Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Шеңбер мен симметриялық осьтер құру «Ғарыш әлеміндегі өрнектер»
Пәні: бейнелеу
Сабақтың тақырыбы:Шеңбер мен симметриялық осьтер құру «Ғарыш әлеміндегі өрнектер».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ою үлгілерін сызып, бояудың әдіс - тәсілдерін меңгерту, алған білімдері арқылы VII қысқы Азияда ойындарындағы спортшыларымыз сияқты 7 қырынан көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс - әрекеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының салт - дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: бейнелеу сабағында компьютерді пайдалану.

Пәнаралық байланыс: сурет, музыка, тарих, әдебиет, математика.
Сабақтың құрал - жабдықтары: қайшы, желім, сызғыш, бояулар, қарындаш, өшіргіш, түрлі - түсті қағаз, картон, бор, қағаз, мата, ине, жіп
Сабақтың көрнекілігі: матадан тігілген ою үлгілері, суреттер, буклеттер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа даярлау, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қызығушылығын ояту.
Өткен сабақты сұрақ - жауап арқылы қайталау, бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Шеңбер мен симметриялық осьтер құру «Ғарыш әлеміндегі өрнектер».

VII қысқы Азияда ойындары Астана мен Алматы қалаларында 30 - қаңтар мен 6 - ақпан аралығында өтті. Ондағы біздің нышанымыз «Азия барысы» болды. Енді сол Қазақстанның барысы сияқты біздің спортшыларымыз 7 қырынан көріне білді. Сондықтан сендер бүгінгі сабақта өз бойларыңдағы барлық күштеріңді, қайсарлықтарың мен алғырлықтарыңды Қазақстан барысы сияқты 7 қырынан көрсетуге тырысуымыз керек.

Ою - өрнек қазақ даласына оқу - сызу пайда болмай тұрып дүниеге келді десе де болады. өткен ғасырда ою - өрнекпен адамның ойын, немен шұғылданғанын тіпті хан мен бай, кедей іс - әрекеттерінде осы арқылы ұғуға болады. Ою - өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты. Қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханалары болған жоқ. Олар үйдің не даланың кез келген жерін ыңғайлап, сол жерді шеберханаға айналдырған.

Ою - өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді
1. Өсімдік тектес ою - өрнектер.
2. Жануар тектес ою - өрнектер.
3. Геометриялық фигуралар тектес ою - өрнектер.
4. Ғарыш әлеміне байланысты ою - өрнектер.
Қазақтың ою - өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда «Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады»- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді
Енді ою - өрнек, шеберлік, өнер туралы мақал - мәтелдер айтсақ.
1. Өнер сыры – өрнекте.
2. Ою ойғанның ойы ұшқыр.
3. Ою ойған сызу да сызады.
4. Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
5. Өнерсізден құт қашады.
1) Ою - өрнек дегеніміз – сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу.
2) Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.
3) Симметрия дегеніміз – ою - өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.
4) Колорит дегеніміз – ою - өрнектің бояу түрлерінің ою - өрнектің бір - бірімен үйлесіп, жарасым табуы.
Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.
5) Ритм дегеніміз – ою - өрнекте бір элементтің қайталанып келуі

IY. Сарамандық жұмыс.
1. Ботакөз оюы
2. Сынық мүйіз оюы

Жұмбақ шешу.
1. Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
(түйе, түйетабан, ботакөз, өркеш)
Қазақ оюының ең бір кең тараған үлгісі
(сынық мүйіз)
2. Қыз есімімен аталатын өрнек.
(Ботакөз)
3. Арқалаған тауы бар,
Іші толған қоры бар.
(түйе)

Тест сұрақтары
1. Ең көне ою
А) қошқармүйіз
Б) тұмарша
В) қызғалдақ
Г) жұлдызша

2. Магиялық ою
А) тұмарша
Б) гүл
В) шимай
Г) қазмойын

3. Түйе баласына қатысты ою
А) шеңбер
Б) жапырақ
В) ботакөз
Г) өрмекші

4. Жануар тектес ою
А) сынақ мүйіз
Б) шиыршық
В) шұғыл
Г) қармақ

5. Өсімдік тектес.
А) жауқазын
Б) қос мүйіз
В) өркеш
Г) тұмарша

6. Оюдың неше түрі бар?
А) 250
Б) 200
В) 150
Г) 170

7. Геометриялық ою.
А) сүйір
Б) айшық
В) бітпес
Г) өрмекші

8. Ғарыш тектес
А) шеңбер
Б) үш жапырақ
В) қаз мойын
Г) шынжыра

9. Ұннан әзірленген ұлттық тағамның атымен аталатын ою
А) бауырсақ
Б) таба нан
В) шелпек
Г) қарма нан

10. Түскиізге салынатын өсімдік тектес ою.
А) жауқазын
Б) қызғалдақ
В) мак
Г) раушангүл

11. Оюдың камзолға салатын түрі
А) шимай
Б) ағаш
В) сыңар мүйіз
Г) ботакөз

V. Қорытындылау, бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
Ою - өрнекті қағазға қиып үйрену, ою - өрнек туралы 5 жолды өлең жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама