Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Томирис фильмі

Бас продюсері – Әлия Назарбаева. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм»  киностудиясы мен Sataifilm компаниясы түсірді.  Режиссер Ақан Сатаев оған  2 жарым жыл уақытын жұмсады.Ұзақтығы – 2,5 сағат. Сценарийін Тимур Жақсылықов пен Әлия Назарбаева жазған.

Бұл фильм 93 күн түсірілді. Жалпы, жоба­ны шы­ғару кезеңі екі жарым жыл­ға созылды. Кей күндері түсі­рі­лім алаңында бір уақытта 800-ге ­ жуық кісі болды. Шы­ғар­­машылық топтың құрамында ең көп дегенде – 400 адам. 

Фильмнің алғашқы көрсетілімі – орыс тілінде. Қазақша синхронды аударма жасалған. Екіншіден,кейіпкерлердің ойы­ны. Бұл фильм көрерменге жаңа бейнені алып шықты. Ол – Альмира Тұр­сын. Альмираның Томирисі өте шынайы, көрерменін сендіреді. Сұрша қыздың батыр кейпін әдемі бейнелепті. «Дұшпандар сақ әйелдерінен өлердей қорқатын. Өйткені олар ер-азаматтармен тең дәрежеде соғыс өнерін көрсетті» дейтін сипаттамаға толық сай келеді. Үшіншіден«Томирис» филь­міндегі Арғұнның ролін ой­на­ған Әділ Ахметовтің об­разы. Әділ Ахметов – та­лантты актер. Режиссер фильмде Томирис пен Арғұнның махаббатын сәтті бергісі келсе, роль­ге Әділді емес, жаңа бейнені алып шығуы керек еді. Бір актердің об­ра­­зы келесі бір фильмде қай­­та­лана беруі – сәт­тілік емес. Төртіншіден,жер­леу рә­сімі. Күйе­уі мен баласын жер қой­нына беру сә­тін­дегі Томиристің диа­ло­гі сәтті таңдалған. Үш баланы құрбандыққа шал­мақ болған бақсыны То­ми­рис тоқтатып: «Бұлар бізге осы әлемде керек», – дейді. Демек, сақ дәуіріндегі өркениеттің тым жабайы болмағанын осы арқылы нанымды бейнелеп отыр. Екі жарым сағатқа созылған кинода соғыс пен ұрыс көріністері жақ­сы сомдалған. Музыкалық жағынан көркемделуі де көңілге қо­нады. Сондай-ақ фильмдегі кө­не түркі және парсы тілі сол за­манның шынайы бейнесін беруге дәлірек жақын келеді.

«Томиристің жас кезіндегі бей­несін сомдаған екі жас қыздың ойындары көңілімізден шықты. Олардың бұл дебютін жақсы қабылдадық. Тұсаукесердің ба­сын­­да негізгі рольді сомдаған Аль­мира Тұрсынмен бірге екі қыз­ды да сахнаға шығарып, құрмет көрсеткенде дұрыс болатын еді», – дейді көрермендердің бірі.

Жалпы айтқанда тарихи фильмді экрандау ісі сәтті шыққан деу­ге болады. Әсіресе, оқиғаны баян­дауды өзіміздің әл-Фараби бабамыздың жазбасы арқылы беруі көрермендерге жақсы әсер етті. Туған тарихымыздың шежіресін жа­са­ған төл тұлғаларымызға деген құрметтің белгісі деп қабыл алдық.

Тарихымызды тұтастай сипаттай алған,өскелең ұрпақ мақтана көретіндей фильім шыққаны кеудемізді көкке кернейді!

Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті Алихан Самал Ауесханқызы
Жетекшісі: аға оқытушы,куратор Н.Б.Рушанова


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама