- 05 нау. 2024 02:29
- 122
Тапқыр қоян
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы, Солоновка ауылы
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Захарьянова Гульбаршын Какановна
Тақырыбы: Тапқыр қоян
1 - сәбилер тобына арналған
Білім беру саласы: қатынас
Оқу іс - әрекеті: көркем әдебиет
Мақсаты: балаларды жабайы аңдармен таныстыруды жалғастыру; оларды суреттері арқылы танып, аттарын атауды үйрету; ертегі тыңдау және ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру; жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: қоян - заяц
Сөздік жұмыс: тапқыр, аң патшасы
Технологиялық қамтамасыз ету: жабайы аңдардың суреттері, ойыншық аңдар; жаңбырдың, ормандағы құстардың дауыстары
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қане, қане, тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Алдыменен бәріміз
Амандасып алайық
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер, қысайын
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барлығына құрметпен
Бас иеміз біз!
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Балаларға бүгін біз ертегілер еліне қонаққа баратынымызды айтып, бөлменің ішіндегі аңдар қойылған бұрышқа отырғызу. Жабайы аңдар туралы білімдерін тексеру:
- Жабайы аңдар қай жерді мекендейді?
- Маған қасқырды кім көрсетеді екен?
- Аю қай жерде тұр?
- Қоян бар ма екен?
- Түлкі қане?... деген сияқты.
Балаларға арыстанды таныстыру, оның аңдардың ішіндегі ең күштісі және ол - аңдардың патшасы екенін айту.
Сөздік жұмыс - аң патшасы (барлық аңдар оның айтқанын орындайды, одан қорқады)
Бүгін біз «Тапқыр қоян» деген ертегімен танысатынымызды айтып, тапқыр сөзін түсіндіру.
Тапқыр - ақылды, тез ойлайды, қиыннан жол тауып кетеді.
Билингвалды компонент - қоян - заяц.
Ян - ян - ян - тапқыр қоян
«Ертегілер елінде» әуені ақырын ойнап тұрады. Ертегіні айтып беру.
Сергіту сәті:
Біз орманға барамыз
Жан - жағымызға қараймыз
Аю шықты қорбаңдап
Қасқыр шықты ырылдап
Түлкі шықты майысып
Қоян шықты секіріп
Қорықпаңдар балалар
Өз орныңды табыңдар!
Қайталау сұрақтарын беру:
- Аңдардың патшасы кім?
- Қайнап тұрған суды кім ішті?
- Сыйлықты кім алды?
Дидактикалық ойын: «Орынын тауып қой»
Шарты: Суреттегі қоянның (мозаика) құлағы мен аяғын өз орнына қою
Балаларды мадақтау.
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Шарты: Бөлме ішіне бала санына қарай орындықтар және әр орындық үстіне аңдардың суреттерін қою. Балаларға кімнің қандай аң болатынын айту. Құстардың сайраған дауыстары естілген кезде балалар - аңдар ойнап жүреді. Жаңбырдың жауған дауысы естілген кезде әр аң - бала өздерінің суреті тұрған орындық артына барып отыра қалады.
(Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды)
Рефлекстік - түзетушілік
Балаларды ортаға шақыру, бүгін қандай ертегімен танысқанымызды естеріне түсірту
- Қоян қандай аң екен? (ақылды)
- Арыстан қоянға қандай сыйлық берді деп ойлайсыңдар?(балалар жауабы)
- Қоян нені жақсы көреді? (сәбізді)
- Арыстанның берген сыйлығын қоян сендерге беріп жіберді, себебі сендер бүгін көп еңбектендіңдер,- деп сыйлықты көрсету, ішіндегісін балаларға беру.