Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Математикадан есептер шығару
Математикадан есептер шығару
Математика 5 – сынып
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сай түзілді
5 - сыныпқа математика пәнінен I тоқсанға ашық тест тапсырмалары
Натурал сандарды жазу
Төмендегі сандарды кластарға бөліп жазыңдар:
1) 64780
2) 517623
3) 8215734
4) 246047000505
Сандарды цифрлармен жазыңдар
1) ең кіші үш таңбалы натурал сан
2) ең үлкен бес таңбалы натурал сан
3) ең кіші сегіз таңбалы натурал сан
4) ең үлкен жеті таңбалы натурал сан
5) ең кіші бес таңбалы натурал сан
6) ең үлкен сегіз таңбалы натурал сан
Мына сандарды жазыңдар. Ол санда:
1) 3 мыңдық, 4 жүздік, 5 ондық, 9 бірлік бар;
2) 2 он мыңдық, 5 мыңдық, 4 жүздік, 6 ондық, 3 бірлік бар;
3) 8 жүздік мың, 2 ондық мың, 9 жүздік бар;
4) 6 жүз мыңдық, 5мыңдық, 4 ондық, 2 бірлік бар;
Кесінді, Координаталық сәуле.
1) Екі нүктемен шектелген фигура қалай аталады?
2) Бақтағы отыз үш жеміс ағашы түзу бойымен 6м арақашықтықта орналасқан. Екі жеміс ағаштарының арақашықтығы неше метр?
3) DE кесіндісін сызып оның бойынан N және P нүктелерін белгілеңдер. Ұштары D, N, P және E нүктелері болатын неше кесінді пайда болады? Кесінділерді жаз:
4) О нүктесінде қиылысатын KL және NP түзулерін жүргізіп, толықтауыш сәулелерді жазыңдар.
5) О нүктесінде қиылысатын KL және NP түзулері жазықтықты неше бөлікке бөледі?
6) Бір түзудің бойында жатпайтын 3 нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
7) Бірлік кесіндісі дәптердің 2 тор көзінің ұзындығына тең кординаталық сәуле сызып оның бойынан 1) А(4), В(8) 2) А(3), В(11) нүктелерін белгілеңдер.
8) Берілген екі санның қайсысы координаталық сәуледе сол жақта орналасқан 43 және 51
9) Берілген екі санның қайсысы координаталық сәуледе оң жақта орналасқан 741 және 521
10) АВ кесіндісінің ортасы болатын С нүктесінің координатасын жазыңдар: 1) А(0), В(4); 2) А(2), В(6);
Натурал сандарды салыстыру
1) Сандарды салыстырыңдар 1) 9046 және 90045; 2) 1073 және 1703;
2) Шамаларды салыстырыңдар 1) 956 см және 10 м 2) 100см және 2м;
3) Шамаларды салыстырыңдар 1) 541 см және 5 м 2) 200см және 21дм;
4) Шамаларды салыстырыңдар 1) 1 сағ 8 мин және 68 мин 2) 2 сағ 30мин және 230 мин;
5) х орнына қос теңсіздік тура болатындай натурал санның ең үлкенін тауып жазыңдар: 1) 45 < х="">< 51="" 2)=""><х><>
6) х орнына қос теңсіздік тура болатындай натурал санның ең кішісін тауып жазыңдар: 1) 189 < х="">< 196="" 2)="" 32416="">< х=""><>
7) Есептеңдер: 103·(732 - 662)- 267·27
8) Есептеңдер:(7848 - 65·108)∶12+31
9) Есептеңдер: 130·12+1840∶8 - 1785
10) Алмұрт алмадан ауыр, шабдалы алмадан жеңіл. Жемістердің ең ауыры қайсысы, ең жеңілі қайсысы?
Натурал сандарға амалдар қолдану
Есептеңдер:
1. 37∙42 - 1461
2. 202∙39 - 2952: 41
Теңдеуді шешіңдер:
3. x+85=1440: 15

4. 19∙x=152+38
Белгісіз шамаларды табыңдар:
5. 3 м=x дм
6. 2 т=y кг
Амалдарды орындаңдар:
7. (1240 - 916)∙28: 189 8. (2110+132∙24): 182 - 27
Өрнектің мәнін табыңдар:
9. (32+17)- 43 10. (428+310): 41 11. 1615: 95+983
12. 146+a, мұндағы a=14
13. 14d+75, мұндағы d=4
14. Әуежайда 8 жолаушылар таситын ұшақ тұр. Одан жүк таситын ұшақтардың 3 - еуі кем. Әуежайда неше ұшақ тұр.
Өрнектегі әріптердің мәндерін өзара салыстырыңдар:
15. 5+x=y
16. a∙4=b
17. 3+x=3+y
Тиімді тәсілмен есептеңдер:
Математикадан есептер шығару. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама