІ. Әдісі: Сөз әдісі (түсіндірмелі, баяндау, талдау, деңгейлік тапсырмалар, топтастыру стратегиясы, сэнкуэн әдісі)
ҮІІ. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)
2) Үй тапсырмасын сұрау; а) М. Әуезов "Ақын қонақтары"
Шолу сұрақтары:
а) Әңгіме қалай басталып еді?
ә) Әңгіме кейіпкерлері кімдер?
б) Абайдың сырт келбеті қалай суреттелген?
в) Абайдың сырқатынан айығуына не себеп болды?
г) Зере мен Ұлжан әңгімелері
д) Құтты қонақ жырлары
е) Барлас берген бата. Батаның қазақ тәрбиесіндегі мәні
и) Қонақтарға ризалық
Актуалдау: Жақсы, балалар, осы әңгімеде Абайдың өмірінің бір кезеңі-балалық шағы туралы айтылады. Себебі, М. Әуезовтің балалық шағы да осы ауылда өткен еді. Абай өлеңдерінен жастай нәр алып, сырына қанық еді. Сондықтан, М. Әуезов Абай туралы, оның өмірі туралы көсілте жазуының да бір сыры осында жатса керек. Енді кейбір жазушыларымыз өзі бастан кешкен оқиғаларды, балалық шағын өзі жазады. Оны "автобиографиялық әңгіме" деп те атайды. Сондай шығармалардың бірі-С. Мұқановтың "Өмір мектебі" романы. Біз бүгін сол романның үзіндісімен танысамыз.
Жаңа сабақ: С. Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстанда дүниеге келген. Молдадан оқып сауат ашқан. Абайдың, Ғ. Тоқайдың шығармаларын сүйсіне оқып, одан тәлім алған. Омбы қаласынан мұғалімдік оқуды бітіреді. Шығармалары: "Мөлдір махаббат", "Аққан жұлдыз", "Балуан Шолақ", "Ботагөз" т. б. Енді біз бүгін өткелі отырған"Өмір мектебі"- нен алынған үзінді "Лашын"- да
- Біз лашын туралы бұрыннан білеміз бе?
- Иә, әңгіме қалай басталған еді?
- Балғабайдың Ахметі кім?
-"Атбегі", "Құсбегі" дегеніміз кімдер?
- Лашын келбеті әңгімеде қалай сипатталады?
- Лашынды аңға қай мезгілде салады?
- Үйрек алу тәсілі
- Лашынның түрлері
- Қазды алу тәсілі
- Дуадақ қандай құс?
- Құс салудың қызықты кезеңі қандай?
- Ахметтің айласы қандай?
- Бізді таңқалдырған қуаныш
Дамыту: Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей: Әңгімеден лашынның, Ахметтің портретін тауып жаз.
2-деңгей: Саятшылық дегенді қалай түсінесің? Аңшылық туралы мақал-мәтелдер жаз.
3-деңгей: "Саятшылық – өмірдің бір қызығы" (ой-толғау жазу)
Жеке оқушылармен жұмыс: Әрбір құстың сайрау дыбыс әртүрлі.
Олай болса, қане, ойланып көрелік:
Сұңқар саңқылдайды
Қаз...
Бүркіт шаңқылдайды
Үйрек...
Құр, кептер құрылдайды
Қарға...
Жапалақ барқылдайды
Шағала...
Аққу сұңқылдайды
Тырна...
Қарлығаш шиқылдайды
Торғай...
Сауысқан шықылықтайды
Тауық...
Батпылдақ батпылдайды
Көкек...
2) Әңгімеде қандай кәсіп туралы айтылады? "Құсбегілікке"қатысты қандай кәсіби сөздер бар? Томаға, дабыл, дабылдату, саятшылық, саңғу, оттау, тұғыр, биялай сөздерінің мәнін ашу керек.
(Деңгейлік тапсырмаларды тексеру)
Бекіту: Мына үзіндіден теңеу сөздерді теріп жазыңдар:
Лашын денесінің бар көлемі жұдырықтай ғана, бірақ қанат, құйрығымен тұтас алғанда сүңгуір қайықтай ұп-ұзын көрінетін, маңдайы жайпақтау келген, тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғылт саусақтарының басына имие біткен сұрғылт тұяқтарының ұшы егелген біздей өткір, жазған қанатының ұш жағы іп-істік боп кеткен, құйрықтары сауысқандай ұзынша. (жұдырықтай, қайықтай, жолбарыс тырнағындай, біздей, сауысқандай)
Қорыту: "Бір қызық ісім екен сұм жалғанда" деп Абай айтпақшы, Абай өлеңіне назар аударалық. (1-2 шумағын оқыту) (Қанатты сөздер арқылы қорыту)
Лашын
(Сипаттама беру)
Не? Қандай? Қашан? Қайда? Не істейді?
Лашын жыртқыш шілдеде аңға түседі.
Үйге тапсырма: а) Әңгімені оқу, мазмұндау
ә) Аңшылық туралы мақал-мәтелдер жазып келу
б) Дуадақ, үйрек, қаз туралы мәлімет жинау
Оқушылардың еңбегін бағалау.