Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Бір қазан сүт

Бір ауылда ашаршылық басталыпты. Ауыл басшысы ашаршылыққа қарсы бір амал тауып, шара қолданбақ болады. Ертесіне ауылдың қақ ортасына тайқазан орнатады. Сол қазанға ауыл тұрғындарына бір түнде бір кеседен сүт құюды әмір етіпті. Бар болғаны бір кесе сүт қана. Бірақ, әркім оңаша, жеке дара келіп құюын талап етіпті. Ауыл тұрғындары басшы бұйрығын жаппай орындауға кірісіп кетеді. Сол түнде-ақ ай жарығымен, қазанды толтырып тастайды.

Таңертең, ауыл басшысы келіп қазанның қақпағын ашып қараса... Сұмдық-ай! Өз көзіне өзі сенер емес. Адамдар сүт емес қазанды суға толтырып кетіпті. Сүт қайда? Неге ауыл адамдары сүт орнына су құйған? Мұнысы несі? Әсілі, оқиға былай болған еді. Қазанға сүт құюға барғандар «Үлкен тай қазанға елдің бәрі сүт құйып жатқанда оған менің бір кесе құйған суым әсер ете қоймас» деп пендешілік ойға барған еді. Осылайша, барлығы да көпшілікке арқа сүйеп, бір кесе суда тұрған ештеңе жоқ деп немқұрайлық танытқан еді. Бірақ, дәл осылай түгел ауыл адамдары ойлап, барлығы да қазанды сүтке емес, суға толтырған болатын. Бұл қиссаны түйіндей келе айтпағымыз, қоғамда болатын келеңсіздіктер әр адамның жауапкершілікті сезінбеуі немесе жағдайға немқұрайлы қарауынан келіп туындайды. Қоғамды түзеу, біреуді жөнге салудан емес әркім өзін түзеуден басталса керек. Демек, әркім міндетін толыққанды атқарса, қоғам түзелмек.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама