- 05 нау. 2024 04:15
- 266
Химиялық элементтер. Атомдар мен молекулалар.
Тақырыбы: §1. 1 Химиялық элементтер. Атомдар мен молекулалар.
Оқыту мақсаты.
«Химиялық элемент» және «атом» ұғымдары арасындағы өзара байланысты қарастырып, заттардың салыстырмалы молекулалық массасын, қосылыстың құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу.
Дамыта оқыту міндеті.
Оқушылардың физика мен табиғаттанудан атом жайлы алған білімдері негізінде қайта айтып беру, химиялық есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті.
Оқушыларды өз бетімен белсенді жұмыс істеуге, ізденімпаздылық пен іскерлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: « Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі» таблицасы.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
ІІ. Оқушылардың физикадан, химиядан алған білімдеріне сүйене отырып, «атом» және «химиялық элемент» ұғымдары арасындағы байланысты анықтау мақсатында сұрақтар қою:
1. атом дегеніміз не?
2. судың айырылуын мысалға алып, «атом» және «молекула» ұғымдарының айырмашылығын түсіндір.
Заттарды құрайтын бөлшектердің табиғаты адамзатты ертеден толғандырған. Бұдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген грек философы Демокрит: барлық денелер өте ұсақ, көзге көрінбейтін әрі бөлінбейтін, мәңгі қозғалыста болатын бөлшектер атомдардан тұрады деген болжам айтты. «Атом» грекше «бөлінбейтін» деген сөз.
Итальяндық ғалым А. Авогадро «.... заттың ең кішкентай бөлшегі атом, бірақ газ тәрізді заттардың ең кішкентай бөлшегі атомдар емес молекулалар болып табылады» деген болжам айтты. Оның идеясын отандасы Канниццаро да қолданды.
1860 жылы Карлсруэ қаласындағы химиктер съезінде «атом» және «молекула»ұғымдары туралы қызу пікірталас болды. Осы съезінде «атом» және «молекула»ұғымдарына нақты анықтама берілді.
Сендер физика пәнінен молекулалар атомдардан құралатынын білесіңдер. «Молекула» сөзі «ең кішкене» деген мағынаны білдіреді.
Атомдар мен молекулалардың кішкентайлығына бола көзбен көре алмасақ та бар екендігін судың ыдырауынан байқауға болады. Су арқылы электор тогын өткізгенде су молекулалары қандай күйде болады? Егер арнайы құралда су арқылы электр тогын жіберсе, оның әсерінен су газдарға: сутегі мен оттегіне айырылады. Оқулықтағы 8 - сурет. Судан бұл газдардың түзілгенін қасиеттеріне қарап дәлелдеуге болады. Сутегі – жеңіл, жанғыш газ. Сондықтан оң жақтағы түтіктің аузын ашып жанған шырпыны апарса, өзіне тән шырт еткен дыбыс шығады. Ауада осылай тез жану сутегіне тән. Ал оттегі жануды қолдайды. Сол жақтағы түтіктің кранын ашып, аузына шоқтанған шырпыны апарсақ, жарық шығарып жанады. Сонымен, бір заттан судан жаңа екі зат: оттегі және сутегі түзіледі, яғни химиялық реакция жүреді. Судың молекуласы ыдырағанда түзілген ұқсас атомдар өзара жұптасады. Сондықтан судың екі молекуласы айырылғанда одан сутектің екі молекуласы, оттектің бір молекуласы бөлінеді. Жоғарыдағы түтіктегі сутектің көлемінің оттектің көлемінен екі есе үлкен болуы осының дәлелі.
Молекула заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі.
Атом – заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.
ІІІ. Заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.
Химиялық элементтер. Атомдар мен молекулалар. жүктеу