Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қарағай және оның тұқым арқылы көбеюі
Тақырып: Қарағай және оның тұқым арқылы көбеюі
Мақсаты:
а. Оқушыларға қарағай және оның тұқым арқылы көбеюін мысалға алып, қылқанжапырақтылар туралы толық мәлімет беру.
б. Оқушыларды табиғатты аялауға қорғауға, аялауға, патриоттыққа, жеке бас гигиенасын ұстануға, ойлау сөйлеу және жазу мәдениетіне тәрбиелеу.
в. Оқушылардың интерактивті тақта арқылы видеоматериал, слайд, логикалық тапсырмалар көрсету арқылы ой өрісін дамыту.
Құрал - жабдықтар:
Интерактивті тақта, видеоматериал, слайд, венн диаграммасы.
Сабақ типі:
Жарыс сабақ
Сабақ әдісі:
Баяндау, сұрақ - жауап.

I. Ұйымдастыру:
Амандасу, түгендеу, сергіту сәті.
II. Үй тапсырмасы:
а. Биологиялық диктант:
Қырықжапырақтәріздестер – жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы.
Қырықжапырақтар тропикте ағаш, лиана түрінде өседі.
Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.
Қырықбуынның жанама бұтақтары – вегетативті мүше.
Қырықбуындар – вегетативті, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді.
Далалық қырықбуын – дәрілік өсімдік.
Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан – таскөмір пайда болған.
Сүрек – ағаштың су өткізгіш бөлігі.
б. Адасқан әріптер:
қырықбуын – рықынуықб
қырықжапырақ – қарыпажрықық
сүрек – рексү
қылқанжапырақ – қарыпажнақлық
спора – рапос
в. Бөлімдерін ата:

Г. Суреттегі мозайкадан өсімдікті табу:

Д. Байланыстыру:
Қырықбуын ----------- жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы
ашықтұқымды --------- Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан
Қырықжапырақ ----------- Тұқымдары тұқымқабыршақ қойнауында қорғанышсыз, бүрде жетіледі.

III. жаңа сабақ:
Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік.
500 - 600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50 - 60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай - ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан - жағына 6 - 7 метрге дейін жайылатындықтан, бір - бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5 - 6 м болуы керек. Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады. Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын - алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.

Күтімі
Жас көшетін ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қалқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай қылқанының түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді.

Көбейтілуі
Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

Сипаттамасы
Бұл ағаштардың биіктігі 35 м - дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 – 5 - тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 – 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 – 3 - тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды.
Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен Солтүстік Америкада өсетін 100 - ге жуық түрі белгілі.

Емдік қасиеті
Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай - ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.

Қазақстанда
Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың солтүстік - шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.

IV. Бекіту:
Сөзжұмбақ:
1. Қарағай қалай көбейеді
2. Қарағай бұтағының сыртқы қабыршағы қалай аталады
3. Қарағай бұтағында әр түрлі қандай заттар болады
4. Кіндік тамырларынан дамиды
5. Діңнің бөлігінің бірі
6. Аналықтан басқа қандай бүрлер орналасқан
7. Сүрегінде қандай жол болады

Графикалық диктант:
1. Кәдімгі қарағай бір үйлі өсімдік
2. Қарағай споралары арқылы көбейеді
3. Қарағайдың аталық жыныс жасушасы өздігінен
қозғала алмайды
4. Тұқымбүршіктерде жұмыртқа жасушасы болады

Теннис ойыны:

Сандар сөйлейді:
Аналық бүрлер көлемі... мм
Қылқанжапырақтылардың... жуығы қарағайларға тиесілі
Тұқымдық қабыршақта... тұқымбүршік
Сүректегі өлі өткізгіш ұлпалар саны...

V. Қорытынды:
Зертханалық жұмыс:
Қажетті құралдар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналған аналық және аталық бүрлері.
1. Жас бүрдің суретін анықтап қарап суретін дәптерге салу, оның реңіне, мөлшеріне, бірінен - бірінің ерекшелігіне назар аудару. Бүрдің аналық немесе аталық бүр екенін анықтауға тырысу.
2. Бүрді ортасынан бөліп микроскоп арқылы бақылау және дәптерге кескіннің суретін салу.
3. Қылқанның ұзындығын өлшеу, пішініне зер салу.

VI. Бағалау:

VII. Үйге тапсырма:
§ 26 мазмұндау, тақырып соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама