Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Толықтауыштың жасалу жолдары
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,
Жамбыл атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Умарова Айнур Камиевна

Сабақтың тақырыбы: Толықтауыштың жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: а) білімдік — толықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;
ә) дамытушылық — түрлі: әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;
б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап, тіл дамыту,
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды 3 топқа бөлемін.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау
Дәйексөз.
Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле
Ж. Баласағұн

“Еске түсірейік”
І топ
1. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
2. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
3. Толықтауыш қандай мүше?
4. Толықтауыш дегеніміз не?

ІІ топ:
1. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
2. Баяндауыш қандай мүше? Ережесі.
3. Өзім сөзден тұрамын,
Тиянақты ойды құрамын. (... )
4. Толықтауыш қай септіктерде тұрады?

ІІІ топ:
Толықтауыш дегеніміз не?
2. Толықтауыштар құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Толықтауыш қандай мүше?
4. Толықтауыш қандай сұрақтарға жауап береді?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бірінші сабақтың мақсатымен таныстырып аламын.
Толықтауыш тұрлаусыз мүшелердің бірі.
Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.
Төмендегі кесте бойынша сабақты түсіндіреді.

Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш дейміз. Мысалы: Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға (кімге?), Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда? Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады.
Тірек схемалар арқылы толықтауыштың жасалу жолдарын түсіндіремін.

Жаттығумен жұмыс: 45 - жаттығу. Әке, ақылды, төрт, ол, оқыған, оқу сөздерін атау және ілік септіктерден басқа септіктерге қойып, толықтауыш етіп сөйлемдер құраңдар.

Тақтамен жұмыс:. Толықтауыштарды тап:
1. Еріншектік - күллі өмірдің дұшпаны.
(Абай)
2. Абай сөздері - қазаққа зор бақ.
(А. Байтұрсынұлы)
3. Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті - елдің ұлы.
(Б. Момышұлы)
Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық таладау жүргізеді.
*Интербелсенді тақтамен жұмыс:
Көп нүктенің орнына толықтауыштар қой, қай сөз табынан болғанын анықта:
1.... ойлағаны - айт пен той.
2. Білім -... жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ - әлдекімнің азығы.
3. Бата... салтымыз,
Жақсы оқу антымыз.
4. Жұмысқа тағы... аламыз.
5.... татқан білер.

Оз бетімен жұмыс. Кім жылдам? (постер қорғау)
Берілген парақшаларды дұрыс орналастырып толықтауыштарды ережесіне қарай топтастыр.(оқушылар ережеге сай топтастырады)

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Әр топ бұл сұраққа тез жауап беру керек.

Тест “иә” немесе “жоқ”
І топқа:
1. Толықтауыш сөйлем мүшесі бола ма?
2. Толықтауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді.
3. Толықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
4. Толықтауыш қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.

ІІ топ:
1. Кімді? Нені? – тура толықтауыш
2. Биылғы күз салқын. Құрмалас сөйлем.
3. Сөйлем мүшелері дара, күрделі үйірлі болады.
4. Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен болса, арасына сызықша қойылады.
5. Толықтауыш - тұрлаулы мүше.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама