Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сұлулық сыры неде?
Сұлулық сыры неде?
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қайырлы кеш оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сұлулық – сыры неде?» деп аталады.
Тақырыптың мақсаты: Оқушыларды сұлулық, көркемдік, әдемілік ұғымын сезіне, түсіне, көре білуге тәрбиелеу. Оқушылардың адам әдемілігі туралы алған білімдерін, ойлау шеберліктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Оқушыларға эстетикалық - этикалық тәрбие беру. Қыз балалар тәрбиесін, қыз баланың - әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, бейнекөрініс, слайд т, б

Тәрбиеші: Құрметті оқушылар! Мен бүгінгі отырысымызды Абайдың мына тамаша өлеңдерінен бастағым келіп тұр.
Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.
Тереңдеп қарайсың,
Телміріп тұрмайсың.
Бейхабар жүргенсіп,
Бек қатты сынайсың.
Кең маңдай, қолаң шаш,
Я бір кез, я бір құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз,
Қарағым бетіңді аш.

Абай сұлудың сыртқы сұлулығын осылайша жыр әуезіне қосады. Қарасаң шынымен де адам тамсанатындай көз алдыңа ару елестейді.
Адамның қылығы, мінез - құлқы мен іс - қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие.
Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл - әрекет, пішін немесе ой - қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, және оның сұлулығы. Осы тұста біз ерекше қыздарымызға тоқтағымыз келіп отыр, яғни «Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекшіміз.

1 - оқушы: Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.

2 - оқушы: Қазақ халқының қызды ерекше қастерлеген, тұңғыш болып өмірге келсе, «ырыс» деп бағалаған. «Елдің көркі» деп олардың жүрегін жылылыққа бөлеп жандарын жаманшылықтан алыстап өсірген. Оның себебі – қыздың болашақ ана екендігін ескергендігінен.
Қыз бала тәрбиесіне ата – ана ғана емес, көрші – қолаң, туған – туыс, ауыл – аймақ болып сергектікпен қарайтын болған. «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің астары да осында жатса керек.

3 - оқушы: Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуды, ер – тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтын бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды. Жиын – тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған.

4 - оқушы: Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік қулық – сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан, жас қыз баланы « Біреудің ала жібін аттама», «Өтірік өрге бастырмайды», «Ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген.

5 - оқушы: Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», « Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.

6 - оқушы: Халқымыздың атадан мұра болып келе жатқан дәстүрлі қасиеті – қыз баланы сыйлап, қастерледі. Қыз бала отырған орында әдеп, ізет, сақтаған, үлкен болсын, кіші болсын оқыс мінез көрсетіп, өрескел, бейбастық сөзге әсте бармаған.

7 - оқушы: Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық заңдылыққа сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толып қуанышқа бөленесің.

8 - оқушы: Табиғаттың өзі қыздардың ішкі және сыртқы жан дүниесін сұлулыққа, нәзіктікке, қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа бай етіп жаратқан. Жас қыздардың өздері – ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. «Іші алтын, сырты күміс сөз төресі»

Тәрбиеші: Осы орайда Қыздарды сыйлау деген не? Сыйлау үшін қандай болуың керек? Сұлулық деген не? Сұлулықтың құпиясы? Адамды сұлу ететін не нәрсе? Тән сұлулығы? Жан сұлулығы деген не? деген сұрақтар төңірегінде пікірталас өткізейік........
Тәрбиеші: Сонымен тән сұлулығына адамның сыртқы келбеті, әдемі киінісі, шаш сәндеуі, жүріс - тұрысы, қимыл - қозғалысы жатады екен. Мойны ұзын адамды «аққудың мойнындай», қасы әдемі қиылған адамды «қарлығаштың қанатындай», сүйкімді балаларды «киіктің лағындай», әдемі отыратын адамды «қиядағы қырандай», аппақ адамды «аршыған жұмыртқадай» деп суреттесе, жан сұлулығында адамдарды адамгершілігіне, мінезіне, инабаттылығына, ізеттілігіне байланысты әр түрлі теңеу сөздермен атап жатады. Ал жан сұлулығы туралы ұлы ғұлама ойшыл ғалымдарымыз не деген екен? Соған тоқталайық.

1 - оқушы: Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады: ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман.

2 - оқушы: Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер жаман қасиеттер көрінісі болып табылады.

3 - оқушы: Абай атамыз адам мінезі жайлы «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген еді.
Сұлулық сыры неде? жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама