Сан есімнің түрлері
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрлері. Есептік сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың сан есім туралы алған білімін кеңейту, сан есім туралы бұрын білетіндері мен жаңа білімді ұштастыру.
Дамытушылығы: ойлау қабілетін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелігі: өз тілін, ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: логикалық сұрақтар жазылған парақтар, схема - плакат, тестік карточкалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру. Үйге берілген 161 - жаттығу жұмысы. Сан есімдерді қатыстырып «Біздің сынып» тақырыбында әңгіме құрастыру.
Жаңа сабаққа кіріспе. «Қызығушылықты ояту» стратегиясы.
Оқушылар, сіздер тақтаның жанында ілулі тұрған қоржынды көріп тұрсыздар. Осы қоржынның ішінде белгілі бір суреттердің бөліктері берілген. Сол суретті жылдам әрі тез тапқан оқушы сұрақтар алады.
1941 жылы 22 маусымда неміс фашистері тұтқиылдан елімізге шабуыл жасады./ сан есімдерді тауып, құрамына қарай ажырат/
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Мақал - мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып, құрастыр.
Сом, ақша, жүз, болғанша, жолдас, болсын, жүз.
Тілін, жұрттың, біл, жеті
Түрлі, білім, жеті, біл.
Сан есім туралы түсінік бер.
Құрамында сан есімі бар өлең жолдарын айт.
Сан есімі бар мақалдан мысал келтір.
Жаңа сабақ эпиграфы
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар.
Кілең төрттік алғандар,
Бесті ғана армандар.
Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты сан есім туралы білімімізді кеңейтіп, сан есім туралы білетіндерімізді жаңа біліммен ұштастыру.
ІҮ. «Мағынаны тану» стратегиясы арқылы жаңа сабақты меңгерту.
Тақтаға қарап сан есімнің мағынасына қарай бөлінуіне назар аударайық.
Сан есім
1. Есептік
2. Реттік
3. Болжалдық
4. Топтау
5. Жинақтық
6. Бөлшектік
Дәптерімізді ашып, күннің жадын, бүгінгі өткелі отырған тақырыпты жазайық.
Ең бірінші, бізді айнала қоршаған зат, орта болады. Оның атауын білдіретін сөздер зат есім деп аталады.
Екінші, сол заттардың түр - түсі, салмағы, сын - сипаты болады. Оның атауын білдіретін сөздер сын есім деп аталады.
Үшінші, заттардың саны болады. Сан есім: заттың санын білдіргенмен, барлық заттың саны бірдей болмайды. Сол себепті сандар біреуі нақты, біреуі топтау, жинақтау, бөлшектік т. с. с мағынасын береді.
Есептік сан есім нақты мағынаны білдіреді. Олай болса өзіміз мысал келтіріп, ережені шығарайық. / заттың нақтылы санын білдіріп қанша? неше? Деген сұрақтарға жауап береді./ Тақтаға қарайық
Болар бала он бесінде бас болар,
Болмас бала отызында жас болар.
Бұдан нені байқауға болады? Есептік сан есімдер дара, күрделі болып келеді. Және ол сан есімнің басқа түрлерін жасауға көмектеседі. Мысалы: Бес - бесеу, бесінші, беске жуық.
Жаңа сабақты бекіту. «Ой қорыту» стратегиясы.
162 - жаттығу жұмысының үш сөйлемін дәптерлеріне жаздыртамын. / Оқушы парталасының қатесін тексереді / қалғанын тақтада жалғастыру.
163 - жаттығу
600 951 1409 3000
351 458 280 1689
951 1409 1689 1311 1311 бастауышқа келген оқулық саны.
Абай атамыз «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші біздің күнделікті тұрмысымызда, той - думандарымызда айтылып жүрген өлеңдердің де тақырыптары: мысалы: «16 қыз», «Бір келіншек», «Жиырма бес», «Екі жирен», «Бір бала», «Жетісу» т. б.
Сіздерге Қожанасырдың шығарған ойын есебін айтайын. Бірде мұғалім көбейту тақырыбына Қожанасырды тақтаға шығарыпты. Тақтада көбейту кестесіне жақындаған Қожанасыр 1 - ден 10 - ға дейін ғана санау біледі.
Көбейту кестесіне Қожанасыр өзінің 10 - ға дейін санын қойып шығыпты. Бір саны жетпей қалған соң Қожанасыр дұрыс жазбаған болармын деп әлгі сандарды кері қойып шығыпты.
9х2 18
9х3 27
9х4 36
9х5 45
9х6 54
9х7 63
9х8 72
9х9 81
«Ой толғаныс» стратегиясы./жеребе арқылы тапсырманы алу/
1 - тапсырма: 20 теңгемен сөйлес.
2 - тапсырма: Сіріңке талдарынан белгілі бір нәрсе құра.
3 - тапсырма: 10 жылдан соң тақта қандай болады деп ойлайсың?
4 - тапсырма: 6 қарындаштың көмегімен 4 тең үшбұрыш жаса.
Тақтамен жұмыс.
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Оралдан оралған олардан
Омаржан оқ көріп,
Он бөрік, тон беріп тоналған.
Бір көлде он екіден қаз ойнайды,
Алсам деп бірін - бірі наз ойнайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып,
Бір - бірін алмасына еш қоймайды.(Дойбы)
«Ой қорыту» стратегиясы. Тест жұмысы.
Сан есім сөздің қай тобына кіреді?
А. Көмекші есім
Ә. Атаушы есім
Б. Одағай
Заттың нақты санын білдіретін сан есім
А. Реттік
Ә. Жинақтық
Б. есептік
Заттанған сан есімдерді көрсет
А. Тоқсаннан асты, жүзге жетті.
Ә. Тоқсан жастан асты, жүз жасқа жетті.
Күрделі сан есім қалай жасалады?
А. қосарлану арқылы
Ә. тіркесу арқылы
Б. қосарлану және тіркесу арқылы
Дара сан есімді белгіле.
А. Бес
Ә. мың тоғыз жүз
Б. жиырма бес
Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
Сабақтан қандай әсер алдың?
Не үйрендің? /пікір жазу/
Үйге тапсырма: сөзбен есеп құрастыру.
Оқушы білімін бағалау.