- 11 ақп. 2023 00:00
- 199
Қару болар журналистік шеберлік
Қаламгер шеберлікке жету жолы әртүрлі болуы мүмкін. Біреуде туа біткен талант, екіншісінде ешбір сылтаусыз еңбек ету. Қазіргі таңда журналистер бірінен бірі ақпаратты алу, кей кездерде алған журналистіне сілтеме де бермей жатады, ол журналистің жалқаулығы. Журналистік шеберлік ол қаламгердің қаруы.
Ұтымды тақырыптар оқырманның көңілін аулап, жазылған мақаланы оқуға бірден бір әсер етеді. Кей кездерде журналистер ұтымды тақырып қоя бермейді. Мысалы, «Қонаевтың балалық шағы қайда өтті»-деген тақырып мүлдем тартымды емес. Оқырмандардың жазылған мақаланы оқуына ұтымды тақырып әсер етеді, жақсы қойылған тақырып мақаланың тең жартысы. Дәл осы тұста ұтымды қойылды деген тақырыптың біріне Берік Бейсенұлының Ана тілі газетіне жариялаған «Орыс тілі-дүниенің кілті емес», деген мақала тақырыбын алсақ болады. Сондай-ақ "Жылтырағанның бәрі алтын емес" демекші, шебер қойылған тақырыптар болады. Алайда ішіне үңіліп қараса, іліп алар ештеңесі жоқ.
Шындыққа келер болсақ. Журналистің мақсаты кез-келген ақпаратты тек шындыққа сүйене отырып беру. Егер ол оқырманға ақпаратын шынайы фактіге сүйене отырып бермесе журналист деген атақтан не хайыр. Әрқашан мақаласын жазбас бұрын нақты дәлел іздеуі шарт. Егер нақты дәлел болмаса, ойына келгенін жазса, жай ғана блогерден ешқандай айырмашылығы болмағаны ма? Әрине. Себебі, көлгірсіген көп сөзден нақты дәлел мың есе артық. Әсері жоқ сөз – өлі сөз, деп бекерден айтылмайды.
Журналистің мақаласы тапқыр, әрі қайталанбаған болуы абзал. Заман дамып БАҚ көздері көбейгелі, кей ақпараттың адам санасына берері аз және ойға түртіп алардай сөздері болмай жатады. Оқырманды қайталанған мақаламен қызықтыру мүмкін емес, егер ұтымды тақырып қойылғаннан кейін берерің жоқ болса, жазудың да мәні аз. Мысалы, сұхбат барысында сұрақтар дұрыс құралмаған немесе тереңінен зерттелмеген болса, онда жауаптың қаймағына жете алмайсың. Тапқыр жазылған мақала тек оқылымды болып қоймай, ұлтқа тәрбие беретін болады. Тапқыр жазылған шығарманың маңздылығы да осыда. Мен оқырман бола тұра оқыған мақаладан ой түйіндей алмайтын болсам, не пайда? Бірақ әр жазған ой тек шындық болуы керек. Белгілі бір ойды дұрыс жеткізем деп бұрмалау, ол өрескел қателік.
Бауыржан Момышұлы айтқандай «Заман – теңіз. Теңіз түбінде шабақ та жүреді, шортан да жүзеді». Бәрі бірдей шебер журналист бола бермейді. Кей журналистерде осы айтылғанның бәрі болмауы мүмкін, бірақ сол шеберлікке ұмтылуға еш кедергі жоқ!
Бекзат Болатұлы Медиакоммуникация 2 курс