Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сиқырлы күз
Сиқырлы күз.
Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымдарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау.

Тәрбиеші: Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Сиқырлы күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын – шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс - жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша. Күз - жылдың берекелі мезгілі.
Тәрбиеші: Олай болса, күз айларын ортаға шақырайық.

Қыркүйек - Мира
Бір - біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз - шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.
Қазан - Жанболат
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Қараша - Жомарт
Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз

Наргиза: Самал қозғап қалғанда. Қ. Баянбаев.
Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап - сары
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен.
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен.
Бағлан: Бұтағындай емініп,
Күзде жеміс піседі.
Сабағынан жел үзіп,
Жерге топ - топ түседі.
Мөлдір: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Мағжан: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
С. Қолғанат: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Тәрбиеші: Балалар, жаңа тақпақта айтылғандай күзгі суық жел басталды. Желдің лебі бізге де келіп жеткен секілді. (жел гуілі естіледі)
Балалар орындарынан тұрып, қолдарындағы жапырақтарды жерге шашады. Музыканын ауенімен билеп Күз ханшайымы келеді.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Өзіңмен бірге береке, байлық, молшылық, тоқшылық ала келдіңіз. Оған біз өте қуаныштымыз.
Күз ханшайымы: Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, мына қолыңыздағы сыйлықтарыңызды балаларға берсек бола ма?
Күз ханшайымы: Бұл сыйымды балалар еңбек етіп алулары керек.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар, Күз ханшайымына арнап «Күз жомарт» әнін орындап берейік.
Ән «Күз жомарт».
Тәрбиеші:- Балалар, неге күзді «Алтын күз» дейміз?
- Ал неге «жомарт күз» дейміз?
Өйткені күзде жеміс - жидектер, көкөністер, астық піседі. Барлығы мол болады. Сондықтан «алтын күз - жомарт күз» дейміз.
Тәрбиеші: Мереке басы ән болар,
Береке басы дән болар, - дейді халқымыз, ендеше ортаға астық дақылдарын шақырайық.
Бидай: Нан атасы – бидаймын,
Ілияс Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Тары: Ақ, қарамын, сарымын,
Н. Қолғанат Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Күріш: Күнді сүйген күрішпін,
Айбар Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел, мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Сұлы: Мен сұлымын, ұланның
С. Ақерке Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.

Жұмбақтар:
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты -...(жүзім)

Дөп - дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты -...(өрік)

Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша - бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты -...(құлпынай)

Бір сабақта көп түйме
Жей алмайсың көк күйде
Санап қара қанша
Оның аты -...(шие)

Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты...(Шабдалы)
Күз ханшайымына жеміс - жидектер тақпақ айтқысы келіп отыр.
Жансая: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Күзде жинап алатын.
Балдыраған біреуін,
Жесең тойып қалатын.
Нұрланбек: Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Балың да оған жетпейді.
Мөлдір: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама