Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мұхтар Әуезов «Көксерек»
Сабақтың мақсаты: «Көксерек» повесін оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді маңызды істерге бастайды:
Бір - бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету;
Оқушыларға анықта нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру;
Повесті талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету;
Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;
Көркем шығарманың авторына деген құрмет сезімін нығайту;
Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлауын қамтамасыз ету.
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, жануартану, экология, логика
Көрнекіліктер: Мұхтар Әуезовке арналған буклет, портреті, сабаққа қажетті плакаттар, қасқыр туралы мақал мәтелдер, жұмбақтар, сюжеттік суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды екі топқа бөлу, дауыс беруге арналған жетондарын тарату.
1. Ой шақыру (1 минут)
Балалар! Біз М. Әуезовтің көркемде ғажайып «Көксерек» повесімен оқып таныстық. Тағы бір мезет осы повесть туралы ойланып, көз алдымыздан өткізейікші. Қане, ми қыртыстарын іске қосамыз.
2. Топтастыру (5минут)

1. Ой шақыру (1 минут)
Балалар! Біз М. Әуезовтің көркемде ғажайып «Көксерек» повесімен оқып таныстық. Тағы бір мезет осы повесть туралы ойланып, көз алдымыздан өткізейікші. Қане, ми қыртыстарын іске қосамыз.

2. Топтастыру (5минут)
Топтастыру – оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы. Бұл - жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастыру үшін қажетті құралым. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, повестке байланысты ой тудыруды күшейту үшін қолданылып отыр.
а) Екі топқа «Адам» және «Қасқыр» деген плакат беріледі.
ә) Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз (топтық жұмыс)
б) Орфографиялық ережелерге мән беріңіз
в) Берілген уақыт біткенше жаза беріңіз.
г) Топ мүшелері ойын қорытып болған соң, уақыт біткенін ескертемін.
д) Топ атынан шыққан оқушы өз ойларын білдіреді.
Қасқыр – ол (оқушылардың пікірі):
А) Түнгі жортуыл, дала санитары
Ә) Қомағай, ит - құс
Б) Дала тағысы, ақ
В) Бөрі, көкжал
Г) Жыртқыш

3. Кубизм (10 минут)
Ол тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік беретін оқыту стратегиясы.
Кубиктің 6 жағы бар, иіреді, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береді.
А) Суреттеп беріңіз
Ә) Салыстырыңыз
Б) Зерттейміз
В) Қолданыңыз
Г) Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді?
Ғ) Талдаңыз, қолданыңыз
Д) Көксеректің портреті
Е) Дала қасқыры мен Көксерек
Д) Қасқыр туралы ел адамдары не дейді?
Ж) Құрмаштың ең соңғы ойы не болды екен?
З) Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадың?

4. Вен диаграммасы
Венн диаграммасы қабысып жатқан 3 дөңгелектен тұрады. Әуелі жеке қасиеттерін жазады да, ортаға екеуіне ортақ қасиеттерді жазады.

5. Еркін жауап (6 - 7 минут)
Болжаңыз. А) Қасқырды қоюға үйретуге болама?
Ә) Оқиғаны сіз қалай аяқтаған болар едіңіз?
Б) Құрмаш өліміне кім себепті?
В) Қасқырды түгел құртып тастауға бола ма?

6. Тілдік талдау (2мин). Жұмбақ жасыру.
І топқа
Күш десең, күші бар
Тісі десең, тісі бар
Торуылдап ауылды
Түнде жортар ісі бар.
ІІ топқа
Белестен шыққан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді

7. Мақалмен қорыту (3мин)
Екі топ өзара қасқыр туралы мақал айтып жарысады.
1. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар
2. Иттің ұлығанын бөрі естімес, бөрінің ұлығанын таң естімес
3. Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді
4. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды
5. Қасқырды сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрамыз

8. Бекіту сұрақтары
1. М. Әуезов тұңғыш шығармасы
2. М. Әуезов туған жер
3. «Көксерек» повесінің жазылу тарихы
4. «Көксерек» повесі нешінші жылы жазылған
5. Повестің тақырыбы
6. Қара ала төбеттің иесі кім
7. Аққасқаның иесі кім
8. Қандай шөп, өсімдік атауларын кездестірдік
9. Жер - су атауларын ата.
10. Көксерек тұңғыш рет қашан ұлыды.
9. Үкім
Балалар өздерінің жетондарын тиісті жәшіктерге салып, өз дауыстарын береді.
Бала Құрмаштың өліміне кім айыпты?
А) Құрмаштың өзі
Ә) Қасқыр
Б) Адамдар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама