Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Пән аты: Әдебиеттік оқу
Сабақтық тақырыбы: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай…»
Мақсаты: 1. Оқушыларды Абайдың «Желсіз түнде жарық ай..» өлеңімен таныстыру. Табиғаттың сұлулығына шабытты суреткердің көзімен қарай отырып, адам өмірі мен табиғат құбылыстарының арасындағы жалғастық пен үндестіктің бар екенін ұғындыру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын байыту. Еріктілікті дамыта отырып, қиыншылықты жеңе білуге тырысу.
3. Адамгершілік тәрбиесін беру, табиғаттың сұлулығын, көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны қастерлеуге, табиғат бейнесін адам өмірі деп білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, көрме, электронды оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, іздену, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, дүниетану, музыка
Қолданылатын жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың оқу құралдарын әзірлетіп, назарларын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Наурыз - жыл басы»
1. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту
2. Мазмұндау сұрау, сұрақтарға жауап алу
III. Үй тапсырмасын жан - жақты тексеру
көктем айы наурыз күн жылы
жаңа жыл аналар мереке

IV. Жаңа сабаққа кіріспе
1. Сөзжұмбақ шешу
Жаңа сабақтың тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы ашу. Интерактивті тақтамен жұмыс Сөзжұмбақтың шешуі: «Желсіз түнде жарық ай..». Балаларға тақырыпты хормен айтқызу. Өлеңнің авторы – Абай Құнанбаев.
Абайдың өмірі, шығармашылығы туралы түсіндіру. Абай өз өлеңдеріне әндер жазған. Абай атамыздың атында көшелер, мектептер, жоғары оқу орындары, опера және балет театры бар. Абайдың мұражайы өзі туған Семей қаласында. Қазір сендер Абайдың мұражайы туралы толық мағлұмат аласыңдар.
2. Интерактивті тақтадан электронды оқулықты пайдалана отырып мұражайды көрсету.
3. Кітап көрмесімен таныстыру
V. Жаңа сабақтың мазмұны
1. Оқулықпен жұмыс
«Желсіз түнде жарық ай..» өлеңін оқушыларға мәнерлетіп оқыту.
Мазмұнын түсіндіру. Өлеңнің мазмұны табиғат туралы екен. Бұл өлеңге Абай ән жазған
2. Өлеңді әнмен тыңдату
3. Дәптермен жұмыс
Абайдың өлеңдерін дәптерлеріне жаздыру
VI. Оқушы білімін жан - жақты пысықтау
Топтық жұмыс: I топ Мұрагер
II топ Тұлпар
1. шарт «Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез» деп аталады./ тест сұрақтарына жауап беру/
2. шарт Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу
3. шарт Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Өлеңнің жалғасын тауып топтастыру
VII. Қорытынды
Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу
VIII. Үйге тапсырма
1.«Желсіз түнде жарық ай…» өлеңін жаттау
2. Абайдың өмірбаянынан деректер жинау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама