Шерменде өткен өр тұлға
Сабақтың тақырыбы: Шерменде өткен өр тұлға.
Сабақтың мақсаты: Құлагер бейнесі арқылы әлеуметтік теңсіздік сырын ашу. Ақан серінің қайғыдан туған мәңгі жасайтын, халық жүрегіне ұялаған, қанды қол жендетке таңба басқан, қазақ қиялының ғажайып аты, өрен тұлпарға ескерткіш орнатқан «Құлагер» өлеңі мен әнінің шығып таралуын оқушыларға дәлелдеп, түсіндіру, таныстыру.
Сабақтың міндеті: білімділік - Ілияс Жансүгіров қызметі, өмірі, шығармаларының тақырыбы мен негізгі ойы туралы өз беттерімен және топпен білім алуға үйрету. Оның «Құлагер» поэмасындағы тарихи тұлғаны сомдауы, талант пен дарынсыздың тартысын, Ақанның трагедиялық образ екендігін және дәуір шындығын ашуын негізгі идеясын меңгерту; тәрбиелік - Ақан өмірі - өнер адамының рухани тазалығының үлгісі өнердің тіршілік тартысынан жоғары тұратындығының белгісі екендігін түсіндіре отырып, оқушыларды Ақандай өр, қайсар талант иесі болуға тәрбиелеу. Саңлақ сазгер, дүлдүл әнші, елінің еркесі Ақан серінің өнегелі өмірін үлгі ете отырып, қызғаншақтық, күншілдік, көреалмаушылық сияқты жаман мінездерден сақтандыру. Өнерді құрметтей білуге үйрету; дамытушылық - оқушының сыни көзқарасын қалыптастыру. Ашық, еркін сөйлей білуге баулып, тілін дамыту. «Құлагердің» психологиялық сырын (қауіп, қорқыныш, қайғы, күйініш сезімдерін) ашу барысында оқушылардың сезімін ояту. Сөздік қорын молайту, дамыту, көркемдік құнды ерекшеліктерін ашу, ат сипатын салыстыру арқылы әдеби - теориялық білімдерін дамыту.
Жаңаша оқыту технологиясы: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту (авторлары: Чарлз Темпл, Джинни Стилл, Курт Мередит)
Әдісі: Сұрақ - жауап, ЖИГСО, талдау - жинақтау, кластер, шығармашылық ізденіс, ой қорыту, т. б.
Түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Типі: Жаңа сабақты игерту.
Пәнаралық байланыс: тарих, ән - күй, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Ілиястың, Ақанның портреті, Құлагер бейнесі, интерактивті тақта т. б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Шаттық шеңберін құрып оқушыларды психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау.
- Ал, қәнекей балалар шаттық шеңберін құрып қол ұстасайық. Енді көзімізді жұмып барлық жаман ойлар мен өкпе наздарымызды ұмытып, тек жақсылықты ойлайық. Күн шығып бізге күлімдеп тұр. Ал біз бір – бірімізге күлімдеп тұрмыз. Енді көзімізді ашып жақсы тілектермен сабағымызды бастаймыз. Оқушылар бір - бірлеріне жақсы тілектер білдіріп сабақ оқуға кіріседі.
І. Қызығушылығын ояту.
- Балалар мына суреттерге қараңдаршы, өздеріңе ұнаған, жүректеріңе жақын суретті таңдап бір топ құрыңдар.(Ілияс, Ақан, Құлагер суретін оқушыларға көрсетемін. Ілияс өлеңдерін ұнататын оқушылар бір топқа, Ақан серінің өмірін ұнататындар бір топқа, Құлагер сияқты тұлпарды ұнататын балдар бір топқа жиналып 3 топқа бөлінеді.)
Үй тапсырмасын тексеру.
ЖИГСО әдісі арқылы 3 топ Ілияс Жансүгіровтың өмірі және қызметі, балаларға арналған шығармаларының тақырыптары, ақынның танымдық сипаты, ақын өлеңдеріндегі эстетикалық идеал тақырыптарындағы мәтіндерді эксперименттік топта талқылап, түсініп алады. Сонан соң жанұялық топтарына барып бірінші бөлімнен бастап кезек - кезек әр оқушы өздерінің оқып келгендерін айтып түсіндіреді. Осы әдіс бойынша берілген мәтіннің мазмұнымен барлық оқушы танысып шығады.
«сандар сыр шертеді» кестесі бойынша Ілияс өмірі, қызметіне шолу жасайды.
1 - топ тапсырмасы:
Сандар сыр шертеді
1905 - 1911, 1912, 1915, 1920 - 1921, 1925 - 1928, 1934 - 1936, 1938, 1894
Балаларға арналған шығармаларының тақырыптары.
(Кестені әр топтан оқушылар шығып толтырады).
2 - топ тапсырмасы:
Ілиястың балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптары
Оқу білім - Табиғат - Еңбек
3 - топ тапсырмасы:
І. Жансүгіровтың бастауыш сынып оқулықтарына енген шығармаларын көрсетіп жатқа айту.
1 - сынып
«Жазғы шілде»
2 - сынып
«Күн шыққанда»
3 - сынып
«Жазғытұрым»
4 - сынып
«Көкшетау», «Шәркей»
ІІ. Мағынаны тану.
Жаңа сабақты меңгерту:
- Балалар, біз кейінгі ұрпаққа заман сырын терең ашқан І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасымен танысамыз. Бүгінгі сабақта Ақанның трагедиялық образ екендігін ашуымыз керек.
Кезінде Мәшһүр Жүсіп «Ақан – заманның сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі» деген екен. Заманынан озып туған дүлдүл әнші, майталман орындаушы Ақан сері неге трагедиялық образ болады? Саңлақ мініп, сұлу сүйген Ақанның трагедиясы неде? Сол бір келмеске кеткен дәуір шындығын ашуымыз керек.
1. «Құлагер» өлеңі мен әнінің шығу тарихы. І. Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен байланыстыра баяндаймын. Ас туралы түсінік беріп өтемін. Ақан мен Батыраштың бетпе-бет кездесуін 2 оқушы от шарпыған өткір диалогтар арқылы көрініс көрсетеді.
2. І. Жансүгіровтің «Құлагер»поэмасына дайындап келген суреттер слайдын көрсете отырып баяндап беремін. Баяндау барысында өлген атының басында отырып, Ақан суырып салып өлең мен ән шығарған, ол ән «Құлагер» екенін айттым.
3. «Құлагер» (әнін) өлеңін электронды оқулықтан тыңдатамын. Оқушыларға өлеңді тыңдап отырып, не көрдіңдер? Нені елестеттіңдер? Қандай құбылысты байқадыңдар? деген сұрақтар қойдым.
4. Оқушылар өздері елестеткен, байқаған құбылыстарды айтады. Мысалы: Ақынның қорқынышын, қауіптенуін Құлагердің ерекшелігін, ерен жүйріктігін, Ақанның Құлагермен бірге өлгісі келгенін, адамға да айырбастамайтынын, қайғыға амалсыз төзуін, болашаққа үмітпен қарауын, Құлагердің өлерін түс көру арқылы сезуі, Ақанның өкініші, Құлагердің жүйріктігімен иесіне пайда келтіруі, Құлагердің бүкіл ел абыройын көтергендігін, Құлагердің өлімі Атығай, Қарауыл елдерінің қайғысы екендігін Ақанның Құлагерді өлтірген жауызға өлім тілеуін т. б
«Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің»,
«Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім»,
«Жібектей күлтеленген құйрық жалын»,
«Ор болып қалушы еді шапқан жерің».
Лирикалық “Құлагер” өлеңінің көркемдік құнды ерекшелігі ақынның өз басындағы психологиялық өзгерістерді шынайы суреттеуінде, бұнда ат портретін де толық көзге елестете білген. Ақанның күйінішінің ең шарықтау шегіне жеткізіп:
«Өлді деп, Құлагерді естігенде,
Жұлдым да сақалымды ойбайладым»- деп суреттейді, өлеңнің әрбір сөзі Құлагердің жоқтауындай естіледі. Жұптасу және топтасу әдісі арқылы «Тұлғаны танып біл» оқыта үйрету ойыны бойынша оқушыларға Ақан бейнесін жан - жақты ашудағы шығармашылық ізденіс жасауды тапсыру.
1. Ақан – тарихи бейне.
«Туғаны Арқадағы Арғын елі, Өскені Көкшетаудың шалғын жері» деп ақын жырлағандай аты аңызға айналған Көкшетау өңірінің Қоскөл деген жерінде 1843 - 1913 жылдар арасында өмір сүрген тарихи тұлға. Зілқараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған қараторғай деген бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген тазыны алады. Осы кезде Ақанның қолына Көбей - қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан, алты алашқа аты шыққан Құлагер түседі. Құлагер арқаның талай астарында аузымен құс тістеген талай жүйріктерден озып жүреді. Ақан мен Құлагер аты елге жайылады. Ақан 1876 жылы Керей руының паң Нұрмағанбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп алып барады. Бәйгеге қосылған жүйріктерден дара шығып жұлдыздай ағып келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш деген бай соққыға жығып өлтіреді. Қанатынан айрылған Ақан зары, Ақан қайғысы «Құлагер әнін туғызды. Өркөкірек, тарпаң байларға қарсы қарапайым халықтың қайраты жетпейтін заман шындығын, күштілер өктемдік жүргізген заманның мұңды сазын шерткен тарихи жыр дүниеге келеді.
2. Ақан – композитор
Аққудың әсем үніндей жаныңды жадыратар, жүрегіңді елжіретер, құлақ құрышыңды қандырар майда көмей әннің ырғағына елтіген халық Ақан жанынан кетер емес. Әншіге деген халықтың ықылас - пейілі Ақан дұшпандарының іштерін күйдіреді, ән сазына өздері де елжіреп ынтыға түседі. Оның әндері беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігі мен сұлулықты жырлайды. Ол – адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді. Ақан – нәзік жан, асқан өнер иесі. Бірнеше әннің авторы. «Балқадиша», «Сырымбет», «Үш тоты» т. б. әндері – халық арасында ұмытылмас, мәңгілік мұра. Ақан әнімен мәңгі жасайды. «Құлагер» поэмасында ақынның негізгі айтпақ ойы - өнердің өшпейтіні, өнерліге өлім жоқ деген тұжырым. Ақан мерт болған пырағы Құлагерге арнап әлемде кездеспейтін ән шығарған, өзіне өзі мәңгі тозбас ескерткіш соққан.
3. Ақан – айтыс шебері.
Ақан талай арқалы ақындарды тулақша сіліккен, қара өлеңді орып айтқан айтыс өнерінің дүлдүлі болған. Ол – Жүсіп Төре, Орынбай, Тезекбай сияқты ақындармен айтысқан. Мәшһүр Жүсіп және Есмағұл Қодығабаласымен хат арқылы айтысқан. Ақан жұмбақтар да шығарған. Табан астында тауып айтатын тапқыр, суырып айтар шешен болған. Ақанның тапқырлығы туралы ел ішінде мынадай әңгіме бар екен. Ақан серінің Құлагерден айрылып қайғырып жүрген кезі екен. Қылышбай деген біреу: - Сағынайдың асына жүреріңде менің қара шаңырағымнан дәм татып кеткеніңде дүлдүлің аман қалатын еді - дейді. Сонда Ақан: - Қанды сүргінде жүріп Әзірет Әлінің торға, тұлпарының орға жығылғаны сенің үйіңнен дәм татпағаннан болған екен ғой, - деп тұтқиылдан жауап беріпті. Ақанның жүрген жерлерінде алуан түрлі сөздер қалған екен.
4. Ақан – аңыздық кейіпкер.
Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт және 15 - 20 жігітті өзі тәрбиелеп нөкер қылып алады, сол жігіттердің алдында қолбасындай өзі оқшау отырады. біресе боз атқа мініп ақ киген, біресе қара атқа мініп қара киген. Басында – бұлғақтаған үкі, қолында домбыра, аузында - ән.
Міне ғажап! Ертегі өмір емес пе?! Өмір айдынында аққудай жүзіп, үкідей үлпілдеп жүрген Ақанды бірақ күнде мұң шалды. Құлагерінен айрылып, қанаты қайрылып былық тұрмыстан безгенде, халық оны ұға алмай, Ақанның жұмбақ өмірін шеше алмай оны алып барып періге балайды. Дұшпандары неше саққа жүгіртіп, өсек, өтірікке таңуы әділетсіздіктің бір көрінісі еді.
«Тұсында сері болсын, пері болсын Ұнайды өмірімен Ақан маған» деп Ілиястың өзі айтқандай өмірінің сұлулығымен аты аңызға айналған аңыздық кейіпкер дер едім.
5. Ақан – сері.
Ақан билік айтқан, дау қуған, мал жинаған адам емес, астында – жүйрік аты, қолында – қыран, серілік өнер қуған, өмір айдынында қаздай қалқып, қудай жүзген, сұлуды сүйген. Мұны ақын шебер суреттеген. Халықтың сал - серілік салтының озығын ұстанып, оны өзінің ерекше, бөлек болмысымен шырқау биікке көтеріп, заманның көркем бейнесіне айналған асқақ тұлға.
6. Ақан – трагедиялық кейіпкер.
Сағынайдың асында атынан қапыда айрылып жүрегі қан жылаған ақын естен танды. құлагер ер қанаты ғана емес, Ақанның рухани медеу тұтқан серігі еді. Құлагердің мерт болуымен бірге Ақанның өзі де рухани қазаға ұшырады. Құлагер өлгенде Ақан «Ел бетін қалай көремін» депті. Ақанның жан күйзелісін осы бірауыз сөз ұқтырып тұрғандай. Көл еркесі аққу, көк еркесі сұңқар – Ақанның қанаты қайрылды, пырақты шабысынан айрылды. Елінен, жерінен безді. Жалғыз өзі елден жырақ күй кешті. Құлагер өлімі жаралы жанын күйреткен, аяусыз соққы болды. Қиянат пен әділетсіздіктен жапа шеккен Ақанның халін Ілияс «құлазып күздігүні Көкшетаудай, Қызықтың көшіп кеткен саржайлауы» деп бейнелейді. Ақан жан жолдасын қолымен өлтіргендей күйінеді. «Мал да болса адамнан есті жануар - ай, шабуға жіберерде салбырап, басын төмен салып, кәдімгідей көзінен жас бұршақтап тұрды - ау. Осы сұмдықтың болатынын білген екен ғой» деп өкінеді, қайғыдан жүрегі қарс айрылады.
Мұғалім сөзі:
- Жігіттің бағланы, жұртының ардағы, тіл біткеннің шешені, суырылып сөйлер көсемі болған Ақанда теңіздей терең ой қалды. Ақанның трагедиясы қара күште, сұм заманда, пасық жандарға бас ие алмаған қайсарлығында. Біз өнер адамдарын бағалай алуымыз керек, оларды біз мақтан тұтамыз балалар.
Аяқ - қолы байланған Біржан сал, кісен салынған Құрманғазы, Жаяу Мұса, Мәдидің тағдырлары да аянышты.
Жаңа сабақты пысықтау. Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма:
1 - топ:
Осы байқаған құбылыстарыңды өлең мәтінінен тауып оқып береді.(Оқушылар мәтіннен тауып оқиды)
2 - топ:
Құлагердің жүйріктігін сипаттайтын бейнелі сөздерді, тіркестерді өлеңнен тауып оқиды?
І. Жансүгіров поэмасында Құлагердің сипатын ат сыншысы Күреңбай сыншының көзімен береді.
3 - топ:
Табиғат төсінде еркін тіршілік ететін жануарлар мүшесіне ұқсатып аттың сынын тамаша суреттеген тағы қай ақынды білетіндерін айтады.
Абайдың «Аттың сыны» өлеңін бір оқушы жатқа оқиды.(бейнелі сөздерді табады).
Абай жүріске берік, ұзақ жолда иесін далада тастамайтын мықты атты бейнелесе, Ілияс аузымен құс тістеген өрен жүйрікті суреттейді.
Екі өлеңді салыстыру жұмысы жүргізілді.
Ойын «Бәйге» (ойын тәртібі шеңбер бойындағы 1 шумақ өлеңді кім тез тауып оқиды, ол кімнің шығармасынан?)
Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,
Кісі ме еді ақындықтан құр алақан.
Ортасын олқы көрген бұл да дара,
Имеген иттерге бас сері дарқан.
Сұрақ - Балалар, Лермонтов, Пушкин деген кімдер?(Оқушылар жауап береді. Орыс әдебиетінен шығармаларын оқығанын айтады.)
Ілияс поэмасында Лермонтов пен Пушкин тегін айтылмаған, олардың Ақанмен рухани бауырластығы, трагедиялық тағдырластығы көрсетіледі.
«Мың бір мақал» ойыны. Мақал - мәтелдер (жылқы жануары туралы балалар білетін мақал - мәтелдерін айтады).
Жаңа сабақты бекіту. І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы бойынша сұрақ – жауап әдісімен берілген сұрақтарға жауап алу.
1. І. Жансүгіров кім?
2. Ақын «Құлагер» поэмасын қалай жазды? Негізгі тақырыбы, идеясы.
3. Поэмада ащы сатира, улы ирония бар ма?
4. Құлагер мен Ақан трагедиясы поэманың қай бөлімінде шешіледі?
5. Қалай ойлайсыңдар, қазіргі өнер адамдарына қастандық жасала ма?
Мұғалім сөзі: Сабағымыздың негізгі түйінін ашып, ойымызды топтастыру әдісімен жинақтайық.
Ақан – трагедиялық образ. Трагедиясы неде?
Сұм заманда
Қара күште
Әділетсіз орта
Сүйгенінен айрылуында
Құлагердің мерт болуында
Күншілдікте
Қайсарлығында
Дарынсыздар талантты тұқыртты
Ақандай өнер адамын бағалай алмауында
ІІІ. Ой толғаныс.
Рефлексия
«Ортасын олқы көрген ол бір дара» тақырыбына ойтолғау жазу.
Сабақты қорытындылау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ақанның өмір жолы қызықты әрі ерекше. Өмірінің соңғы кезінде жалғыздықпен мұңдасты.
Оның бұл қылығы өзінің қатыгез заманына мойынсұнбай өткен тәкаппар ақынның бейнесін танытады. Тіршіліктің ұсақ-түйегіне алданбай, бойын тік ұстап кетті. Сондықтан да Ілияс:
«Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған», - деп кейіпкеріне деген ілтипатын жасырмай, ашық айтқан.
Ақан өмірі - өнер адамының, жалпы адамның рухани тазалығының үлгісі, өнердің тіршілік тартысынан жоғары тұрғанының белгісі. Қанды қол жеткенде таңба басқан, қазақ қиялының ғажайып аты өрен тұлпарға ескерткіш орнатқан «Құлагердей» ән шығарып, халқына таратқан Ақан - өз кезіндегі әнші - ақындар тобының аса көрнекті өкілі. Әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерін өлеңіне арқау еткен Ақан өнерімен де, ерлік өмірімен де кейінгі ұрпаққа, туған халқына үлгі болды.
Бағалау. Вассерман технологиясы. Өзін – өзі бағалау. Жиынтық баға.
Үйге тапсырма:
1.«Құлагер» поэмасына сатылай кешенді талдау.
2. «Ат – ер қанаты»шығарма жазу.