Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ш. Құдайбердиев. Адамның нашар мінезі
Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердиев. Адамның нашар мінезі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ш. Құдайбердиевтің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.
Міндеттер:
1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
2. Ұйымшылдыққа, шығармашылыққа, ізденіске баулу
3. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:
1. а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар терезеге қараңдаршы. Бүгін неткен тамаша, жарқын күн. Күн сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш, күлкі сыйлады. Жарқын күн нағыз сиқыршы. Сиқырлы күн бүгінгі сабақта бізге сенім мен табыс берсін. Бір - бірімізге қарап күлімсіреп сиқырлы күн сыйлайық.

ә) Сәлемдесу:
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
«Ана тілім – ардағым»
2. Психологиялық дайындық.
Шеңбер құрып Қ. Мырза Әлидің «Болады - болмайды» өлеңін оқу
Болады – болмайды

Күйші болуға / болады /
Биші болуға / болады /
Ерке болуға / болады /
Серке болуға / болады /
Пысық болуға / болады /
Кішік болуға / болады /
Ақын болуға / болады /
Маман болуға / болады /
Жаман болуға / болады /
Айтпақшы! Жаман болуға / болмайды /!
Топқа бөліну, топ басшыларын сайлау, бағалау парағын тарату.

3. Үй жұмысын қорытындылау. Топтарға тапсырма.
1 - ші топқа: мәтінді сахналау.
2 - ші топқа: мазмұндау.
Қызығушылықты ояту. – Бүгінгі сабақты Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен бастайық. (Өлеңді жатқа айту)
-. Абай атаның бес асыл іс деп отырғаны нелер? Талап. Еңбек. Терең ой. Қанағат. Рақым.
- Бес асыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Енді адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді еске түсірейік.
Жағымды: әдепті, ізетті, адал, сыпайы, инабатты, еңбекқор, алғыр
Жағымсыз: өтірікші, дөрекі, ызақор, надандық, ашуланшақ, еріншек, жалқау
- Жағымсыз қасиеттердің ең нашары не деп ойлайсыңдар? (Ызақорлық және еріншектік.) Одан аулақ болуымыз керек.
Мағынаны тану.
- Олай болса, балалар, біз бүгін Ш. Құдайбердиевтің осы тақырыптағы «Ызақор», «Еріншек» өлеңдерін оқимыз. Шәкәрім суреті интерактивті тақтада көрініп тұрады. Автор туралы мағлұмат беру.
Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11 - шілдеде Семей облысы, Абай ауданында туған. Оның әкесі Құдайберді - ел билеуші аға сұлтан Құнанбай Өскенбаевтың баласы, Абайдың туған ағасы. Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, сазгер.

4. Оқулықпен жұмыс.
«Ызақор» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.
- Өлең кімге арналған?
- Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап.
- Егер ашу қысқан кезде не істеу керек?
Ашу қысқан кезде өзіңді өзің ұстай біл.
Ашуланған кезде 1 - ден 10 - ға дейін іштей сана.
Жақсы нәрсе туралы ойла.
Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
Басқа адамдарды ренжітетініңді ойла.
Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
Ашуды ақылға жеңдір.

5. Сергіту сәті.
Қырға шықсаң өрлеп, (қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді)
Мұның аты – Еңбек. (екі қолын жаяды)
Кесте тіксең, зерлеп, (оң қолын ине ұстап қимыл көрсетеді)
Мұның аты – Еңбек. (екі қолын жаяды)
Сабағыңды жөндеп (жанындағы көршісіне қарап қарап қолын жаяды)
Әзірленсін – Еңбек. (екі қолын жаяды)
Қиындықтың бәрін (құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (екі қолын жоғары)
-«Адал еңбек» дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Топтастыру.
Еріншек: Надан Олақ Ойсыз Ұйқышыл Жалқау
Олай болса, Шәкәрімнің «Еріншек» өлеңін оқып көрейік. Мәнерлеп оқу, талдау. «Харекет» деген сөзге түсінік беріп кету.
- Ақын еріншекті қалай суреттейді? (Оқушылар өз пікірін айтады)
- Жаман мінезден қалай арылуға болады?

7. Дәптермен жұмыс. Мақалдарды жазу.
8. Ой толғау.- Қазір осы оқылған, өлеңдер, айтылған мақал - мәтелдер негізінде шығармашылық тапсырмалар орындайық. (Құрманғазының күйін орташа дауысымен орындалады).
1 - топқа: Ызақор адамның бейнесін салу.
2 - топқа: Еріншек баланың суретін салу.
Ш. Құдайбердиев. Адамның нашар мінезі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама