Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Шапан (ұлттық киім)
Тақырыбы: Шапан
Мақсаты: Ұлттық киімдер туралы білімдерін кеңейту.
Шапанның суретін салуға, оны әшекейлеуге жаттықтыру. Ою - өрнек түрлерінің ерекшеліктерін көріп, бағалауға баулу. Көркемдік талғамдарын арттыру.
Көрнекіліктер: Шапанның суреті, ақ қағаз, субояқ, желім, плакат, техникалық құрал.

Сабақтың барысы:
* Жылулық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Құрметті біздің қонақтар!

* Балалардан жауап алу:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктем айында қандай мерекелер бар?
*Сурет бойынша әңгіме.
Наурыз мерекесі жөнінде сурет бойынша әңгімелесіп, қазақ халқының ұлттық бұйымдарына, киімдеріне тоқталу. Буклеттегі суретті көрсете отырып, сұрақтарға жауап алу.

* «Түстерді ата!» ойыны.
Ойынды ойната отырып, шапанның суретін шығарып алу.
- Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта біздер шапанның суретін саламыз. Қазақ халқы шапанды «жағалы киім» ретінде бағалайды. Үлкен жиындарда, тойларда адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» - үлкен құрметтің белгісі болып саналады. Сондықтан да шапанды төрлеріне іліп қойған. Шапан түсі, ою - өрнегі жағынан әр түрлі болып келеді.

* Жұмыс барысы:
- ақ қағаздың бетіне қалыпты қойып бастыру;
- шапанның жиегіне ою орналастырып бастыру;
- өздеріне ұнаған түсті таңдап, бояп шығу

* Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Жинап бойға күш.
Күнде бестік аламыз,
Қуанып үйге қайтамыз.
Балалардың жұмыстарын қадағалап қарап шығу.

* Сабақты қорытындылау.
«Шапан жайылған керме» ойыны. Балалардың жұмыстарын кермеге жаю. Жақсы, ұқыпты жасалынған жұмыстарды балалармен бірге талдап, мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама