Саңырауқұлақ саясында
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Саңырауқұлақ саясында
Мақсаты: Балаларға ертегіні көлеңке театры арқылы тамашалата отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Балалардың ақыл-ой белсенділіктерін арттыра отырып, достық, ынтымақтастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, ертегі желісін түсініп тыңдауға машықтандыру.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ертегіні сахналау, жаңылтпаш айтып жұмбақ шешу, бой сергіту, ойын ойнау.
Қажетті көрнекіліктер: Теледидар, қуыршақ, суреттер, саңырауқұлақтар, сиқырлы айна.
Пәнаралық байланыс: Математика, айналамен таныстыру, тіл дамыту.
Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Тақпақ жаттау, жаңбырдан соңғы шөптерді, құстардың, құрт-құмырсқаларды, көбелек, бақа т. б. бақылату.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрлі емес
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің типі: Жаңа білім беру
Іс-әрекет теледидардан екі қуыршақтың әңгімелесуімен басталады)
Күшік: Ав-ав, мысық, жүр далаға шығып, ойнап келейік.
Мысық: Мияу, мені мазаламашы, ұйқым келіп отыр.
Күшік: Қыстай пеш түбінде ұйықтадың ғой, оянсаңшы, ав-ав. Көктем келді ғой, ав-ав.
Тәрбиеші: Ой, сен екеуіңе тағы не болды?
Мысық: Күшік мені мазалай береді.
Күшік: Көктем келді, далаға шығып ойнайық десем шықпайды. Өзі бір жалқау, ав-ав.
Тәрбиеші: Күшік сенікі дұрыс. Көктем келіп, күн жылынып, дала тамаша болып тұр. Бірақ сәл шыдаңдар, балалармен бірге шығарсыңдар. Сендер оданда алдарыңа қараңдаршы, қандай әдемі балалар отыр. Олар бізді, біз оларды естіп, көріп отырмыз. Олай болса, балалармен амандасайық.
Саламатсыңдар ма, балалар!
Тәрбиеші:- Балалар, сендер менің қасымда кімдер отырғанын көріп отырсыңдар ма?
- Ия, мысық пен күшік.
- Ия, балалар, менің мысығым жалқаулау болғанмен күшігім өте ақылды. Сондықтан сұрағыма күшіктен бұрын жауап беретін болыңдар, келістік пе?
Күшік:- Апай, мен мысыққа жаңылтпаш айтайыншы.
- Ал, айта ғой, мысық сен де дайындалып отыр.
Күшік:- Көкек кеп, көктеп көк, көктем келді.
Мысық:- Көкек, көктеп, көктем келді.
Күшік:- Мысық дұрыс айтпады.
Тәрбиеші:- Күшік, бұл жаңылтпашты мүмкін балалар айтып берер.
Күшік:- Балалар, сендер тез-тез айта аласыңдар ма?
- Ия, айта аламыз. Балалар жаңылтпашты айтады.
Тәрбиеші:- Ой, жарайсыңдар, балалар!
Мысық:- Мияу, менің ертегі тыңдап ұйықтағым келіп тұр.
Тәрбиеші:- Мысық, сен ұйқыдан басқа не білесің?
Күшік:- Балалар қандай ертегі біледі екен?
Тәрбиеші: Оны балалардан сұрайық. Балалар, қазір ертегідей ғажайып сәт болатынына сенесіңдер ме? Олай болса, көзімізді жұмып, бәріміз бірге 5-ке дейін санайық.
1, 2, 3, 4, 5
Жарайсыңдар, балалар! Енді көздеріңді аша қойыңдар. Мен сендердің қастарыңдамын.
Күшік:- Ав-ав, апай, балалар қандай ертегі біледі екен?
Тәрбиеші:- Оны білу үшін балалар теледидарға қарасын.
«Түлкі мен тырна» ертегісі сурет арқылы өтіп жатады.
Тәрбиеші:- Балалар, қай ертегіден үзінді көрдіңдер? Ертегі не жайында?
- Бұл «Түлкі мен тырна» ертегісі. Түлкі мен тырна бірін-бірі қонаққа шақырады.
2. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі (үстел үсті)
Тәрбиеші:- Мынау қай ертегі? Ертегі не жайында болатын?
- Бұл «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
Күшік: - Ав-ав, мен айтайыншы.
Тәрбиеші: Күшік, сен тұра тұр, біздің балаларда ақылды, өздері айтады.
3.»Шалқан» ертегісі фланеграф арқылы көрсетіледі
Балалар бұл ертегіні де, естеріне түсіріп айтып береді.
Мысық:-Мияу, бұлар ертекті толығымен қашан айтады?
Тәрбиеші:-Ертегіні балалар емес, мен айтсам қалай болады?
Мысық:-Мияу, жақсы болды ғой.
Күшік: Ав-ав, ертегі тыңдамас бұрын менің жұмбағымды шешіп берсін.
Тәрбиеші: Балалар, құлақ салып тыңдаңдар, жұмбақтың шешуін таппасаңдар ертегі айтылмайды.
Өз қалпағын жасынан
Тастамайды басынан (саңырауқұлақ)
Балалар шешуін табады.
Тәрбиеші:- Олай болса, балалар, «Саңырауқұлақ саясында» деген ертегіні сиқырлы айнадан «көлеңке театры» арқылы тамашалайық.
(Сиқырлы таяқшаны айнаға тигізеді. Ертегі көлеңке театры арқылы көрсетіледі)
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Ия, ұнады.
- Ал, сендер, қалай ойлайсыңдар, бәрі қалайша саңырауқұлақтың астына сыйып кетті?
- Кішкентай саңырауқұлақ жаңбыр жауғасын өсіп кетті
- Саңырауқұлақ алғашында қандай еді?
- Кішкентай еді.
- Ия, «көңіл сыйса – бәрі сыяды». «Жауын жауса жер ырысы» деген осы екен. Осылай бәрі бірігіп, бір саңырауқұлақ астына тығылып, қоян түлкіден, қалғандары жауыннан аман қалыпты. Бір-бірімен дос болып, қиындықта көмектесу керек.
- Олай болса, бәріміз тұрып, бой сергітіп алайық.
Ұзын мұртты құмырсқа
Бара жатыр жұмысқа
Жаңбыр жауды кенеттен
Көлбеңдеген көбелектің,
Секеңдеген торғайдың
Ұзын құлақ қоянның,
Үсті басы су болды.
Жауып өткен ақ жауын
Бірлікке бәрін шақырды.
Сұрақ-жауап:- Балалар, осы ертегідегі құмырсқа жөнінде не білеміз?
- Құмырсқа жерде жүреді, ол өте еңбекқор.
- Көбелек жөнінде не білеміз?
- Көбелектің қанаты әдемі, ол гүлге қонады.
- Бақа ше?
- Бақа суда, жерде жүреді.
- Қоян жөнінде не білеміз?
- Қоянның құлағы ұзын. Ол-қорқақ.
- Ал, саңыруқұлақ жөнінде не білесіңдер?
- Саңырауқұлақ орманда, талдардың түбінде өседі. Оның басында қалпағы бар.
- Жарайсыңдар, балалар! Біз осындай өсімдіктерді аялап, қорғап жүруіміз керек екен.
Ойын: «Тез құрастыр»
Балалар суреттерді тез құрастырып ойнайды.
Күтілетін нәтиже: Балалар өтілген ертегілерді еске түсіріп айта алады.
Жұмбақ шешіп, жаңылмай жаңылтпаш айтады. Ойланып жауап беруді меңгереді.