- 06 ақп. 2023 00:00
- 206
«Торғай газеті» және оның беттерінде жазылған патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты
Жиырмасыншы ғасырдың басында ғана дүниеге келіп, еңсесін тіктей бастаған кәсіби қазақ журналистикасы 1925 жылдан бастап бас көтертпес қуғынға ұшырады, толқын-толқын боп жарды соққан қанды репрессияның құрбаны болды. Ұлттық баспасөздің өсуі қазақ зиялыларының жетіліп, қалыптасуына мол мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде халық арасында ғылым мен білімге деген құлшыныс арта түсті. Қазақстанның батыс өлкесінде «халықтың көзі һәм сөзі» ретінде газет шығару идеясы көтерілген тұста көш басында Е.Бұйрин, Ғ.Қараш, Б.Қаратаев, А. Мәмбетов, Б.Ниязовтар тұрды. Соның ішінде Әбдіғали Балғымбаевты ерекше атап өткен жөн.
Қазіргі таңда аты сирек аталғанымен, ел мүддесіне жарарлық, халық санасын ашарлық қыруар мәселелерді көтеріп, “Торғай” газетінде жетекшілік етті. Революциялық қозғалыс жылдарында “Торғай газеті” прогресшіл бағытты ұстанды. Әр шығарылымдар сайын патша үкіметінің ашықтан-ашық саясаты жарияланып отырды.
“Тургайская газетаның” 1904 жылғы 48 санынан бастап Ә.Балғынбаевтың “Қырғыз (қазақ) тұрмысының очерктері” қосалқы тақырыпшасымен “бесіктен молаға дейін” фельетоны көшпелі қазақ халқының денсаулық сақтау ісінің кемшіліктерін жіпке тізіп жазып, тұрмысы мен әдет-ғұрпының тозығы жеткен көлеңкелі тұстарына тоқталған. Торғай газетінің редакторы Балғымбаев Әбдіғали орыс алфавитін икемдеп, таза қазақ тілінде материалдар жариялау баспасөз тарихында осы “Тургайская газетадан” басталды.
“Торғай газеті” - іңкәр ойдың жемісі, лаулаған өртке қанатымен су сепкен қарлығашы. Газетте саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерден басқа, рухани, мәдени тақырыпта әр түрлі хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды. Сол кезеңдегі эпидемияға байланысты материалдар, қоғамдық құбылыстарды баяндайтын фельетондар, халық ауыз әдебиетінің үлгілері шығып отырды.
Сын сағатта туып, Қазақ елінің үніне айналған «Торғай» газеті халық алдындағы өз міндетін толық орындады. Ең өзекті де өткір мәсеселерді қаузап, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күрестің айнасы болды. ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шамшырағы тәрізді ұлттық–демократияның саяси үнқағазы ретінде көрініс тапты.
Айгерім Есімхан