Технология жаңалықтары. Есімшенің септелуі
Үздік ұстаз бәйгесіне
Қатысатын категориясы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
Сабақ тақырыбы: Технология жаңалықтары. Есімшенің септелуі.
Сабақтың мақсаты:
- Specific (спесифик) – нақтылық;
- Measurable (мизербэл) – өлшенбелік;
- Attainable (әттейнэбл) – қолжетімділік;
- Relevant (риливант) – шынайылық;
- Time - bound (тайм баунд) - уақыт ауқымында шектеулілік;
Білімділік: Өздері таңдап алған мамандықтарына сай Қазақстанда және әлемде болып жатқан технология саласындағы ғылыми жаңалықтармен таныстыру, жаңалықтардың әлемді қалай өзгертетінін біліп, түсіндіру. Мәтінмен дұрыс жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, ой - қабілеттіліктерін арттыру, өз ойларын жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Ғылыми ой - идеяларын дамыту. Сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту, жаңа сөздермен таныстыру, сабақта жеке тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту, ізденушілік, зерттеуге деген қызығушылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Заманауи ғылыми жаңалықтарды біле отырып, Отанымыздың өсіп - өркендеуіне күш салуға, Отансүйгіштікке адамгершілікке, инабаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбилеу.
Сабақтың түрі, тегі: Білім және іс - әрекет тәсілдерін кешенді қолдану. Әңгімелесу және практикалық сабақ.
Сабақтың өткізілу әдістері: айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым.
Сабақтың жабдықталуы:
Оқу көрнекілік құралдары: сызбалар, кестелер, суреттер.
Үлестірмелі материалдар: үлестірлемі қағаздар, мәтіндер, оқулықтар.
ТОҚ: компьютер, экран, диск, видео, слайд.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі, информатика.
Әдебиеттер:
1) Дюсебаев С., Байтилеуова Г. Қазақ тілі. 11 - сынып. А, 2014. 221 - 230 бет.
2) soyle. kz. қазақ тілін онлайн оқыту сайты. Жазылым, айтылым тараулары.
3) Н. Тастанбекова. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде № 12. Алматы, 2015 ж.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу, түгендеу, аудиторияның сабаққа дайындығы;
Б) Білім алушылардың сабаққа дайындығы.
ІІ. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру:
Үй тапсырмасы: сұрақтарға жауап беру, жаңа сөздерді қайталау.
1. Алғашқы қазақстандық академия қашан ашылды?
2. Оның тұңғыш президенті кім болып сайланды?
3. Академиктер қатарындағы көрнекті ғалымдарды атаңдар?
4. Академияда қандай бөлімдер құрылды?
5. Қай ғылым саласы ерекше дамыды?
6. Астрономия саласында қандай ғылыми табыстарға қол жеткізді?
7. Басқа салаларда қандай ғалымдар елеулі үлес қосты?
Тыңдалым әдісі.
Миға шабуыл: Бейнефильді көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.
III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі: 40 мин.
Жаңа сабақты түсіндіру: Мәтінмен танысу, мазмұнын аудару. Оқылым әдісі.
٭Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым) – ғылыми - практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс - тәсілдерінің жүйесі.
Ұялы телефон қалай пайда болды?
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр.
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью - Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады.
Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1, 15 килограмм тартатын.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Жай ұялы телефон/смартфон.
Сөздік - Словарь
байланыстыру – связывающий қолданыс - применение
сым – провод
өнертапқыш – изобретатель
ұялы – сотовый
серуен – прогулка
соққан қоңырау – звонок ая - радиус
сала – область, отрасль, сфера
ажырамас - неотделимый
хаттамасы - сообщения
шегі - граница
1 - жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Алғашқы телефонды ойлап тапқан кім?
2. Алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан кім?
3. Купер қолданған ұялы телефонның салмағы қанша еді?
4. Ұялы телефонға ең алғаш зор қызығушылық танытқан елді атаңдар.
5. Ұялы телефон не арқылы байланыс жасауға арналған құрал?
6. Ұялы телефонның қандай түрлері бар?
7. Қазіргі ұялы телефондар қандай?
Грамматикалық тақырып. Есімшенің (причастие) септелуі.
Бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқарады. (Выполняет функции то именных слов, то глагола)
Ереже: Есімше есім сияқты түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады. (Изменяясь по падежам, числам, имея притяжательные окончания, выполняет функции имени)
Жұрнақтары:
1. – ған - ген - қан - кен /өткен шақ мағынада/ /знач. прош. времени/
2. – ар - ер - р /келер шақ мағынада//знач. будущ. времени/ - с -(болымсыз тұлғасына)
3. – атын - етін - йтын - йтін/өткен шақ мағынада//значение прошед. времени/
4.– мақ - мек - пақ - пек - бақ - бек /мақсат мағынада/ /значение цели/
Есімшенің септелуі:
А. Көр+ген, кел+ер, бер+мес, бар+атын, ал+мақ
І. келер - дің, бермес - тің, баратын - ның, алмақ - тың
Б. көрген - ге, келер - ге, бермес - ке, баратын - ды, алмақ - қа
Т. көрген - ді, келер - ді, бермес - ті, баратын - ды, алмақ - ты
Ж. көрген - де, келер - де, бермес - те, баратын - да, алмақ - та
Ш. көрген - нен, келер - ден, бермес - тен, баратын - нан, алмақ - тан
К. Көрген - мен, баратын - мен
Есімшенің – ар, - ер – р, - с,- мақ,- мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы жалғанбайды. (К причастиям с данными суффиксами не присоединяются окончаниятворит. п.)
Есімшенің сөйлемдегі қызметі (функция причастия в предложении)
Бастауыш: Сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. (В именительном падеже является подлежащим) Мысалы: Жаз+ған үндемеді. Оқы+ған білімді болады.
Баяндауыш: Жіктеліп, баяндауыш болады. (Имея личные окончания, является сказуемым)
Мысалы: Ертең мектепке бар+ар+мын. Қызықты қазір көр+ер+сің.
Толықтауыш: Атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып, толықтауыш болады. (Субстантивируясь во всех падежах кроме Им. п. и Р. п., является
дополнением) Жұрнақтары (суффиксы) - ған - ген - қан - кен
Мысалы: Ұял+ған+ды Құнанбай кешірмейтін. Ол оқы+ған+дар+ын айтып берді.
Пысықтауыш: Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде, немесе көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады. (В дательном, предложном, местном, исходном, творительном падежах, также в сочетании со вспомогательным именем или с послелогами является обстоятельством)
Мысалы: Біл+мек+ке (Б. с.) кетті көңілі. Осыны сез+ген сайын (қашан?) Абай тоқтаусыз жыр тереді. (М. Ә.)
Анықтауыш: Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады. (В сочетании с существительным или находясь в родительном падеже является
определением) Жұрнақтар: - ған - ген - қан - кен - атын - етін - йтын - йтін - ушы - уші.
Мысалы: Көш+кен (қай?) ауылды іздеп табалық. (Ы. А.)
Айт+қан+ның (кімнің?) аузы жаман, көр+ген+нің (кімнің?) көзі жаман.
Ескерту: Көптік жалғау – ған - ген - қан - кен - атын - етін - йтын - йтін тұлғалы есімшелерге ғана жалғанады. (примеч): (Окончания множественности присоединяются только к причастиям с данными суффиксами).
Алматы қаласы
«Тұран» университеті колледжінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
Айнабекова Кульзипа Туленбековна
Технология жаңалықтары. Есімшенің септелуі жүктеу