Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тотығу - тотықсыздану реакциялары. Ерітінділер мен балқымалардың электролизі
Тотығу - тотықсыздану реакциялары
Ерітінділер мен балқымалардың электролизі
Химия 10 - сынып
Білімділік мақсаты:
Тәрбиелік: «Тотығу дәрежесі» ұғымын, тотығу - тотықсыздану реакциясын электрон - баланс әдісін түсіндіру, электролиз туралы білімді қалыптастыру;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп - салдарлы байланыстарды табу, қорытындылай білу білім - білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау, электролизге есеп шығара білу қабілеттерін дамыту;
Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі, 10 - ЕТЖ - 1, жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу.
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ, 10 - ЕТЖ - 1.

Ұйымдастыру кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру:
№1 есеп.
Берілгені: Zn, Al, S; v (S) =0, 5 моль
Анықтау керегі.: m (S)
Шешуі:

Zn + S = ZnS
m(S) = v*M =16г

13, 5г x
2Al + 3S = Al2S3
2*27г/м 3*32г/м
m(S) = 13, 5г*3*32г/м: 2*27 Г/м=24 грамм
Жауап: 40 грамм.

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды
шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
Жаңа сабақ түсіндіру:
Валенттік электрондары электртерістігі кіші атомдардан электртерістігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу - тотықсыздану реакциялары деп аталады.
Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады. Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыштар болып табылады.
Ионды қосылыстардағы ион заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шарты заряды тотығу дәрежесі деп аталады.
Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.
Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді.

Атырау облысы, Атырау қаласы,
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
биология және химия пәні оқытушысы
Назарова Шынар Талғатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама