Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
К. Табей «Ол ақын болар ма еді?
Ана тілі 3 - сынып
Тақырыбы: К. Табей «Ол ақын болар ма еді?»
Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға мәтінді негізге ала отырып «Желтоқсан оқиғасының» тарихын, маңызын түсіндіру. Сол көтеріліске қатысқан күрескер жас Қайрат Рысқұлбековтың ерлігін, жақсы қасиеттерін үлгі тұту.
2. Дамытушылық. Балаларды байланыстырып, жүйелі, мәнді сөйлеуге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік. Оқушылардың елі үшін құрбан болған батырларымыздың ерлігін дәріптеп, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып патриоттық тәрбие беру.
Сабақ әдісі: ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау сабағының элементтері.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек!
Психологиялық дайындық
(Релаксация түрінде үнтаспадан А. Еңсеповтің «Көк байрақ» күйі орындалады)
- Қане балалар, көзімізді жұмайық!
- Өзіңді көк аспанның төрінде самғап ұшып келе жатқан қыран құстың бейнесінде елестет. Сен көк аспанды жарып ұшқан, желіне де дауылына қарамайтын қырансың. Қане көзіңе елестет! Анау тұрған биік тауды көрдің бе? Оның ар жағында өз алдына дербес, еркін де тәуелсіз ел бар. (Көшпенділер фильмінен үзінді)
ІІ Өткенді қайталау
- Балалар қай ел екен?
- Қазақстан!!!
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Еркін, дербес, ұланғайыр, бейбітшілік орнаған, азатты, ең бастысы «тәуелсіз»!
Тәуелсіздікті алмас бұрын еліміз қандай қиын заманды басынан өткізді?
- Жоңғар шапқыншылығы, 1937 - 38жылдардағы репрессия, 1930 - 32 аштық жылдары, 1941 - 45ж ҰОС
- Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?
- Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Нүркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев.
Ендеше алдыларыңдағы ноутбуктың пернетақтасын бассаңдар сендерге арнайы сұрақтар беріледі, қане жылдам жауап берейік.
• Рақымжан Қошқарбаев кім?
• Рейхстаг деген не?
• Рақымжан өз командирінен қандай тапсырма алды?
• Ту тігу үшін командир Рақымжанды неге таңдап алды?
• Тапсырма қалай орындалды?
• Рақымжан Қошқарбаев туралы қосымша не біліп келдің?(экраннан Р. Қошқарбаевтың суреттері)
Көрініс: «Ту тіккен Рақымжан»
Ой түйіндеу.
Сонымен осы ер батырларымыз не үшін, кім үшін, не себепті соғысқан?
- Ұлы жеңістің неше жылдығын атап өттік?
- Келер жылы қандай үлкен шара болғалы тұр?
Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне 20 жыл
Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өз алдына дербес;
• Халқы бар, белгілі аумақты иеленеді
• Мемлекеттік рәміздері, Ата заңы, мемлекеттік тілі;
• Ұлттық салт - дәстүр, ұлттық ойыны, биі бар

ІІІ Сергіту сәті.
Қазақтың ұлттық биі «Қара жорға»

ІҮ Жаңа сабақ
- Қазақстан республикасы қай жылы тәуелсіздігін жариялады?
- 1991ж 16 желтоқсан
Тәуелсіздіктің бастамасы қай жылы болды? Өздерің желтоқсан оқиғасы туралы білесіңдер ме?
- 16 желтоқсан 1986 жыл
(Тақтадан желтоқсан оқиғасына арналған слайд, үнтаспадан «Желтоқсан желі» әні)
Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.
Желтоқсан айы... Желтоқсан мен қараша сол бір, екі ай. Кешегі дүркіреп өткен 1986 жылдың желтоқсанында қазақ халқы ұлтаннан сұлтан болып, тар жол, тайғақ кешуден өтті.
16 желтоқсан Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдырған небәрі 18 минутқа созылған Республика Орталық пленумда Республикамызды басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Колбин сайланды.
17 желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар «Тәуелсіздік керек. Қазақ елінің көсемі сайлансын!» - деген тілек білдірді. Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жастардың арасында Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова болды. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайраты Рысқұлбеков те бар еді.
- Ендеше бүгінгі сабағымызды желтоқсан құрбаны болған Қ. Рысқұлбеков ағамызға арнаймыз.

Кітаппен жұмыс.
• Мұғалімнің оқуы
Оқушылар іштей оқиды
• Сөздік жұмыс: Пешене – жазмыш, тағдыр
Он екіде бір гүлі ашылмаған – жас
• Сұрақ - жауап:
1. Әңгіме кім туралы?
2. Мәтіннен Қайрат Рысқұлбеков жөнінде не білдің?
3. Әңгімеде Қайраттан басқа тағы қандай «Желтоқсан құрбандарының» аттары аталған?
4. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? Желтоқсан қозғалысына қатысушылардың арман - тілектері не еді?
5. Қазақстан қай жылы өз тәуелсіздігін жариялады?
• Тауып оқу:
1) Мәтіннен Қ. Рысқұлбековтің өз шығармаларынан келтірілген үзінділерді тауып, мәнерлеп оқы.
2) Қайраттың әке - шешесінің есімдерін ата, олардың сөздерін тауып оқы
• Бөлімге бөлу, ат қою
(Экранда әр бөлімге сай келетін атаулар шығады, оқушылар әр бөлімнің тақырыбын таңдап алудың себебін түсіндіреді)
Боздақтар арманы орындалды
Білімге ұмтылған Қайрат
Қайрат мәңгі есімізде
Балаң жүректің жан сыры

- Балалар, қазақта қасиетті сандар бар, сол сияқты 21 санының Қайраттың өмірінде қандай із қалдырды?
• 21 жасында тұтқындалды
• 21 күн сот алдында тергелді
• Семейдегі абақтыдағы 21 камерасында тұтқында отырды
• 1988 жылдың 21 мамырында қайтыс болды
• Бес жыл өткен соң, 21 - ақпанда ақталды

Дәптермен жұмыс: деңгейлік тапсырма

Жазушылар аймағы – ЭССЕ “Мен Қайрат ағамыздың ерлігін мақтан тұтамын”
Ақындар аймағы – 4 жол өлең
Зерттеушілер аймағы – Қайратқа мінездеме беріп сипаттау және Венн диаграммасын құрып, Р.Қошқарбаев пен Қ. Рысқұлбековті салыстыру

Шығармашылық тапсырма (компьютермен орындайды)
Оқушылар тінтуірдің көмегімен көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып орнын табады.
1. Болат... шынығады,
Батыр... шынығады.
2. Жүк ауырын... көтереді,
Ел ауырын... көтереді.
3.... жер көгерер,
... ер көгерер

Бұл мақал – мәтелдер жалпы не туралы?
- Батырлық, ерлік туралы
- Алайда, қазіргі заманда ерлік немесе батыл іс дегенді қалай ұғасыңдар? Сендер ерлік жасадыңдар ма?
ІV Қорытынды
INSERT
Білемін
Білдім
Білгім келеді

V Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VІ Үйге тапсырма
Жазушылар аймағы – эссе “Ер есімі – ел есінде”.
Ақындар аймағы – Қайрат ағаның өлеңін жаттау.
Зерттеушілер аймағы – Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхаметжанова туралы деректер жинау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама