Тіл – таусылмас қазына
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,
Жамбыл атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Умарова Айнур Камиевна
Тіл – таусылмас қазына (тәрбиелік шара)
Мақсаты: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген (класты) топты анықтау.
Сайысқа үш кластан алынған 3 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
Ендеше, 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Тіл – таусылмас қазына» атты интеллектуалды сайысымызды бастаймыз.
«Тіл – таусылмас қазына» атты білім сайысымыз негізінен 7 кезеңнен тұрады:
1- кезең. Зымыран сұрақтар. Яғни, қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек.
2- кезең. «Бәйге». Мақалдың бір сыңары айтылады, екінші сыңарын жалғастыру керек.
3- кезең. Бұл кезең «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген жаңылтпаштарды мүдірмей қайталап айтулары керек.
4 -кезең. «Полиглот» деп аталады. Бұл кезеңде жұмбақ айтып, жұмбақтың жауабын үш тілде айту керек.
5 -кезең. «Жаңғырған салт - дәстүрлер» деп аталады, яғни әр топ салт - дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
6 -кезең. « Ғалымдар» деп аталады. Әр топ өзіне берілген сөз туралы мағлұмат беріп, постер қорғап шығу керек.
7- кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Яғни, заттардың аты беріледі. Жансыз нәрсенің орнына оқушылар өздерін қойып, жансыз затты сөйлету керек.
Алғашқы көркем сөз оқитын ---------------
1. Оразақын Асқар. «Ана тілі». (Мәнерлеп оқиды)
2. М. Мақатаев «Үш бақытым».
Көрініс. «Қадірле, ана тіліңді». Орындаушылар 9 а сынып оқушылары.
1 кезең. Зымыран сұрақтар. Яғни, әр топқа сұрақ беріледі, қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек.
1 - Топ:
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Атырау облысының әкімінің толық аты - жөні кім?
4. «Шаһар» сөзінің синонимі?
5. Жүз жасаған ақын?
6. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
7. М. Әуезов кім? Роман - эпопеясын ата.
8. «Ақылды» сөзінің түбірі?
2 – топ
1. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
2. Құлагер кімнің аты?
3 Абайдың қанша қарасөзі бар?
4 Ата Заң күні қашан?
5 Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?
6 Жалғаудың неше түрі бар?
7 Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
8 Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
3 топ
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
3. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
5. Білім және Ғылым Министрі кім?
6. Қазақстан жерінен өткен жол.
7. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
8. Әнұранның авторларын атап бер.
2 кезең. «Бәйге». Мақалдың бір сыңары айтылады, екінші сыңарын жалғастыру керек.
1 - топ
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Бал тамған тілден... (у тамған).
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты... (сөз бұзар).
4. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар)
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің... (тілі ортақ).
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман... (шайқап сөйлер).
2 - топ
8. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
9. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
10. Тіл қылыштан... (өткір).
11. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
12. Тілден артық... (қазына жоқ).
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі... (ой өсіреді).
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... (тілінде).

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.